Тақырып. «Тұрақты даму» түсінігінің анықтамасы және Тұрақты даму концепциясын орындаудағы экологияның рөлі. 2 страница
2) тұщы су — ағынсыз су (көл, тоған) және ағынды су (өзен, бұлақ, жылға), батпақтар мен батпақты ормандар экожүйелері;
3) теңіз экожүйелері — теңіздер мен ашық мұхит.
Тақырып. Экологиялық факторлар және оларды жіктеу. Минимум және толеранттылық заңдары. Популяция туралы түсінік және оның сипаттамасы.
Жоспар:
1. Экологиялық факторлар.
2. Экологиялық факторларды жіктеу.
3. Минимум заңы.
4. Толеранттылық заңы.
5. Популяция туралы түсінік және оның сипаттамасы.
Жанды ағзалардың тіршілік ортасы ондағы экологиялық факторлармен айқындалады.
Негізінен экологиялық факторлар келесі үш түрге бөлінеді, олар:
• абиотикалық;
• биотикалық;
• антропогендік.
Абиотикалық факторлар дегеніміз жансыз табиғат факторлары болып табылады, мысалға, климаттық: күн сәулесі, температура, ылғалдық; жергілікті: рельеф, топырақтың ерекшелігі, сортаңдығы, жел, су ағыны, радиация және т.б.
Биотикалық факторлар дегеніміз жанды ағзалардың бір біріне әсері, (мысалы: жәндіктердің өсімдікті тозаңдатуы, бәсекелестік, жыртқыш аңдардың басқаларды ұстап жеуі) және қоршаған ортаға әсері, яғни бұнда қоршаған органикалық әлем – әрбір жанды тірлік иесін қоршаған ортаның бір бөлігі болып табылады. Сөйтіп, әрбір ағза тұрақты түрде басқалар тарапынан келетін әсерді сезініп тұратын болады.
Антропогендік факторлар дегеніміз адамзат қоғамының әрекетінен пайда болған табиғаттағы өзгерісті айтады. Антропогендік әрекеттен Жер шарындағы барлық тіршілікке туындаған қысым түрлері шапшаң жылдамдықпен өсе түсуде. Бүгінгі таңда барлық экологиялық жүйе адамның қолында және оның экологиялық сауаты мен мәдениетіне тікелей тәуелді болып отыр. Ағзалардың ортадағы кері байланыс арқылы кез келген фактор өзгерісіне қайтаратын жауабы арнайы заңдылықтарға бағынады.
Олардың бастысы толеранттылық заңы (немесе оптимум заңы). Бұл заң бойынша ағзаның өсіп көркеюі белгілі экологиялық факторлардың максимум және минимум аймақтарына тәуелді. Бұлардың ортасында оптимум аймағы орналасқан. Әрбір түр өз толеранттылығымен, яғнифакторлардың оптималдан ауытқуына төзімділігімен ерекшеленеді.
Минимум заңы (Ю.Либихтің) бойынша ағзаның өміршеңдігі оның экологиялық қажеттігіндегі тізбектің ең әлсіз бөлігіменанықталады. Либих айқындағаны бойынша егіс шығымын шектеуші ретінде оның көп мөлшерде қажет ететін қоректік заттары (мыс., су, көмірқышқылы) емес, олар аз мөлшерде қажет ететін (мыс., бор, цинк) секілді тыңайтқыш заттар ерекше маңызды болмақ. Осылайша, шектеуші фактор дегеніміз әлдебір процес жүрілуі үшін арналған ең төменгі деңгей деген сөз.
Популяция дегеніміз белгілі аймақтағы түрдің саны болып табылады. Мыс., көлшіктегі балық түрінің барлық саны, немесе ормандағы ағаштың бір түрінің барлық саны сондағы популяцияны құрайды. Популяция саны оның басты сипаттамасы болады. Алайда, күнделік қолданысқа қолайлысы популяцияның кеңістік бірлігіндегі тығыздығы болып есептеледі. Мыс., бір квадрат метрдегі бидай саны. Жасы, немесе жынысы әртүрлі болса оларды өзара салыстырған қатынасы популяцияның құрамын сипаттайды. Құрам дегеніміз кез келген жүйедегі бөлшектердің ара қатынасы болып келеді. Популяцияның ішкі ұқсастығы, оның ортадағы таралымын айқындап көрсететін сипаттама болып табылады. Таралымның үш түрі болады: a –кездейсоқ, яғниберекетсіз таралым, b - біркелкі және с - шоғырланған таралым – бұнда жекелеген түрлер топтаса тіршілік етеді.
