Тапсырмалар. 3.1. Массасы m1 болатын қарудың ұңғысынан массасы 10 г оқ ұшып шықты
3.1. Массасы m1 болатын қарудың ұңғысынан массасы 10 г оқ ұшып шықты. Оқтың кинетикалық энергиясы 1200 Дж, атылған кездегі қарудың кинетикалық энергиясы-100 Дж. Қарудың массасын анықтаңыз.
3.2. Массасы m вагон 80 км/сағ жылдамдықпен бірқалыпты кемімелі қозғала отырып, 100 Н тежеу күшінің әсерінен 2 мин уақыт ішінде S жол жүріп барып тоқтайды. Тежеу күшінің әсерінен жасалған жұмысты, вагонның үдеуін табыңыз.
3.3. Массасы 20 кг жүкті h биіктікке 5 м/с2 үдеумен көтергенде 250 Дж жұмыс істелген. Жүкті қандай биіктікке дейін көтерген ?
3.4.Дене горизонталь жазықтықпен 300 бұрыш жасай орналасқан көлбеу
жазықтықпен қозғалады. Жолдың 20м бөлігінде қозғалыс бағытымен денеге 5 Н тұрақты күш әсер етеді. Жолдың осы бөлігінде дененің кинетикалық энергиясының өзгеруін DW анықтаңыз, үйкеліс коэффициенті-0,5.
3.5. Жоғары қарай 20м/с бастапқы жылдамдықпен лақтырылған массасы 2 кг дененің 2 с және 10 с уақыт мезеттеріндегі кинетикалық, потенциалдық және толық энергияларын анықтаңыз.
Дата добавления: 2015-08-08; просмотров: 2229;