Тақырып. «Тұрақты даму» түсінігінің анықтамасы және Тұрақты даму концепциясын орындаудағы экологияның рөлі. 1 страница
Жоспар:
1. «Тұрақты даму» түсінігінің анықтамасы.
2. Тұрақты даму концепциясы.
3. Тұрақты даму концепциясын орындаудағы экологияның рөлі.
Орнықты дамудеп келер ұрпақ қажеттігін қанағаттандыру мүмкіншілі-гіне қауіп төндіріп, кедергі болмайтындай, әрі бүгінгі қажеттікке толық сай келетіндей дамысты айтады.Бұл тұжырымдаманың негізі ретінде қоршаған орта мен қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамысын өзара ешбір байланыссыз, бір-біріне ықпал-әсерсіз сала түрінде бөліп-жарып қарауға келмейтіндігі алынып қарастырылған. Бұл дүниедегі тек-қана дені сау әлеуметтік - экономикалық жағдай қалыптасқан жерде ғана қоршаған орта да сауыққан таза бола алады.
Орнықты даму тұжырымдамасы Рио-де-Жанейрода (1992 ж.) өткен БҰҰ-ның Дүниежүзілік конференциясында қабылдан-ған болатын. Бұл құжатта «тапшылығы мол, әрі қоршаған ортасы нашар дүниеде дені сау қоғам мен экономика болмайды» делінген. Алайда бұл тұжырым қоғамдағы экономикалық дамысты тежеу керек деген сөз емес, яғни дамыс «қоршаған ортаны кәзіргідей тез бүлдірмейтін басқа жолмен жүрілуі тиіс». Экономикадағы оңтайлы дамыс арқылы бүгіндегі ауа райының өзгерісі, шөлейттену тәрізді экологиялық проблемалар туындамайтындай жағдай қалыптасуы тиіс.
Тұжырымдамада келесі мақсат келтірілген:
• экологиялық білім беруді дамыту;
• әр түрлі экологиялық бірлестіктердің жұмысын жандандыру;
• қалдықсыз және аз қалдықты өндіріс пен ауылшаруашылық технологияларын дамыту;
• кедейлікпен күресу;
• тұтыныс құрылымын өзгерту;
• орнықты мекендерді дамыту және тағы басқа мәселелер қамтылған.
Келтірілген барлық мәселелер Іс әрекет бағдарламасында 4 бөлімге бөлінген. БҰҰ-ның осы конференциясында сонымен қатар Мәлімдеме және екі Тұжырымдама қабылданып, олар келесі басты мәселелерді қамтыған еді:
• ауа райының өзгерісін болдырмау;
• орман алқабын сақтау;
• биологиялық әр түрлілікті сақтау және т.б.
Осы құжаттарда алғаш рет ең жоғары деңгейде биоэкологиялық элементтің қоршаған ортаны сақтау проблемасын шешудегі міндетін айқындаған. Осы тұжырымдаманы қабылдаған БҰҰ-ның конференциясында дүниежүзі мемлекеттерінің барлығына орнықты дамыстың ұлттықтұжырымдамаларын қабылдауға үндеу жолдаған еді. Осы талапқа сай бізде ”Қазақстан Республикасының 2007-2024 жылдарға арналған орнықты дамуға көшу тұжырымдамасы” ҚР Президентінің 2006 жылғы 14 қарашадағы №216 Жарлығымен мақұлданып іске асуда.
Осы құжатта біздің республикадағы мемлекеттік экология саясатын іске асырудың басты бағыттары айқын көрсетіліп белгіленген. Бұл құжатта келтірілген іс шаралар қатарында:
• экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
• тіршілік ортасын қорғау;
• бүлінген экожүйелерді сауықтыру;
• жер жүзін қамтыған экологиялық проблемаларды шешуге ат салысу секілді ең негізгі бағыттар толық қарастырылған.
Тірлік әлемі өзін қоршаған ортадағы ауа райымен ажырамас бір жүйе құратыны жайлы Гумбольдт ілімі биогеографияның негізін қалаған еді. Бұл ғылымның арықарайғы дамысы барысында биосфераның бүгінгі анықтамасына өзіндік басқаша жолмен орыстың ұлы ғалымы В.И.Вернадский (1863-1945) келген болатын. Ол өз еңбектерінде алғаш рет әлемнің біртұтастығы жайлы ілімді келтірген болатын. Онда ол тіршілік материясы биогеохимиялық циклдар тізбегі арқылы атмосфера, гидросфера және литосферамен байланысып «өмір қабатын» құрайтыны жайлы айтып, Жер шарының осы қабатын биосфера деп атаған. В.И.Вернадский тірі зат - бүкіл Дүниедегі ең белсенді материя формасы деді. Ол өзінің тіршілік етуінің барысында Жердің үстіңгі қабатын толкіғымен жаңартып, биосферада аса зор геохимиялық жүмыстар жүргізеді.
