Арр Store тіркеу жазбасымен басқару
Арр Store-дағы кез келген программаны жүктеу үшін Apple ID-ді көрсетіп кету керек. Егер сіз алдында Apple-дан iTunes немесе iOS Арр Store магазиндерінен бірдене сатып алсаңыз, онда бұрынғы Apple ID туралы төлем ақпаратын қоса аласыз немесе жаңасын құра аласыз. Жаңа Apple ID-ді жасаудың жалғыз талабы - бұл байланыс және тексеру үшін қолданылатын электронды поштаның бірегей адресі.
Тіркеу жазбасымен басқару процессін бастау үшін терезенің оң жағындағы Quick Links бөлімінде Кіру (Sign In) сілтемесін шерту керек немесе мәзірлер қатарынан Дүкен > Кіру (Store > Sign In) командасын таңдау керек.
Арр Storе кірісінің диалогты терезесі шығады. Егер сізде Apple ID болса, онда оны енгізіңіз. Егер сізде әлі идентификатор болмаса немесе сіз тек сатып алу үшін жаңасын құрғыңыз келсе, онда қазір Apple ID (Create Apple ID) түймесін шертіңіз.
Сіздің Apple ID күйіне байланысты келесі нұсқалар болуы мүмкін.
► Программаны орнатуға сіздің Apple Id дайын. Егер сіздің Apple ID алдында Apple дүкендерінде сатып алу үшін қолданылған болса, онда ол Арр Store-да сатып алу үшін де дайын. Егер ол солай болса, онда ешқандай терезе ашылмайтын болады. Сіз Арр Store-ға кірген кезде, Quick Links бөлімінің бірінші қатарында Welcome (Қош келдіңіз) және сіздің атыңыз шығады. Сонымен қатар, сіз Арр Store-ға кіргеніңізге көз жеткізу үшін Дүкен (Store) мәзірін ашуға болады. Осы мәзірде дүкеннен шығу командасы бар екеніне назар аударыңыз.
► Apple ID сіздің ақпаратыңызды тексеру немесе жаңарту керек. Бұл жағдайда сізге сіздің тіркеу жазбаңыздың мәліметтерін тексеру ұсынылады. Алдымен Арр Store-ды қолдану бойынша күйлер мен шарттарды қабылдау керек, одан кейін электронды поштаның адресін, кілт сөзді, жасырын сұрақты және жауапты көрсету керек. Программаларды сатып алу үшін қазіргі төлемақы картасының мәліметтерін және есептер қойылатын адресті енгізу керек. Бұрынғы Apple ID-ді қолдану кезінде егер сіз тек тегін программаларды орнатқыңыз келсе төлем ақы картасы туралы ақпаратты әрқашан енгізуіңіз керек. Егер тек тегін программаларды орнату үшін қолданылатын Apple ID-ні құру үшін Арр Store-да жаңа Apple ID құру керек. Тіркеу жазбасын жаңартуды аяқтай отырып, программаларға ие болу үшін немесе орнату үшін қайтадан Арр Store-ға кіру керек болады.
►Сіз жаңа Apple ID құрасыз. Егер сізде Apple ID әлі жоқ болса немесе сіз тек сатып алу үшін жаңасын құрғыңыз келсе, онда оны сіз толығымен Арр Store-дан жасай аласыз. Ол үшін Create Apple ID Now (Apple ID құру) пернесін басыңыз және Арр Store интернет-дүкенінің барлық күйлері мен шарттарын қабылдаңыз. Ары қарай Apple ID-дің жаңа идентификаторы болатын электронды поштаның адресін көрсету керек. Одан кейін төлеу әдісін көрсету керек. Егер тек тегін программаларды орнату үшін қолданылатын Apple ID-ді құру керек болса, онда төлеу тәсілі ретінде None (Жоқ) таңдау керек. Бірақ бұл нұсқа шығу үшін, Apple ID құру процессін тегін программаны орнату мүмкіндігінен бастау керек. Демек, сізге None (Жоқ) нұсқасы шығу үшін Apple ID құрудың ағымдағы процессін тоқтату керек және оны қайта қосу керек. Жаңа Apple ID-ді құру кезінде берілген электронды поштаның адресін тексеру орындалады. Арр Store жүйесі осы адрес бойынша бекіту хатын жібереді; өзінің электронды пошта адресін енгізетін және өзінің тіркеу жазбаларын бекітетін веб-парақ ашу үшін хаттағы сілтемені басу керек.
Apple ID тіркеу жазбасына кез келген уақытта өзгерістер енгізуге болады. Ол үшін Арр Store программасында Quick Links (Жылдам сілтемелер) бөлімінен Account (Тіркеу жазбасы) сілтемесін шерту керек немесе мәзірлер қатарынан Дүкен > өзімнің тіркеу жазбамды қарау (Store > View My Account) командасын таңдау керек. Тіркеу жазбалары туралы ақпарат (Account Information) парағында Apple ID идентификаторын, төлеу ақпаратын өзгертуге болады және басқа елді немесе ауданды таңдауға болады. Тек осы терезеде жалған атты (nickname) құруға немесе өзгертуге болады. Арр Store жалған аты Арр Store-ға жаза алатын бейнелерде өзіңіздің жеке идентификаторын жасыру үшін қолданылады.
Дата добавления: 2015-09-29; просмотров: 934;