Атомның ядролық моделі

20 ғасырдың бас кезінде атомның шын бар екендігі ешқандай күмәнсіз жалпылай мойындалды. Атом моделін ұсынған ағылшын физигі Дж.Томсон (1902-1904жж) болды.

Бұл атомның күрделі құрамы белгілі ғылыми деректерге сүйеніп ұсыналған атомның алғашқы физикалық моделі. Бірақ бұл модель тікелей тәжірибеге негізделмегендіктен болжау ғана еді.осы модельге сәйкес атомның оң заряды сфера тәрізді атомды біркелкі толтырып тұруға тиіс.Ал оның ішінде нүктелік теріс зарядтар –электрондар атом бүтіндей бейтарап болатындай мөлшерде сфераның әр жеріне орналасқан болады.

Томсон моделі тәжірибеге қайшы келді. тұтасынан алғанда томсон моделі көптеген күдік туғызды. томсон моделінің кемшілігін ағылшын физигі Резерфорд көрсетті. Э.Резерфорд және оның шәкірті Э.Марсден, Г.Гейгер тәжірибелері нәтижесіне сүйене атомның жаңа ядролық моделін ұсынды. Резерфорд α бөлшектер көмегімен тәжірибе жасады. α бөлшектер шапшаң қозғалатын ауыр бөлшектер, затпен әсерлескенде, зат атомдарына енуі мүмкін. Тәжірибе нәтижесінде келесі ұйғарымға келеді: атом өте кішкентай, бірақ ауыр , оң зарядталған ядродан және осы қайсібір қашықтықта қоршаған электрондардан тұрады. Электрондар ядросы айналып қозғалуы тиіс болды. өйткені егер олар тыныштықта болса, онда электрлік кулондық тарту әсерінен ядроға құлаған болар еді. Резерфордтың бағалауы бойынша ядро мөлшерінің реттік шамасы 10-15-10-14м болуға тиіс. Резерфорд атомының құрылысы планеталар жүйесіне ұқсас деген жорамал ұсынды. Күннің айналасында үлкен қашықтықтарда планеталар қалай айналып жүретін болса, дәл солай атомның ішінде электрондар ядроны айналып жүреді. Атом құрылысының осындай моделі планетарлық немесе ядролық модель деп аталады.








Дата добавления: 2015-08-08; просмотров: 4363;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.003 сек.