Біздің ғаламшарымызда тірі ағзалар жағдайларының өзгешелігімен тым ерекшеленетін төрт негізгі мекен ету орта-ларын игерді. Су тіршілік алғаш рет пайда болып, таралған ең бастапқы орта болды. Бүдан өрі тірі ағзалар жер беті мен ауа ортасына билік қүрды, топырақ жасап, оған қоныс тепті. Тіршіліктің төртінші ерекше ортасы тірі ағзалардың өзі болды, олардың әркайсысы оған қоныстанған паразиттер мен симбиондар үшін түтас дүниені білдірді-
Ағзалардың ортаға икемделуі бейімделу (адаптация) деп аталады. Бейімделуге қабілеттілік- тіршіліктің непзп қасиет-терінің бірі болып табылады, өйткені ол оның тіршшік етушщ мүмкіндігін, ағзалардың тірі қалуы мен көбеюінщ мүмюн-діктерін қамтамасыз етеді. Бейімделулер түрлі деңгеилерде көрінеді: жасушалардың биохимиясы мен жеке ағзалардың іс-қылықтарынан топтар мен экологиялық жүйелердщ қүры-лып, жүмыс істеуіне дейін. Бейімделулер түрлер эволю-циясының даму барысында пайда болып, өзгеріп отырады.
Ортаның ағзаға өсер ететін жеке қасиеттері немесе элеменггері экологиялық факторлардеп аталады. Орта факгорлары сан алуан. Олар тірі заттар үшін қажетгі немесе керісінше, зиянды болуы, тіршілік ету мен көбеюге жөр-деңцесуі немесе кедергі келтіруі мүмкін. Экологикалық факторлардың табиғаты мен өзіндік өсері өр түрлі. Ьүл фактарлорға тірі организм өзінің бейімделгіштік қабшетшен жауап береді. Кез келген тірі организмге өсер ететін ортаның экологиялық факторлары, негізінен, абиотикалық жөне био-тикалық болып екіге бөлінеді.
Биотикалық факторлар- бұл тірі затгардың бір-бірше өсер ету ықпалы. Әрбір ағза үнемі өзінде басқа тіршілік иелерінің тікелей немесе жанама әсерін сезінеді, өз түрінің жөне басқа түрлердің өкілдерімен - өсімдікгермен, жануарлармен, миркоағзалармен байланысқа түседі, оларға тәуелді болып, өзі де оларға әсерін тигізеді. Қоршаған органикалық дүние - өрбір тірі затгың ортасының қүрамдас бөліп.
Ағзалардың (организмдердің) өзара байланыстары биоценоз бен популяцияның тіршілік ету негіздері; оларды синэкология саласы қарастырады.
Адамзат тарихының барысында алдымен аң аулаудың, содан кейін ауыл шаруашылығының, өндірістің, көліктің дамуы біздің ғаламшарымыздың таби-ғатына шүғыл өзгерістер әкелді. Жердің бүкіл тіршіліктер өлемінде антропогенді өсер ету күрт өсіп келеді.
Адам тірі табиғатқа абиотикалық факторлар мен түр-лердің биотикалық байланыстарын өзгерту арқылы өсер етсе де, ғаламшардағы адамдардың өрекеттілігін жіктестіру аясына сыймайтын ерекше күшке бөлген жөн. Қазіргі кезде Жердің тіршілік қабатының жөне ағзалардың барлық түрлерініқ тағдыры адамзат қоғамының қолында, табиғатқа антропогенді өсер етуге байланысты болып тұр.
Ортаның экологиялық факторлары тірі ағзаларға түрлі-ше есер етеді, яғни физиологиялық жене биохимиялық қызметтердің икемделу өзгерістерін тудыратын тітіркенушілер сяиқты; берілген жағдайларда тіршілік ету мүмкін еместігімен себептелген шектеушілер сияқты; ағзалардың анатомиялық жөне морфологиялық өзгерістерін тудыратын модификатор-лар сияқты; ортаның басқа факторларының өзгерісі туралы мөлімет беретін белгілер сияқты өсер ете алады.
Экологиялық факторлардыңаса сан алуандығына қара-мастан олардың ағзаларға тигізетін әсерінің сипатында және тірі заттардың жауап қатушы реакцияларынан бірқатар жалпы заңдылықтардышығаруға болады.
