Микроаэрофилді грам(-) таяқшалар (Campylobacter және

Helіcobacter туыстастықтары)

Campylobacter туыстастығы 1909ж қойлар арасында инфекциялық түсік кезінде ыдыраған эмбрионынан табылған (C.fetus). Қазір 13 түрі анықталған - спираль тәрізді S- әріп секілді имектелген, “шағала қанатына” ұқсас бактериялар, орташа мөлшері - 0.5-5-0.2-0.8 мкм, бір немесе көп рет оралған, ұзындығы 8 мкм. 48-72 сағат өсірген кезде пішіні кокка тәрізді. Қозғалғыш, оралып жылжиды, талшықтары бір немесе екі шетінде орналасады (талшықтың ұзындығы 2-3 есе бактерия денесінен ұзын). Спора түзбейді; хемоорганотрофтар, негізгі зат алмасу метаболизмі тыныстық. Көмірсуларды ыдыратпайды, қышқылды және нейтралді өнімдер бөлмейді. Адамға патогенді түрлері капнофилдер (СО2 10-15%) және микроаэрофилдер (О2 21%), ал кей түрлері, мысалы C.fetus анаэробты жағдайда тіршілік ете алады. Микроаэрофилді жағдайда тіршілік ету үшін кей түрлерге Н+ иондары мен фумараттар қажет (аэробты жағдай жасау керек). Грам(-), анилин бояуларын қиын қабылдағандықтан, Циль бойынша карбол фуксинімен боялады. Негізгі өкілі - C.fetus, туыстастықта адамға және жануарларға патогенді түрлері бар - кампилобактериоз ауруын тудырады. Кампилобактерияларды негізінен несеп-жыныс мүшелерінен, ішектен және ауыз қуысынан тапқан. Медициналық маңызы бар түрі - C.jejunі, жақын уақытта анықталған.

Campylobacter jejunі тобы (C.jejunі, C.colі, C.larі). Лабораторияда бөлу қорытындысының эффективтілігі - температура, ортаның газдық құрамы және қоректік заттың сапасы.

Дақылдық қасиеттері. Оптималді өсіру температурасы 420С, рН 7.0-7.2; микроаэрофилді жағдай жасау үшін анаэростаттың ауасының құрамы 75% газдық ертінді болу керек (90% азот пен 10% СО2) немесе анаэростатқа шам жарығын қою керек.

- Кампилобактериялар тасымалдауда жойылып кетуі мүмкін, сондықтан материалды бірден консерванты бар ортаға егеді (тиогликолді сорпа немесе сілтілі пептонды су) және 40С сақтайды.

- таза өсіндісін алу үшін фильтрация әдісі қолданылады. Әдістің негізгі ерекшелігі фильтратты селективті емес ортаға егуі (мысалы, қанды агар немесе шоколадты агар). Бактерияларды жылдам бөлу үшін селективті орталарға егеді - Скирбоу, Бутцлер немесе Престон орталарына.

Тығыз қоректік орталарында 2 типті колониялар түзеді - ылғал кілегейлі “жайылмалы” сұр түсті колониялар шеттері бұдыр (өте ұсақ конденсат тамшыларына ұқсас болуы мүмкін) немесе ұсақ дискретті жылтыр дөңес колониялар мөлшері 1-2 мм.

Жартылай сүйық және сұйық қоректік орта бетінде аспан көк-сүр түсті қабықша пайда болады.

Биохимиялық қасиеттері. Кампилобактериялар көмірсуларды ферменттемейді, қышқыл немесе нейтралді өнімдерді бөлмейді; нитратты редуцирлейді; Н2S түзеді, сүтті ірітпейді, гемолитикалық активтілігі жоқ. Өсіру үшін сары су қажет етпейді, энергия көзі аминқышқылдары немесе цикл Кребстің ортанғы өнімдері; Фогес-проскауэр реакциясы және метилен қызылмен қоятын сынама қорытындысы теріс; желатина мен мочевинаны гидролиздемейді; оксидаза(+); пигмент түзбейді.

Campylobacter jejunі мен C.colі дифференцияциясын экспресс-тест гиппуратпен жүргізіледі (жана бөлінген C.jejunі тестте оң нәтиже береді).

Campylobacter jejunі мен C.larі дифференцияциясын налидикс қышқылына сезімталдығын анықтайтын тест бойынша жүргізіледі (бірінші түрі - сезімтал, ал екінші түрі - төзімді).

Антигендік құрылысы - күрделі, әсіресе термолабилді антигендер құрамы. Маңызды беткейлік Аг ЛПС (О-Аг) және қышқылға сезімтал белоктық фракцияларынан құралған, серотиптелінеді. Жалпы энтеробактерийлерде кездесетін антигені жоқ. Талшықтық Н-Аг табылған.

О-Аг кампилобактерлердің иммунологиялық ерекшелігін айқындайды, тура емес гемагглютинация реакциясында байқалады.

Жақын арада белоктық талшықтық Н-Аг табылған.

Аурудың патогенезі кампилобактерлердің адгезивтік және инвазивтік белсенділігімен сипатталады. Өт жолдарында қарқынды көбейіп, ашы ішекте таралады.

Шырышты қабатқа бактерия беткейіндегі арнайы адгезиндермен жабысады; ерекшелігі - кампилобактерлер кілегейлі шырыштан өтіп эпителий бойына орналасады (шырышты кілегейде 30 мин тіршілік ете алады) себебі талшықтар - негізгі адгезия факторы.

Кампилобактерлер эпителиалді клеткалар мембранасынан тез өте алады, инвазия нәтижесі - науқастың нәжісінде қан мен кілегей болады.

