Де Бройль гипотезасы

Алдыңғы дәрістерден кейбір оптикалық құбылыстардан жарықтың әрі толқындық, әрі корпускулалық қасиеттері болатындығын білеміз.

Француз физигі Луи де-Бройль (1924 ж.) жарық қасиеттерінің екі жақтылығы электронға да тән деген гипотеза ұсынды. Оның пікірінше электронның қозғалысымен бір толқындық процесс байланысты. Бұл қозғалыс толқын ұзындығы мен электрон импульсі арасындағы байланысты, егер электронның жылдамдығы жарықтың жылдамдығынан аз болса, 8-дәрістегі (13)-теңдік ұқсас теңдікпен өрнектеуге болады; егер электронның массасы т, жылдамдығы болса, онда оның импульсі болса, онда де-Бройльше

бұдан . (1)

Осы (1)-өрнек де-Бройль формуласы деп аталады.

Егер электрон үдетуші электр өрісінде қозғалса, оның кинетикалық энергиясы мынаған тең:

мұндағы: – үдетуші потенциал. Осы өрнектен жылдамдықты тауып, оны (1)-өрнекке қоямыз, сонда де-Бройль формуласы мына түрде жазылады:

. (2)

Егер =102 В болса, сонда (2)-өрнек бойынша =1,2Å. Бұл мысалдан электрон шапшаң қозғалған жағдайда де-Бройль толқынының ұзындығы кристалдардың атомдық жазықтықтарының арақашықтығымен шамалас екендігі көрініп тұр. Олай болса, кристалдық тор де-Бройль толқындары үшін дифракциялық тор қызметін атқара алады.








Дата добавления: 2015-09-18; просмотров: 12447;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.003 сек.