1. Оптимум заңы.Әрбір факторда ағзаға жағымды өсер етудің тек белгілі бір шектеулері бар. Ауыспалы фактордың әрекетінің нөтижесі ең алдымен оның айқындалу күшіне байланысты. Фактордың жеткіліксіз сияқты, артық өре-кеттілігі де дарақтардың тіршілік өрекеттіліктеріне жағымсыз есер етеді. Әсер етудің жағымды күші экологиялық фак-тордың оптимум белдемі немесе берілген түрдің ағзалары үшін жай оптимум деп аталады. Оптимумнан ауытқу негүр-лым күшті болса, берілген фактордың ағзаларды жою өрекеті соғүрлым айқын (пессимум белдемі). Фактордың ен, аз жөне ең көп ауыспалы мәндері - бұл шегінен шыққанда тіршілік ету мүмкін емес, өлім туындайтын дағдарыс нысандары. Дағдарыс нысандарының арасындағы төзімділік шегін орта-ның нақты факторына қатысты тірі заттардың экологиялық валенттілігідеп атайды. Түрлі түрлердің екілдері бір-бірінен оптимум жағдайы бойынша қалай ерекшеленсе, экологиялық валенттілігі бойынша солай ерекшеленеді. Фактор көрінісінің сол бір гана күші бір түр үшін қолайлы болса, екіншісі үшін егокар, үшіншісі үшін төзімділік шегінен шығуы мүмкін.
Ортаның абиотикалық факторлары бойынша түрдің кең экологиялық ваченттілігін фактор атына "эври" қосымшасын жалғау арқылы белгілейді. Эвритермді түрлер - температура-ның едөуір ауытқуларына төзімді, эврибатты түрлер - қы-сымның кең өрісіне, эвригалинді түрлер - ортаның сортаң-дануының түрлі деңгейіне төзімді. Факторлардың едөуір ауыт-қуларына төзуге қабілетсіз немесе тар экологиялық ва-ленттілік "стено" қосымшасымен сипатталады - стенотермді, стенобатты, стеногалинді түрлер жөне т.б. Сөздің кеңірек мағынасында тіршілік етуі үшін нақты анықталған эколо-гиялық жағдайлар қажетті түрлерді стенобатты, ал түрлі экологиялық жағдайларға икемделуге қабілетті түрлерді эври-батты деп атайды.
2. Фактордың түрлі функцияларға әсерінің көп мағыналылығы.Әр фактор агзаның әр түрлі функциясына түрліше әсер етеді. Бір үрдістер үшін оптитмум басқа біреулер үшін пессимум болып табылуы мүмкін. Көптеген балықтар үшін жыныстық өнімдерінің пісіп-жетілуіне қолайлы су темпе-ратурасы басқа температуралық аралықта өтетін уылдырық шашу үшін қолайсыз. Белгілі бір кезеңдерде ағза қандай да бір функцияларды (қоректену, өсу, көбею, таралу және т.б.) басымдылықпен жүзеге асыратын тіршілік циклі әрқашан да орта факторларының кешенінің мезгічдік өзгерістерімен сөй-кес келеді. Соңдай-ақ еті тірі ағзалар өзінің барлық тіршілік функцияларын табысты жүзеге асыру үшін тіршілік ету ортасын ауыстыра алады.
3. Түрдің жекелеген дарақтарындағы (особтеріндегі) орта факторларының әсерлеріне жауап беру реакцияларыныңқұбылмалылығы, өзгергіштігі және әр алуандығы.Жеке индивидуум-дардың төзімділік дөрежесі, дағдарысты нысандары, қолайлы жөне енжар белдемдері сәйкес келмейді. Бұл өзгергіштік дарақтардың тұқым қуалау ерекшеліктері сияқты да, жыныс-тық, жастық жене физиологиялық айырмашылықтарымен де анықталады. Мысалы, диірмен от көбелегін алсак, (үн мен астық өнімдерінің зиянкестерінің бірі), көбелек қүрты үшін ең қауіпті төмен температура -7°С, олардың үлкендеу түр-лері үшін -22° С, ал жүмыртқалары үшін -2Т С. -10°С-тық аяз көбелек қүртын қүртады, алайда осы температуралық жағдай зиянкестің имагосы мен жүмыртқасына қауіп төндірмейді. Демек, түрдің экологиялық валенттілігі әрбір жеке дарақтың экологиялық валенттілігінен әрдайым жоғары.