Вернадский Владимир Иванович(1868-1945) көрнекті орыс геохимик-ғалымы, "Бцосфера" (1926) жөне "Ноосфера туралы бірнеше сөз" (1944) монографияларында баяндалған биосфера туралы ілімнің негіізін қалаушы. Тірі заттардың дене құрылыстарының бірнеше деңгейі бар екені белгілі, нақтылап айтсақ, молекулалық, жасушалық, мүшелік, ағзалық, популяцщялық, түрлік, биоценотикалық (экожүйелік) жөне ғаламдыіс, (биосфералық). Басқа биологиялық ғылымдардан айырмасы, экология тірі заттьщ дене қүрылысьгның деңгейін ағзалықтан бастап жоғары қарай зерттейді, атац айтсақ: ағзалық, популяциялық, түрлік, биоценотикалық, биосфералық.
Экология ағзаларды, популяцияларды (түрлерді), топтарды немесе биогеоценоздарды (фитоценоз, зооценоз, микробоценоз, микоценоз) эжожүйе немесе биогеоценоз деп аталатын жүйенің тірі (биотикалық) қүрамдас бөлігі ретінде қарастырады. Экожүйе (бтиогеоценоз) тірі қүрауыштардаң басқа өлі (абиотикалық) қ,,үрауыштарды да - заттары жөне энергиясы бар физикалық ортаны да қамтиды. Түрлі экожүйелер бірігіп барлық тірі ағзалар мен олар өзара өрекеттестікке түсетін барлық физикалық ортанн қамтитын биосфераны неме:се экосфераны қүрайды. Ағза, популяция, түр, топ немесе биоценоздар, эко-жүйе, биогеоценоз, биосфера, ноосфера терминдерінің эколо-гияда нақты анықтамалары бар, олар төменде келтірілген.
Физика, химия, немесе цитология тәрізді көне ғылымдарда ертеден қалыптасқан өзіндік тұғыр бірлігі бар. Мыс., физикада – атом, химияда – молекула, цитологияда – клетка және т.б. Ал, экологияда бұндай бірлік ретінде экожүйе алынады. Бұл жанды ағзалар мен олардың тіршілік ортасы құрған, мезгілі мен кеңістігі шектеулі біркелкі табиғи кешен болып табылады. Осы кешен аумағында жанды және жансыз құрам өзара зат алмасу және энергия ағымын бөлу арқылы байланысқан.
1942-жылы американың жас ғалымы Раймонд Линдеманжариялаған еңбегінде экожүйедегі энергия алмасу қағидасын ашып, онда энергия тепе-теңдігін есептеу тәсілінің негізін келтіреді. Ол алғаш рет теориялық тұрғыда бір трофикалық деңгейден екіншісіне ауысу барысында энергия мөлшері азаятындығын анықтап дәлелдеген. Бұндай ауысу кезінде екінші деңгейдегі ағзаларға алғашқы деңгейдегі энергиякөлемінің тек 10%мөлшері-ғана жететіндігін анықтаған. Осы кезден бастап экожүйе зерттеулері экология ғылымындағы басты бағытқа айналады. Одан кейінгі Вернадский ілімін жалғастырушылар биосфераны жер бетіндегі энергия мен заттарды өзгертіп отыратын жанды алып фабрика деп көрсеткен.
Бұнда биосфераны басқару шарасын тіршіліктің өзі атқарып жүргізетіні туралы жаңа ой айтылған. Яғни табиғат өзара тәуелсіз, әрі шексіз көп операциялық бірліктермен жұмыстай отырып, жүйеге қатер төндіретін кездейсоқ әсер ықпалын барынша азайту арқылы өзін өзі «реттеп отырады» деген тұжырым жасалған. Бұл жерде биосфераны тәуелсіз нарық деп қарауға болады, яғни бұнда тауар мен өндірістік технологияға бәсекелес ретінде биотехнология шыққанын келтіруге болады. Сөйтіп, миллиондаған жылдар барысында табиғат өз елегінен өткізген өте күрделі жүйелерді ырықтандырудың әмбебап қағидасына адамзат дамысы да өздігінен келіп жетуі кездейсоқтық емес деп көру керек. Бұл келтірілген биотикалық реттеу теориясы академиялық ғылыми тұрғымен қатар орнықты даму стратегиясында таңдау жасауға да тікелей байланысты. Басқаша айтқанда бұл теория басымдықтардың бұған дейін иеленіп келген орындарын ауыстырып өзгертеді деген сөз.
