Дифтерия қоздырғышы тудыратын аурулар

1. Жұтқыншақ дифтериясы

2. Мұрын дифтериясы

3. Көздің дифтериясы

4. Құлақтың дифтериясы

5. Қынап дифтериясы

6. Жара беткеіндегі дифтерия

 

Дифтерия қоздырғышы - коринеформды бактериялар сыртқы қоршаған ортада кең таралған, Corіnebacterіum туыстастығына жатады. Морфологиялық сипаттамасы - клетка шеттері бұршіктелген (грек сөзінен coryne - түйреуіш), тұрып қалған дақылдарда тармақтары болады, және цитоплазмада қосымша дәндері бар.

Corіnebacterіum туысы көптеген түрлерден құралған, оларды негізгі 3 топқа біріктірген:

1. Адамға және жануарларға патогенді коринебактериялар

2. Өсімдіктерге патогенді коринебактериялар

3. Патогенді емес коринебактериялар. Осылардың көптеген түрі тері, мұрын-жұтқыншақ, көздің, тыныс алу жолдары, уретра мен жыныстық мүшелердің кілегей қабығында қалыпты микрофлора құрамына кіреді.

Морфологиясы. Corіnebacterіum dіphtherіae - тік немесе имектелген қозғалмайтын таяқшалар, ұзындығы 1.0-8.0 мкм және көлемі 0.3-0.8 мкм., спора, капсуласы жоқ, кей штаммдарында микрокапсула бар. Таяқша бір немесе екі шетінде бұршіктері бар, волютин дәндерінен тұрады, олар метилен көкпен бояғанда көгілдір-пурпур түс береді. Нейссер әдісімен бояғанда таяқша сары түсте, ал волютин дәндері - қоныр-қара түсте боялады. Коринебактериялар грам оңды таяқшалар, бірақ полиморфты - тұрып қалған дақылда және антибиотиктер әсерінен грам теріске ауысуы мүмкін. Бір дақылда әр түрлі көлемді таяқшалар рим әріптері V, X немесе түйіршек секілді орналасады. Ал патогенді емес коринебактериялар - дифтероидтар және жалған дифтериялық таяқшалар - бір-біріне жабысқан күйінде, волютин дәндері тек бір жағында орналасады немесе мүлдем болмайды.

Дақылдық қасиеттері.Дифтерия коринебактериясы аэроб немесе факультативті анаэроб, оптимальді өсу температурасы 35-370С, рН 7.6-8.0. Қоректі ортаға талғампаз емес, бірақ сары су немесе қан қосылған орталарда жақсы өседі. Селективті орталары Клауберг, Ру немесе Леффлердің ірітілген сары су орталары, колониялар 8-12 сағ. дөнес ақшыл-сүр немесе сары түсте. Беттері тегіс немесе сәл дәнді, шеттері сәл мөлдір ортасына қарағанда. Колониялар бір-бірімен тығыз өспейді, сондықтан дақыл түрі “шагрен терісіне” ұқсас. Сүйық орта лайланады немесе мөлдір болады, ал бетінде нәзік қабықша, біршама уақыт өткен соң қалындайды, ұсақталып түбіне түседі.

Дифтерия коринебактериялардың ерекшелігі теллурит калий қосылған қанды және сары су орталарында жақсы өседі, себебі қоринебактерий теллурит калийді қалпына - темірлі калийге ауыстырады, ал олар бактерийде жиналып қалып оларға қоныр сүр немесе қара түс береді. Осындай орта қолдану дифтерия бактерийлер бөлінуін жоғарлатады.

Тексерілетін материалды Бучин ортасына егуге болады (хинозольды орта). Осы ортада өскен дифтерия коринебактериялары индикаторды қалпына келтіргендіктен фиолет түске боялады. Дифтероидтар мен жалған дифтериялық таяқшалар түссіз немесе аспан-көгілдір колониялар түзеді.

Ферментативтік қасиеттері. Дифтерия коринебактериялары глюкозаны, мальтозаны, галактозаны қышқылға дейін ыдыратады, лактоза, сахароза және маннитті ыдыратпайды. Gravіs типтес дифтерия бактериялары крахмалды ыдыратады, осы белгі бойынша басқа екі биотиптерден ажыратылады. Дифтерия қоздырғышы сүтті пептонизацияламайды, уреазаны ыдыратпайды, пептонды ыдыратқанда индол түзбейді. Кей жағдайларда күкірт сутегін түзе алады. Цистиназа ферменті бар. Осы белгілері бойынша дифтерия коринебактериялары көздің шырышты қабығында кездесетін (С.xerosіs), жұтқыншақта кездесетін (C.pseudodіphtherіtіcum), және басқа дифтероидтардан ажыратылады (кесте-1).

 

 

Кесте-1

C.dіphtherіae басқа дифтероидтардан ажыратылатын дифференциялық белгілері

Корине-бактерий түрлері Ферментация Уреаза Гемолиз Пизу сынамасы Токсин синтезі
Глюкоза Сахароза Крахмал
C.dіphtherіae   С.xerosіs   C.pseudodіphtherіtіcum +     +   - -(+)     +   - (+)(-)     -   - -     -   + +     -   - +     -   -а +(-)     -   -

Ескерту: + - оңды белгі; - - теріс белгі; (+)(-) - белгі кей жағдайда оңды, ал басқа жағдайда теріс; а - Пизу сынамасында цистиназа байқалады.

 

Табиғатта дифтерия таяқшасының негізгі үш варинттары (биотиптері) кездеседі: gravіs, іntermedіus, mіtіs. Олар морфологиялық, культуралдық, биохимиялық және т.б. қасиеттерімен ерекшелінеді (кесте-2).

Gravіs биотипі жиі дифтерияның ауыр түрінде кездеседі және топтық көтерілістер береді.

Міtіs биотипі женіл спорадикалық ауру тудырады, ал іntermedіus жоғарыда аталғандардың ортасында.

Антигендік құрылысы гетерогенді. Соматикалық антигендері бойынша серотиптерге бөлінеді, Рессейде 11 серотиптерінің 7 негізгі ал 4- қосымша, сирек кездеседі. 6 серотиптері (1, 2, 3, 4, 5, 7) Gravіs биотипіне жатады, ал 5 (6, 8, 9, 10, 11) mіtіs типіне.

Corіnebacterіum dіphtherіae фаготиптеуінетүрлі схемалар ұсынылған. М.Д.Крылова схемасы бойынша 9 фагтар жиынтығымен (А, В, С, Д, Ғ, Н, 1, К, G) Gravіs биотипінің токсигенді және токсигенді емес штамдарын ажыратуға болады.

Физикалық және химиялық факторларға төзімділігі. Corіnebacterіum dіphtherіae төменгі температураға тұрақты, бірақ жоғары температурада тез жойылады: 600С - 15-20 мин, қайнатқанда - 2-3 мин жойылады. Барлық дезинфектанттар (лизол, фенол, хлорамин, т.б.) 5-10 мин. жояды. Сонымен қатар, қоздырғыш құрғап қалсада ұзақ уақыт тіршілік ете алады, әсіресе кеуіп қалған кілегейде, сілекейде, топырақ шаңында. Аэрозолда дифтерия таяқшасы 24-48 сағат тіршілік етеді, балалар ойыншықтарында 15 тәулік сақталады, ал суда - 6-20 тәулік.

 

Кесте-2








Дата добавления: 2015-08-04; просмотров: 3376;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.006 сек.