Пәннің қысқаша сипаттамасы

Мақсаты; міндеттері; пәннің қысқаша мазмұны; пәнді меңгергеннен кейін студент нені білуі керек

Пәннің оқытылу мақсаты. Компьютерлік ғылымның теориялық фундаменті болып саналатын дискретті математика ақырлы сипаттағы құрылымдар қасиеттерін зерттейтін математиканың бір саласы болып саналады. Оның жедел қарқынмен дамуы есептеу техникасын, ақпаратты өңдеу, тарату жабдықтарын жасау және табиғатында ақырлы құрылымды модельдерді компьютерде бейнелеу қажеттігімен байланысты. Компьютерлерді жасау және пайдалану-программалау тілдері, ақпаратты өңдеу және тарату жабдықтары, автоматтандырылған басқару және жобалау жүйелері мамандарының зерттеу жұмыстары үшін дискретті математика әдістері негізгі құрал, ал дискретті математика тілі осы мәселелер бойынша пайдаланылатын ғылыми және техникалық тіл болып саналады.

Пәнді оқытудағы мақсат студенттерді ақпараттық технологияда кездесетін қолданбалы есептерді шығаруға бағытталған, математикалық әдістермен модельдердің, тілдердің өзара тығыз байланысқан жиынтығы ретінде қарауға болатын математикалық аппаратпен қаруландыру. Студенттерде ақпараттану саласындағы проблемаларды дұрыс қою және шеше білуге қажетті теориялық фундамент қалыптастыру, логикалық функциялар, алгоритмдер, графтар, кодтау теорияларының негізгі ұғымдарын білу, программалау процесінде жасанды интеллект есептерін шығаруда, программалардың дұрыстығын дәлелдеуде модельдеуді пайдалануға дағдыландыру.








Дата добавления: 2015-08-14; просмотров: 1858;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.003 сек.