Кампилобактерлердің аш ішегіне колонизациялауы шырышты қабаттарда қабыну процесі мен ісіну пайда болады; базалді мембранада полиморфты лейкоциттер, лимфоциттер және плазматикалық клеткалары бар инфильтрат дамиды. Эндоскопия жасағанда шырышты қабаттың ісінуімен гиперплазиясы, эрозия, бір-бірімен бірігіп, аш және тоқ ішекте жаралар пайда болғанын көруге болады.

Зақымдау патогенезінде маңызды роль алатындар термолабилді және термостабилді энтеротоксиндер. Энтеротоксині эшерихиялардың диареегенді және тырысқақ вибрионның термолабилді токсиндеріне ұқсас (клетка ішіндегі цАМФ деңгейн күшейтеді). Термостабилді энтеротоксин (эндотоксин) кампилобактерлер жойылған кезде шығады, әсері барлық энтеробактерийлердің эндотоксин әсеріне ұқсас. Тірі және өлі микроорганизмді тышқандарға енгізгенде, олар өледі.

Аурудың ауырлығы бір жағынан макроорганизмнің иммундық жүйесінің жағдайына байланысты. Қауіпті топтар қатарына балалар (2 жасқа дейінгілер), кариялар, иммунодефициттері бар науқастар, стероидтар мен цитостатиктер қолданатын науқастар жатқызылады.

Клиникалық көріністері. Негізгі көрінісі - энтероколит; инкубациялық кезеңі - 2-5 тәулік, 10 тәулікке дейін болуы мүмкін. Көптеген науқастарда жедел колит симптомдары дамиды; ректороманоскопия қорытындысы - шырышты қабаттың ісінуі, гиперемиясы, қабырғасы жұқарған. Гомосексуалистер арасында кампилобактериозды проктит дамиды.

Өте ауыр жағдайларда дегидратация белгілері мен іштің қатты ауруы байқалады - жедел перитонит. Сирек жедел кампилобактерлі менингит болуы мүмкін. Соңғы жылдардағы мәліметтер бойынша, Campylobacter jejunі Гийена-Барре синдромын тудыратыны анықталған - жедел бірінші реттік идиопатиялық полирадикулоневрит - аутоиммунды реакциялар - моторлы ганглийлердің нейрондары кампилобактерлердің ЛПС олигоқанттарымен қиылыса байланысады. Келесі асқынуы - реактивті артрит 2% науқастарда аурудың басталуынан 1-2 аптадан соң дамиды.

 

Кесте

Кампилобактериялық энтероколиттің негізгі симптомдары

 

Ауру сатысы үзақтығы Клиникалық көріністері
Продрома   Ауру қарқыны     Реконвалесценция Бірнеше сағаттан бірнеше тәулік (кейде болмайды) 2-10 тәулік     2 тәуліктен 3 аптаға дейін Жалпы әлсіздік, бас ауруы, миалгия, артралгия, қызба (50%)   іш ауруы, диарея (қарқынды, сулы немесе кілегейлі); нәжісте қан мен лейкоциттер (2-3 тәулікте пайда болады) іш ауруы сақталады, кей жағдайларда дегидратация белгілері және реактивтік артриттер дамиды

 

Лабораториялық диагностикасында науқас нәжісінен қоздырғышты табу; есте сақтау керек - қоздырғыштың колонияларын алу үшін сапалы қоректік орта қажет - жана дайындалған қоректі ортада колониялар жайылып өседі.

Жедел идентификациясын жүргізу үшін микроскопия жасалынады - нәзік грам(-) спираль тәрізді немесе S-имектелген бактериялар. Фазды-контрасты микроскопия колданып, нәжісті сұйық қоректік ортадан суспензия жасап көруге болады.

Кампилобактерлердің идентификациясы серологиялық әдіспен жүргізіледі, мысалы, агглютинация реакциясы немесе комплемент байланыстырушы реакция, агглютинациясы тура емес реакция, иммуноферментті анализ (ИФА).

Емі. Көптеген жағдайда диагнозы дәлелдеген кезде, науқас өзінен өзі сауығып кетеді. Антибиотиктерді тек ауыр жағдайда ғана қолданады. Кампилобактерлер аминогликозидтерге, эритромицинге, тетрациклинге, левомицетинге және фуразолидонга сезімтал, ал пенициллинге, цефалотинге, бисептолға төзімді.

Эпидемиологиясы. Кампилобактериалық гастроэнтериттер барлық жерде кездеседі. Ауру спорадиялық түрде тіркеледі. Ерекшелігі - ауыл түрғындары - қысқы мезгілде, ал қала тұрғындары - жазғы уақытта ауырады. Сонымен қатар, саяхатшылар диареясы деп аталады. Инфекцияның жұқтыру көзі - жануарлар, құстар, адам. Адам олардан дайындалған тағамдардан өте ластанған кезде жұқтырады.

C.fetus алғаш рет 1909 ж инфекциялық түсікте табылған; адамдарда - Венсан ғалымы белгісіз дене қызуы көтерілген жүкті әйелдерден қоздырғышты тапқан. Көптеген пациенттерде түсікке әкелді. Нәрестеден де қоздырғыш бөлінген. Қазіргі уақытта ауру АҚШ, Германия, Франция, Оңтүстік Африка және Непалда жиі кездесіп отыр. Клиникалық көріністері әр түрлі - пиогенді менингиттер, менингоэнцефалиттер, түсік, эндокардиттер, тромбофлебиттер, артриттер, гепатомегалия. Диагноз тек қоздырғышты тапқан кезде дәлелденеді. Диагностикасы басқа кампилобактерлер секілді өткізіледі.

 








Дата добавления: 2015-08-04; просмотров: 2278;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.007 сек.