Егер бұған дейін әлем қауымдастығының басты бағыты қоршаған ортаны ластау әрекетімен күрес болып келген болса, енді адамзаттың өзі бүлдірген табиғи экожүйелерін қалпына келтіру және сақтау шаралары бірінші орынға шығып, негізгі басымдыққа ие болып отыр. Орнықты даму стратегиясы адамзаттың өз мұқтаждығынан-ғана шығып отырған жоқ, ол Жер бетінде тіршілік ететін барлық жан-жануарлар әлемінің тірлігін сақтап қалуды мақсат етеді. Бір кездері эколог-ғалымдардың өз зертханаларында жүргізіп келген жұмыстары қалың көпшілікке беймәлім, адам баласының күнделікті күйбің тірлігінен шексізалыста секілді болған. Сөйтіп табиғаттағы өзара жүйелі байланыс айқын белгілі болуы үшін бір ғасырға жуық уақыт қажет болды.
Ал, осы мерзім ішінде «биосфера» мен «экожүйе» терминдері күнделікті ақпарат айналымына еніп бүгінде, мысалға, субсидия, немесе приватизация тәрізді оқырман қауымға түсінікті деңгейге жетті. Алайда, бұл ғылымның даму жолы әлі де ақыр соңына дейін жете қойған жоқ. Сөйтіп адамзат баласы өзін қоршаған тіршілік ортасына тәуелді екенін толық пайымдауы мен оны бүлдіруден келетін барлық болашақ залалды біліп түсінуі екеуінің арасындағы қашықтық өлшеусіз ұзақ уақытқа созылады деуге болады. Алайда, бұл қашықтықты қалайда тез жүріп өту қажет.
Тақырып. Экологияның бөлімдері: аутэкология, демэкология, синэкология, ғаламдық экология. Ағза және оның тіршілік ету жағдайлары.
Жоспар:
1. Экологияның бөлімдері.
2. Аутэкология.
3. Демэкология.
4. Синэкология.
5. Ғаламдық экология.
6. Ағза және оның тіршілік ету жағдайлары.
Экология дамысының әр сатысында осы ғылымның белгілі бір бөлімі пайда болған:
1) аутэкология (гректің «аутос» – өзі, бір өзі) – ағзаның қоршаған ортамен ара қатынасы туралы ғылым;
2) демэкология (гректің «демос» – көпшілік) – популяция және олардың өзара байланысы туралы ғылым;
3) синэкология (гректің «син» – бірге) – топтар экологиясы мен экожүйелер туралы ғылым. Бүгінгі экологияда осы үш бағыт бірдей даму үстінде және олар өзара тығыз байланыста.
АУТЭКОЛОГИЯ – экологияның бұл бөлігінде жекелеген ағза мен популяцияға сыртқы ортадан келетін әртүрлі факторлардың ықпалын зерттейді. Кез келген ағза мәңгі емес, сондықтан ерте ме, кеш пе әйтеубір өледі, бірақ 4 млрд. жылдан бері келе жатқан өмір жалғаса береді. Тіршілік ұйымының бірінші деңгейі осы ағзаларды қамтыйды, яғни ағзадан тысқары жерде тіршілік те болмайды.
АҒЗА дегеніміз жанды зат және оны жансыз дүниеден ажыратып тұратын өзіндік айрықша қасиеттері бар. Ағзалардың көпшілігі клеткалық құрылымда болады. Күрделенудеңгейі әртүрлі болуына байланысты олар бір клеткалы бактериядан бастап зәулім ағаштар мен алып пілдерге, немесе киттерге дейінгі ауқымды қамтиды. Кез келген ағза өзін қоршаған ортамен тығыз байланыса отырып, өз тіршілігін энергия мен зат алмасу заңдылығы арқылы сақтап тұрады.
