Көкжөтел және паракөкжөтел микробиологиясы

 

Көкжөтел - жас балаларда кездесетін жедел жұқпалы ауру, циклдық дамуы, спазмалы ұстамалы жөтелмен сипатталады.

Қоздырғыш - Bordetella pertusіs - алғаш рет 1900 ж. бала қақырығында тапқан, сосын таза өсіндісін 1906 ж. Ж.Борде мен О.Жангу бөліп алды. Көкжөтелге ұқсас, бірақ женіл өтетін ауру қоздырғышын - Bordetella parapertussіs - 1937ж. Г.Эльдеринг пен П.Кендрик ашты, олардан бөлек осы жылы - 1937ж. У.Бердфорд пен Б.Славинде дәлелдеді. Bordetella bronchіseptіca - адамда сирек кездесетін көкжөтелге ұқсас ауруының қоздырғышы 1911 ж. Н.Ферри иттерден тапты, ал адамдардан - 1926ж. Браун. 1984 ж. жа”а түрін анықтады - Bordetella avіum, адамға патогенділігі әлі анықталған жоқ.

Морфологиясы. Бордетеллдер грам теріс сопақша таяқшалар (коккобактериялар), көлемі 0.2-0.5х1.0-1.2 мкм. Паракөкжөтел таяқшасы осыған ұқсас, бірақ сәл үлкен (0.6х2 мкм). Спорасы жоқ, жас дақылдарда, және макроорганизмнен бөлінген бактерияларда капсула бар. Бордетеллдер қозғалмайды, ал Bordetella bronchіseptіca – перитрих.

Дақылдық қасиеттері. Гемофилді бактерияларға жатады - қатал аэробтар, хемоорганотрофтар. Оптималді өсу температурасы – 35-360С. Көкжөтел қоздырғышы S-форма колониялар түзеді, ЕПА, ЕПС өспейді. Көкжөтел таяқшасы өсуіне 3 аминқышқыл қажет етеді – пролин, цистеин, глутамин қышқылы, оларды казеин гидролизін немесе фасольді қоректі ортаға қосу керек. Көкжөтел таяқшасын өсіретін орта – Борде-Жангу ортасы (картоп-глицерин қосқан қанды агар) – колония бір келкі, жылтыр, мөлдір купол тәрізді жемчуг немесе металды” сынапты” жылтырын береді, көлемі 1 мм, 3-4 тәулікте пайда болады. Басқа ортада – казеинді-қөмір агарында (ККА- КУА) – 3-4 тәулікте тегіс дөнес колониялар сүр түсті, консис-тенциясы кілегейлі. Паракөкжөтел бактериялары көкжөтел қоздырғышына ұқсас, бірақ көлемі үлкен, 2-3 тәулікте пайда болады, ал Bordetella bronchіseptіca 1-2 тәулікте пайда болады.

Көкжөтел бактерияларыны” ерекшелігі өсу жағдай, температурасы, тағы басқа жағдайлары өзгерген кезде бактерияны” дақылдық, серологиялық қасиеттері тез өзгереді, патогенді қасиеттері жойылады.

Сүйық қоректі ортада өсуі – диффузды лайлану, тұ”ба пайда болады, клеткалар үлкен болып келеді. Борде-Жангу ортасында өскен колониялар аймағында гемолиз байқалады.

Ферментативтік қасиеттері. Бордетеллдер көмірсуларды ыдыратпайды, индол түзбейді, нитратты қалпына келтірмейді. Паракөкжөтел бактериялары активтілігі басым, тирозиназа – пигмент бөледі, ортаны және дақылды қоныр түске бояйды. Сонымен қатар уреаза, аргиназа фермент түзеді. Бордетеллдерді” дифференциялық белгілері таблицада берілген.

Антигендік қасиеттері. Бордетеллдерде бірнеше антигендік комплекс анықталған. Соматикалық О-антиген – агглютиноген 7. Ауру барысында науқас сары суында агглютининдер, преципитининдер, комплемент байланыстыру, опсонинді, бактерицидті, протек-тивті антиденелер анықталған.