4.Ортаның әрбір факторына түрлербіршама тәуелсіз жолмен икемделеді.Қандай да бір факторға төзімділік деңгейі түрдің қалған факторлар бойынша экологиялық валенттілігіне сәйкестігін білдірмейді. Мысалы, температураның көп өзгерісіне төзімді түрлердің сондай-ақ ылғалдылықтың немесе сортандану режимінің үлкен ауытқуларына бейімділігінің болуы міндетті емес. Эвритермді түрлер стеногалинді, стенобатты немесе керісінше болуы мүмкін. Түрлі факторларға қатысты түрлердің экологиялық валенттілігі өте сан алуан болуы мүмкін. Бұл табиғатта бейімделулердің өте көп әр алуандығын тудырады. Ортаның түрлі факторларына қатысты экологиялық валенттіліктер жиынтығы түрдің экологиялық спектрінқүрайды.
5. Жекелеген түрлердің экологиялық спектрінің сәйкессіздігі.Әр түр өзінің экологиялық мүмкіндіктері бойынша ерекшеленеді. Ортаға бейімделу төсілі бойынша жақын түрлердің өзінде де қандай да бір жеке факторларға қатысты айырмашылықтары бар.
Түрлердің экологиялық даралығының ережелерін орыс ботанигі Л.Г.Раменский (1924) өсімдікгерге сәйкес қалып-тастырды, ал содан кейін мүны зоологиялық зерттеушілер толығынан мақүлдады.
6. Факторлардың езара өрекеттестігі.Қолайлы белдем мен агзалардың ортаның қандай да бір факторына қатысты тезімділік шегі басқа факторлардың бір мезетте қандай күшпен жөне қандай үйлесімділікте өрекет жасауына байла-нысты бір-бірімен араласып кетуі мүмкін. Бұл заңдылық факторлардың өзара өрекеттестігі деп аталады. Мысалы, ыстыққа ылғал емес, қүрғақ ауада төзу оңай. Осылайша, бір фактор басқалармен үйлесе отырып бірдей емес экологиялық өсер береді. Керісінше, сол бір ғана экологиялық нөтижеге түрлі жолдармен қол жеткізілуі мүмкін. Мысалы, өсімдік-тердің солуын топырақта ылғалды көбейту арқылы да, булануды азайтатын ауа температурасын төмендетумен де тоқтатуга болады. Факторлардың ішінара өзара орын басшылық өсері туындайды.
Егер экологиялық факторлардың тым болмаса біпеүі ауытқымалы шамалардың шегіне жақын келсе немесе олан шығып кетсе, овда басқа жағдайлардың қолайлы үйле сімдшіпне қарамастан дарақтарға жойылу қаупі төнеді Опти мумнан тым ауытқитын мұндай факторлар түрдің немесе оның жеке өкіддерінің тіршілігінде өрбір нақты уақыт бшгі гінде аса жоғары мөнге ие болады.
Либих заңы (минимум заңы) – «өнім (уражай) шығымдылығын аз мөлшердегі (минимумдағы) зат реттеп отырады» және Шелфорд заңы (төзімділік заңы) – «кез келген ағзаның кез келген экологиялық факторға жоғарғы және төменгі тұрақтылық шекарасы бар» - экологияның негізге алынатын басты заңдары болып табылады.
Тірі ағзаға әсер ететін ортаның элементтерін экологиялың факторлар деп атайды. Экологиялық фактор дегеніміз — ағза бейімделушілік реакциялар, не адаптациялар арқылы жауап беретін қоршаған ортаның кез келген элементі немесе жағдайы.
Экологиялық факторлардың жіктелуі:
Абиотикалық факторлар - бұл тірі ағзаға әсер ететін қоршаған орта жағдайларының комплексі (температура, қысым, радиацияльқ фон, ылғалдылық, атмосфераның, теңіз және тұщы судың, топырақтың құрамы және тб.)
Биотикалық факторлар — бұл бір ағзалардың тіршілік әрекетінің басқаларына тигізетін әсер! (бәсекелестік, жыртқыштық, паразитизм және т.б.)