ДЕМЭКОЛОГИЯ – экологияның бұл бөлігінде популяция ішіндегі және популяция мен орта арасындағы тура және кері байланыстарды зерттейді. Бұл тіршілік ұйымының екінші деңгейі, басқаша айтқанда популяциялық-түрлік деңгейді қамтиды. Кез келген ағзаны қандай бір түрдің өкілі деп көру керек. Түрлер жекелеген популяцияға бөлінеді, ал олар белгілі бір аймақтағы осы түрдің сандық мөлшерін айқындайды. Популяция мүшелері бірге тіршілік ететін көршілер, олар өсіп-өнуде, ортақ қорды пайдалануда, жыртқыштардан қорғануда бір-бірімен тығыз байланыста болады. Популяция саны сыртқы жағдай мен оның ішкі байланыстарына тәуелді болып келеді. Көршілес популяциялар мезгілдік көшіп қону, тұқым шашу, аймаққа қоныстану барысында өзара қатынасады. Бұндай қатынастар кей түрде тұрақты жүрілетін болса, басқа біреулерінде ара-тұра кездеседі. Популяция өз санын өзі реттейтін қасиетке ие. Популяцияның басты көрсеткіштері:
1. Саны – олардың сол аймақтағы саны;
2. Тығыздығы – аудан бірлігіне тиесілі олардың үлес саны;
3. Тууы – белгіленген мерзім ішінде туған ұрпақ саны;
4. Өлімі – белгіленген мерзімде популяция ішіндегі өлім саны;
5. Өсімі – популяция ішіндегі туу мен өлім-жітім аралығындағы айырмашылық.
СИНЭКОЛОГИЯ – экологияның бұл бөлігінде ағза топтарын (биоценоздарды) зерттейді. Жанды табиғатта популяцияның бір түрі басқа бір түрінің мықты ықпалында болады. Бүкіл органикалық әлем биоценоздан құралады, яғни ортақ жер аумағында бірлесе тіршілік құратын түрлер популяциясының тобы болып табылады. Бұл тіршілік ұйымының үшінші деңгейі, басқаша айтқанда биоценоздық деңгейі.
Бұнда түрлер арасындағы байланыс дегеніміз ең алдымен жейтін тамаққа, ортаның өзгеруіне, бір біріне тіршілік жағдайын туғызуына, қорларды бөлісуіне қатысты болып келеді. Түрлердің бәрі бірдей бірлесе тіршілік ете бермейді. Сөйтіп, тірі табиғат құрамында жекелеген ағзалар мен түрлерге қоса басқа да әр түрлі биоценоздар, яғни көптеген түрлер топтасқан болып келеді.
Биоценоз да популяция секілді тіршілік ұйымының ағзадан жоғары тұрған деңгейі болып табылады. Биоценоздың тіршілігі ортаның белгілі жағдайында жүріледі және биотоп деп аталатын белгілі бір кеңістікпен шектеледі. Биоценоз бен биотоп екеуі бірігіп биогеоценоз деп аталатын жүйені құрады. Бұнысы жер бетінің белгілі бір аумағында өзара энергия мен зат алмасу арқылы қатынасатын біркелкі табиғи құбылыстар жиынтығы деген сөз. Түрлердің тіршілік ету жағдайы әртүрлі болып келеді және тіршілік ортасы қайда болуына байланысты оларға экологиялық факторлардың әртүрлі кешені ықпал етеді. Жер шарында тіршіліктің басты бірнеше ортасын бөліп қарауға болады және оларда тіршілік жағдайы бір-бірінен мүлде өзгеше болады. Олар: судағы, топырақтағы және құрлық пен ауада қосарланған тіршілік орталары. Бұлармен қатар ағзаның өзі де басқа бірінің тіршілік ортасы ретінде болады.
Аут(о)экология— жеке ағзаның тіршілік ету ортасымен өзара қарым-қатынасын зерттейтін экологая бөлімі. Аутэкологияның (грек. аиіоз - өзім) мақсаты - дарақ-тардың (ағзаның) тіршілік етуінің шегін жөне физикалық-химиялық факторлардың ағза олардың мағынасының барлық көлемінен тандап алатын шектеулерін нақтылау болып табылады. Орта факторларының өсеріне ағзалардың реакция-сын зерттеу осы шектеулерді ғана емес, берілген түрлерге төн физиологиялық, сондай-ақ морфологаялық өзгерістерді шы-ғаруға мүмкіндік береді.
