Helіcobacter туыстастығы
Алғашқы мәліметтер 1983-1984ж. бойынша жедел гастродуодениті бар науқастардың асқазанның шырышты қабатында кездесетін имектелген бактериялар табылған. Алғашқы “асқазандық” кампилобактерлерді Австралияда 1982ж. анықтаған; сау адамдар асқазандарында кездеседі екен. Адамға патогенді түрі - Нelіcobacter pylorі.
Морфологиясы
Қысқа, имектелген немесе оралған бактериялар; грам(-); орташа мөлшері - 2.5-4х0.5 мкм; қозғалғыш (лофотрихтер); талшықтары - 4-5, көбіне олар чехолмен қапталған және шеттерінде бүршіктері бар. Бактерияның клетка қабырғасында май қышқылдары бар - гексадекан, октадецен, гексадецен қышқылдары.
Дақылдық қасиеттері.
Микроаэрофилді жағдайларда жақсы өседі; аэробты және анаэробты жағдайда өспейді. Оптималді температурасы 370С, бірақ көптеген түрлері 33-410С өседі; 25-280 және 420С өспейді. Оптималді қоректік орталары - қанды агар және шоколадты агар, сонымен қатар, гемині жоқ 10% сарысулы ортада да өседі (басқа кампилобактерлерден ерекшелігі). Глицерин, өт тұздары және NaCl (2.0-3.5%) қосылған қоректі орталарда өспейді. Кей штаммдардың гемолитикалық активтілігі жоғары (-гемолиз), гиппуратты гидролиздей алмайды.
48-72 сағатта тығыз қоректі ортада ұсақ, мөлдір жылтыр колониялар түзеді, біраз уақыт өткен соң колониялар кокка тәрізді формаға ауысады.
Сұйық қоректік орта сәл лайланып, аспан-көгілдір-сұр түсті қабықша түзеді.
Биохимиялық қасиеттері
Оксидаза+, каталаза+, уреаза+, транспептидазды және фосфатазды активтілігі бар; Н2S түзеді; нитратты редуцирлемейді; сүтті ірітпейді, глюкозаға инертті.
Антигендік құрылысы толық зерттелмеген. О-Аг мен Н-Аг бар
Патогенезі
Жедел гастриті немесе созылмалы түрі қозған науқастарды зерттегенде, қабыну ошақтарынан көп мөлшерде бактериялар табылған. Кілегей арасынан өтіп хеликобактерлер эпителиалді клеткаларға жабысады, шырышты қабаттың криптері мен бездеріне енеді. Бактериялардың активтілігі шырышты қабаттың қабырғасын бұзады, нәтижесінде асқазан сөлі мүшенің қабырғасынан сыртқа шығады. Хеликобактердің Аг (ЛПС) нейтрофилдердің миграциясын белсендіреді, жедел қабыну процесі дамиды. Хеликобактерлер клеткааралық жолда орналасуы хемотаксис пен қан клеткалары бұзылғанда шыққан мочевина мен геминмен байланысты. Бактериялық уреаза әсерінен мочевина аммиакқа ауысады, ал аммиак асқазан мен он екі елі ішектің шырышты қабатын зақымдайды.
Клиникалық көріністері
Гастродуаденит симптомдарына ұқсас. Пациент дәрігерге эпигастрий аймағы тұрақты ауырғанына шағымданады. Бұл жағдай метронидазол мен фуразолидон қолданған соң іш ауруы басылады.
1. Инкубациялық кезеңі - 7 тәулік. Ауру науқаспен қатынаста болғанда жұғуы мүмкін (балалар мен жасөспірімдер арасында).
2. Жедел кезеңінде асқазан сөлінің рН өзгереді, 40-50% пациенттерде - лоқсу мен құсу байқалады; 3 айдан соң созылмалы гастрит дамиды, кейінірек жаралы гастродуоденит симптомдары.
Лабораториялық диагностика.
Helіcobacter pylorі асқазан мен оң екі елі ішектің шырышты қабатынан алған биоптаттан бөлу.
1. Бактериялар гематоксилин-эозин немесе Уортин-Старри бойынша күміспен боялған гистологиялық препараттарда жақсы көрінеді; акридин оранжпен боялған препараттарда өте жақсы көруге болады.
2. қозғалғыштығын анықтау үшін фазды-контрастты микроскопия қолдануға болады.
3. Хеликобактерлердің уреаздық активтілігін клотестте анықтайды.
4. Дақылдың таза өсіндісін алу үшін басқа микрофлораны тежейтін антибиотиктер (цефсулодин, амфотерицин) қосылған қанды агар қолданады.
5. ИФА, РСК жүргізіледі.
Емі.
Метронидазол, фуразолидон. Амоксиклава, цефокситин, эритромицин қолдануға болады, соңғысын тетрациклинмен ауыстыруға да болады.
Дата добавления: 2015-08-04; просмотров: 1341;