Бор постулаттары.
Атомның ядролық моделi α-бөлшектердiң жұқа алтын фольгадан шашырауын дұрыс түсiндiргенiмен екiншi жағынан басқа қиындыққа жолықты. Бұл бағыттағы зерттеулер барысында алғашқы елерлiктей табысқа дат ғалымы Нильс Бор жеттi. Ол классикалық физиканың атомдық жүйеге қатысты барлық көзқарастарын қайта қарай келiп, оның атомдарға қатысты жаңа тәжiрибелiк деректердi түсiндiруде дәрменсiз екенiне көзi жеттi. Бұл жерде классикалық физика ұғымдарының ауқымынан тысқары шығу қажет болатын. Нильс Бор 1913 ж. солай жасады да, ол атомның жарықты шығар-уы мен жұтуы жөнiндегi өзiнiң түсiнiгiн екi постулат түрiнде тұжырымдады :
1. Атомдар тек стационарлық күйлер деп аталатын қандай да бiр күйлерде ғана бола алады. Бұл күйдегi электрондар ядроны айнала үдей қозғалғанымен өзiнен сәуле шығармайды.
2. Сәуле шығару немесе жұту тек бiр стационарлық күйден екiншi стационарлық күйге өткен кезде ғана болады. Ал шығарылған немесе жұтылған сәуленiң жиiлiгi мына шарттан анықталады:
, (5)
мұндағы және – осы стационар күйлердiң энергиялары, ал h – Планк тұрақтысы. Бұл өрнек Бордың жиіліктер шарты немесе жиіліктер ережесі деп аталады.
Дата добавления: 2015-09-18; просмотров: 7002;