Дара организмдер экологиясы – аутэкология: Дара организмдер экологиясы – аутэкология. Биологиялық жүйелердің ұйымдастырылу деңгейлері. Организм жəне оның тіршілік ету жаұдайлары. Экологиялық факторлар жəне олардың классификациясы. Антропогендік фактордың əсерінің өзіндік ерекшеліктері. Ю. Либихтың минимум заңы. В.Шелофордтың толеранттық заңы. Толеранттық диапазоныБиологиялық жүйе ретінде аутэкология жекеленген тірі ағзаны — жануар, өсімдік немесе микроорганизм, оның қоршаған ортамен өзара қарым-қатынасын зерттейді.Қоршаған ортаға адамнан тәуелсіз Жерде пайда болған, яғни оған мұраға өткен табиғи орта мен адам қолымен жасалған техногенді орта кіреді.Қоршаған ортаға бұл ағзаны қоршап жатқан, оның күйі мен тіршілік қызметіне тікелей не жанама әсер ететін нәрсенің барлығы жатады.
Осылайша аутэкология дарақтардың сыртқы ортамен өзара қарым-қатынасын зерттейді. Осы қатынастардың негізінде ағзаның ортаның өсерлеріне морфофизиологиялық реакциялары жатыр. Кез келген экологиялық зерттеу осы реакцияларды зерттеуден басталады. Алайда аутэкология дарақтардың емес, түрлердің экологиясын зерттейді деген жаңсақ пікір бар. "Аутэкология" терминін 1896 жылы Шретер нақты жеке түрлер экологиясын белгілеу үшін енгізгенін айта кету керек.
Дарақтар экологиясын зерттеуде негізгі назар биохи-миялық реакцияларға, газ алмасу қаркындылығына, судың алмасуына жөне ағзаның күйін анықтайтын басқа да физио-логиялық үрдістерге аударылады. Бұл зерттеулерді жүргізгенде салыстырмалы-экологиялық және экологиялық-геогра-фиялық әдістер кеңінен қолданыладЫ, тіршіліктің түрлі кезеңдерінде ағзаның сыртқы өсерлерге деген қалпы мен реакциясы салыстырылады (төуліктік, м«згідцік белсенділік) . Аутэкологиялық зерттеулерде маңызды орынды адамның индустриялық іс-өрекеттілігімен байланьігқан ортаның ласта-нуының, табиғи жөне жасанды радиобелсенділіктің ағзаға әсерін зерттеу алады.
Популяциялар экологиясы – демэкология. Популяция туралы түсінік. Популяцияның статикалық сипаттамалары: популяцияның саны (тығыздығы) жəне биомассасы, жастық жəне жыныстық құрамы. Организмдердің кеңістікте орналасу, орналасудың негізгі типтері: кездейсоқ, біркелкі, топтасып, орналасу. Олли принципі. Популяцияның динамикалық сипаттамалары: туылымы, өлім-жітімі, тірі қалу қисық сызықтары, өсуі жылдамдығы. Популяция санының экспотенциалдық жəне логистикалық өсуі. Популяция санының реттелуі. Популяция тыұыздығына тəуелді жəне тəуелсіз факторлар.
Қауымдастықтар экологиясы – синэкология: Синэкология (грек тілінен аударғанда syn –бірге) - әр түрге жататын өсімдіктер, жануарлар мен микроорганизмдердің популяцияларының ассоциацияларын (биоценоздар), олардың қалыптасу жолдары мен қоршаған ортамен өзара әсерін зерттейтін экологияның бөлімі. Жеке ғылыми бағыт ретінде синэкология 1910 жылы Халықаралық ботаникалық конгрессте бөлініп шықты. «Синэкология» ұғымын ғылымға енгізген швейцар ботанигі К. Шретер болып есептеледі.
Әр турдің популяцияларының макрожүйелерге бірігуінен — бірлестіктер немесе биоценоздар түзіледі. Биоценоз (грек тілінен bios — өмір, koinos – жалпы, ортақ) қоршаған ортаның бірдей жағдайында бірге тіршілік ететін өсімдіктер, жануарлар мен микроорганизмдер популяцияларының жиынтығы. «Биоценоз» үғымьн 1877 жылы неміс зоологы К. Мебиус (1825— 1908) ұсынды.
Ешқандай биоценоз қоршаған ортадан тәуелсіз, не одан тыс өздігінен дами алмайды. Нәтижесінде жеке бөліктерінің күрделі өзара әсерлері қалыптасқан, тірі және өлі компоненттерінің жиынтығынан түратын белгілі бір комплекстер түзіледі. Белгілі бір дәрежеде біртекті жағдайлармен сипатталатын, ағзалардың белгілі бір бірлестігімен (биоценоз) қоныстандырылған кеңістік биотоп (грек тілінен аударғанда topos - орын) ден аталады. Егер биотопты биоценоз өмір сүретін орьш ретінде сипаттасақ, онда биоценозды белгілі бір нақты биотопқа тән, тарихи қалынтасқан ағзалар комплексі деп карастыруга болады. Кез келген биоценоз биотопнен бірігіп, одан да жоғары деңгейдегі биологиялық жүйе биогеоценозды түзеді. «Биогеоценоз» үғымын 1940 жылы В Н- Сукачев ұсынған.