Антропогенді факторлар адам қызметінің қор-шаған ортаға тигізетін әсерінің жиынтығы (зиянды затгардың атмосфераға шығарылуы, тонырақ қабатьшың бүзылуы, табиш ландшафттардың бұзылуы және т.б.). Берілген жіктелу шартты болып табылады. Себебі, температураны абиотикалық фактор ретінде қарастырсақ, ол тірі ағзалардың әрекетіне байланысты жиі өзгеріп отырады. Мысалы, ауаның температурасы +13°С-дан төмен-деген кезде бал араларының қозғалыстық белсенділігі артады, ал бұл ұядағы тёмііератураны 25—30°С-ға дейін көтереді. Жогарыда келтірілген жіктеулерден басқа ағзалардың қоршаған орта факторларының әсеріне бейімдеушілік дәрежесін бағалауға негізделген (А.С. Мончадский) жіктелуі бар. Бұл жіктелу бойынша барлық эколо-гиялық факторлар үш тонка бөлінеді (4-сурет). Ең алдымен тірі ағзаларда периодты факторларға бейімделуі пайда болады. Мысалы, Жер шарының тікелей өз өсінен және Күнді айналуы немесе Ай фазаларының ауысуы.
Аталған факторлардың түраңты түрде қайталану циклдері Жердегі тіршілікке дейін де болған, сон-дыңтан да ағзалардың бұл бірінші ретті иериодты факторларға бейімделуі олардың тұқым қуалау не-гізінде ертеден ңалыптасңан. Температура, жарық, толысуы мен қайту факторлары көптеген мекен ету орталарында ерекше орын а лады. Тек ең терең мүхит түбінде абиссаль зонасында бұл бірінші ретті факторлардың өзгерісі болмашы ғана. Тәжірибелік зерттеулер жургізгенде тұрақты температура немесе жарықта зертханадағы жануарлардың мінез-құлқы табиш жағдайлардан өзгеше болатынын есепке алу қажет.
Екінші ретті иериодтың факторлардың өзгеруі бірінші ретті факторлардың өзгеруінің нәтижесі болып табылады. Мысалы, ауаның ылғалдылығы — температураға тәуелді екінші ретті фактор. Су ортасы үшін еріген оттегінің, еріген тұздар-дың мөлшері, лайлану дәрежесі, агыстың ағу жылдамдығы және т.б. екінші ретті периодты факторлар болып табылғанымен, олардың бірінші ретті периодтық факторларға тәуелділігі әлсіз. Ағзалардың екінші ретті периодтық факторларға бейімделгеніне көп уақыт болған жоқ, сондықтан олардың бейімделуі анық көрінбейді. Әдетте, екінші ретті периодты факторлар түрлердің белгілі бір ареалдар ішіндегі санына әсер еткенімен, ареалдардың ауданына, шекарасына әсер етпейді.
Периодты емес факторлар ағза мекен ететін ортада қалыпты жагдайда болмайды. Олар кездейсок әсер ететіндіктен, ағзаларда бейімделу белгілері пайда болып үлгере алмайды. Периодты емес факторларға мысал ретінде климаттық факторларды дауылды желдер, найзағай, өрттер, сонымен қатар адамның шаруашылық қызметін айтуға болады. Иесінің паразитке тигізетін әсерін екінші ретті периодтық факторларға жатқызу керек. Себебі, паразит мекен ететін орта ретінде иесінің денесі оның қалыпты мекен ету ортасы болып табылады. Ал иесі үшін паразиттің болуы міндетті емес, бұл периодты емес фактор.
Абиотикалық факторлардың әсерінің жалпы зандылықтары:Мекен ету ортасында тірі ағзага әсер ететін экологиялық факторлардың көптүрлілігіне қарамай, олардың ағзаға әсер ету сипаты мен тірі ағзалардың жауап ретінде беретін реакциялары бойынша бірқатар жалпы заңдылықтарды көрсетуге болады. Тірі ағзаларға экологиялық фактордың әсерінің қолайлы немесе қолайсыз болуы, ең алдымен оның, әсер ету күшіне байланысты. Фактордың жетіспеуі немесе шектен тыс көп болуы ағзалардың тіршілігіне қолайсыз әсер етеді.Ағзаның тіршілігі үшін анағұрлым қолайлы болатын экологиялық фактордың интенсивтілігін оптимум деп атайды. Көптеген түрлердің гүлденуі, көбеюі үшін оптималды температуралар беріледі..
Түрлердің мекен ету ортасының факторларының қандай да бір ауытқу диапазонына бейімделуге қабілетін экологиялық валенттілік деп атайды. Экологиялық валенттілігі төмен түрлерді стенобионтты, ал төзімділігі жогары түрлер — эврибионтты (грек тілінен аударганда еври — кең) деп атайды. Стенобионттылық пен эврибионттылық ағзада өзінің тіршілігін сақтауда пайда болатын әр түрлі бейімделу типтерін сипаттайды. Мысалы, температураға қатысты эври және стенотермді ағзалар; тұздардың концентрациясына байланысты эври жөне стеногалилі; жарыққа – эври және стенофотты, тамақ түріне баиланьюты эври және стенофагты ағзаларды бөліп көрсетуге болады. Эврибионттылық түрдің кең таралуына жағдай жасайды. Көптеген қарапайымдылар, саңырауқұлақтар эврнбионттарға жатады да олар барлық мекен ету орталарында таралған. Стенобионттылық таралу ареалын шектейді.
1840 жылы Ю. Либих (1803-1873) ағзалардың төзімділігі оның экологиялық қажеттіліктерінің тізбегіндегі ең әлсіз звеносымен анықталатынын далелдеді. Ол ауыл шаруашылық дақылдарының өнімділігін аныктауда қоректік заттарға деген сұранысын зерттеуге бағытталған тәжірибелер жүргізді. Ю. Либих бидайдың өнімділігі оған көп мөлшерде қажет (СО2 , Н2О және т.б.) жеткілікті мөлшерде бар қоректік заттарға емес, оған аз мөлшерде қажет және топырақта жеткіліксіз болатын (мысалы, бор) заттарға тәуелді екенін анықтайды.
Казір Либих ережесі шектеуші факторлар заңынемесе Либихтың минимум заңыдеп аталады. Занды былай түжырымдауға болады: экологиялық факторлар жиынтығында төзімділік шегіне ең жақын фактор күшті әсер етеді.Экологиялық фактордың тек жетіспеуі (минимум) ғана емес, оның артық мөлшері де шектеуші әсер ете алады. Минимуммен қатар максимумның да шектеуші әсері туралы түсінікті дамытқан 1913 жылы Шелфорд болды. Шелфордтың толеранттылық заңы: Экологиялық фактордың минимумы ғана емес, оның максимумы да шөктеуші фактор бола алады, ал олардың арасьшдағы ауытқу диапазоны толерант тылық шамасын(латын тілінен аударғанда tolerantia - шыдау, төзім) яғни ағзаның белгілі бір факторға төзімділігін анықтайды.
Салыстырмалы түрде тұрақты жағдайда ұзақ уақыт тіршілік еткен түрлер өзінің экологиялық серпімділігін жоғалтып, қоршаған ортаға стенобионттылық қалыптасады. Ал орта факторларының айтарлықтай ауытқымалы жағдайында тіршілік еткен ағзалардың экологиялық серпімділігі жоғары болады да олар эврибионтты болады.
Тірі ағзалардың жеке дамуында, олардың қоршаған орта факторларының өзгеруіне сезімталдығы жоғары болатын кезеңдері белгілі. Мұндай кезеңдерді қауіпті кезеңдер деп атайды. Бұл кезеңдер көбіне көбею кезеңдеріне және онтогенездің бастапқы кезеңіне сай келеді. Бұл кезде қоршаған ортаның көптеген факторлары шектеуші болып табылады. Ересек крабтар мен көптеген теңіз жануарлары тұздылығы төмен немесе түщы суда да тіршілік ете алады, ал олардың дернәсілдері үшін міндетті түрде тек өте тұзды су қажет.
Негізгі абиотикалық факторларға жарық, температура және ылғалдылық жатады.
Жарық. Белгілі француз астрономы К. Фламмарион (1842-1925): «Біздің нланетамызда жүрген, қозғалған, өмір сүретін нәрселердің барлығы күннен жаралған» деді. Биосферадагы ең маңызды процесс фотосинтез тек жарықта ғана жүзеге асырылады. Жасыл өсімдіктерде (жоғары сатыдағы өсімдіктер мен балдырлар) электрондардың доноры су (оттегі) больш табылады. Сондықтан фотосинтез нәтижесінде оттегі түзіледі. Бактерияларда электрондардың доноры күкірт-гүтек (күкірт), органикалық заттар болып табылады. Тірі ағзалардың жарыққа қатынасын екі жақты қарастыруға болады: бір жағынан жарықтың тікелей жасуша протоплазмасына әсері ағзаны жойып жіберуі мүмкін, ал екінші жағынан жарық тірші-лікке қажетті энергияның бірінші ретті көзі.
Дата добавления: 2015-09-11; просмотров: 2993;