В.Н. Сукачев (1880—1967) биогеоценозға мынадай аныктама берген — «жер бетінің белгілі бір бөлігінде табиғи жағдайлары біртекті (атмосфера, тау жыныстары, өсімдіктер, жануарлар әлемі, микроорганизмдер дүниесі, топырақ және гидрологиялық жагдайлар) бірлестік, ол өзін құрайтын компоненттердің өзара әсерлесу ерекшеліктерімен, белгілі бір зат және энергия алмасуымен, басқа да табиғат құбылыстарымен, ішкі қарама-қайшылықты біртұтастықпен сипатталатын, үнемі қозғалыста, дамуда болатын жиынтық». «Биогеоценоз» ұгымы шет елдерде кеңінен таралған, 1935 жылы А. Тенсли ұсынган «Экожүйе» үгымына жақын. Экожүйе дегеніміз — зат, энергия және акпараттар алмасу нәтижесінде біртүтас ретінде тіршілік ететін кез келген өзара әрекеттесуші тірі ағзалар мен қоршаған орта жагдайларының жиынтығы.
Кейбір галымдардың көзқарасы бойынша «биогеоценоз» ұгымының мазмұны негізінен зерттеліп отырған макрожүйенің құрылымдық сииаттамасын берсе, ал «экожүйе» ұғымы ең алдымен оның функционалдық мәнін көрсетеді. Экожүйеге құмырсқа илеуі, орманның бір бөлігі, тұтас орман, космос кораблінің кабинасы, ландшафт және бүкіл биофераның өзі мысал бола алады. Жалпы алганда биогеоценоз экожүйеге қатысты жекеден жалпыға қарай қатынаста болады.
Табиғи экожүйелер көлемі бойынша әр түрлі болуы мүмкін: су қоймасы, мұхит, шалғындық, орман, тайга, дала. Экожүйе — ағзалар мен абиотикалық ортадан, олардың әрқайсысы бір-біріне эсер ететін тірі табиғаттың негізгі функционалдық бірлігі.Экожүйенің тіршілік етуі тірі ағзалар жиынтығы мен ортаньң арасында зат, энергия және ақпарат алмасуымен байланысты.
Ағзалар бейорганикалық ортадан химиялық элементтер мен олардың қосылыстарының таралуының ерекшеліктері туралы ақпарат алады. Бейорганикалық орта тірі ағзалардан олардың метаболизмінің (зат алмасуы) өнімдері туралы ақпарат алады. Тірі ағзалар да бір-бірімен, азық қорының болуы, жыныстық әріптесіне, агрессия (қарсыласына белгі беру) және т.б. ақаарат береді. Табиғаттағы ақпараттық байланыстар кеңістік және уақытпен шектеледі. Зат немесе құбылыстың ақпараттық бағалылығы ондағы ақпараттың санына емес, кім немесе ненің бұл ақпаратты пайдалануына байланысты.
Кейбір зерттеушілер тірі жүйелердің ұйымдасуын багалау үшін ақпараттың математикалық ілім әрпін колдануға талпынған. Бірақ академик ВА. Энгельгарт атап көрсеткендей, ақпараттар ілімінің математикалық аспектілері тіршілік құбылыстарының элементарлық негіздерін анализдеуге әлі де болса сәйкес келмейді.
Экожуйелердің жіктелуі. Экологиялық жүйелер функционалдық және құрылымдық белгілері бойынша ерекшеленеді. Функционалдық жіктелу экожүйеге келіп түсетін энергия көзі, мөлшері және сапасына негізделген. Экожүйелердің құрылымдық жіктелуі өсімдіктер типіне және ландшафттың негізгі белгілеріне негізделген. Құрлық экожүйелері (биомдар) өсімдіктердің табиғи белгілері, ал су экожүйелері — геологиялық және физикалық белгілері бойынша ерекшеленеді.
Кең қолданылып жүрген құрылымдық жіктелу бойынша галамшарды төмендегі экожүйелерге бөледі:
1) қүрлық экожүйелері — тундра, тайга, орманды дала, дала, шөлейт, шел, тропиктер, тау;
Дата добавления: 2015-09-11; просмотров: 2970;