 

Кесте

Бордетеллдерді” дифференциялық белгілері

қасиеттері B.pertussіs B.parapertussіs B.bronchіseptіca B.avіum
Колониялар өсу қарқындығы (тәулік) қарапайым агарда өсуі қоныр пигмент уреаздық активтілік цитратты қолдану оксидаздық активтілік нитратты қалпына келтіру қозғалғыштық аденилатциклаза арнайы антиген капсула Дольда сынамасы Иммунитет ұзақтығы: Аурудан со” Вакцинациядан со” Аурудан со” жөтел Лимфоцитоз Гипогликемия 3-4   - - - - + -   - + 1,2, 3 + некроз   көп жылға 2-3 жыл ұзақ + + 2-3   + + + + - -   - + - некроз   ? ? - - ? 1-2   + - +(жай) + + +   + + - -   1 жыл ? - - - 1-2   ( ? - ? + - + ? ? ? ? ?  

Ескерту: + - жағымды белгі; - - теріс белгі; ( - белгі бір жағдайда о”ды, келесі жағдайда теріс болуы мүмкін.

 

Физикалық және химиялық факторларға төзімділігі.Көкжөтел және паракөкжөтел қоздырғышы сыртқы қоршаған орта жағдайына тұрақты емес. 560С қыздырғанда микроорганизмдер 20-30 мин. жойылады. Көкжөтел және паракөкжөтел бактериялары төменгі температурада бірден өледі. Тура күн сәулесі 1-2 сағатта бордетеллаларды жояды, ультра күлгін сәулесі – бірнеше минітта. Құрғап қалған қақырықта бактериялар бірнеше сағат тіршілік ете алады. Дезинфекциялайтын ертінділер – 3% хлорамин ертіндісі, сулема (1:1000) – көкжөтел және паракөкжөтел қоздырғыштарын тез өлтіреді.

Екі ауруды” қоздырғыштары антибиотиктерге сезімталдығы төмен, әсіресе пенициллинге.

Негізгі патогенді фактор - термолабильді экзотоксин. Ол жүйке және қан тамыр жүйесіне сезімтал, белоктық құрылысы бар, 560С бұзылады. Көжектерге тері ішіне енгізгенде некроз тудырады – Дольда сынамасы. Көкжөтел таяқшасыны” термостабильді эндотоксині жалпы токсикалық әсер және сенсибилизация береді. Сонымен қатар, көкжөтел бордателлаларда гиалуронидаза, лецитиназа, плазмокоагулаза патогенді ферменттер анықталған. Капсула бактерияларды фагоцитоздан қорғайды.

Эпидемиологиясы. Инфекцияны жұқтыру көзі – науқас адам, жұғу механизмі – ауа-тамшы. Бордетеллалар макроорганизмні” респираторлы трактысыны” эпителийіне сезімтал. Инфекцияға барлық адамдар сезімтал, бірақ жиі жас балалар – 1 жастан 10 жасқа дейінгілер.

Патогенезі және клиникасы. Көкжөтелде инкубациялық кезе” - 3-14 тәулік, жиі 5-8 тәулік. Қоздырғыш жоғары тыныс алу жолдары кілегей қабығына түскенде, эпителийде көбееді, әрі бронхогенді жолмен төменгі тыныс мүшелеріне түседі (бронхиола, альвеоларға). Экзотоксин әсерінен ұлпалар некрозданады, шеткері жүйке талшықтары ашылып қалғанда, тітіркенуі байқалады, нәтижесінде продолговатый мийды” жөтел орталығына информация түскен со” олар белсенді болғандықтан спазмалық жөтел пайда болады. Көкжөтелде бактериемия байқалмайды. Екінші реттік бактериалық флора асқынуларды дамытады.

Ауру барысында келесі кезе”дер анықталған: 1. Катаралді кезе”, 2 апта өтеді - құрғақ жөтел болады, науқас қалі төмендейді. 2. Конвульсивті (қалтырау) немесе спазмалық кезе” - 4-6 апта созылады және тәулігіне 20-30 рет үстамалы жөтел “иттін үргеніне ұқсас” жөтел. 3. Сауығу кезе”і 2-4 апта созылады (сурет 3).

Иммунитеті. Аурудан со” тұрақты өмір бойына гуморальді иммунитет қалыптасады. Көкжөтелмен ауырған науқас және сауыққан адамдар қанында агглютининдер, преципитининдер, комплемент байланыстыру антиденелері кездеседі.Лабораториялық диагностика. Негізгі микробиологиялық диагностика әдістері – бактериологиялық және серологиялық. Экспресс-диагностикада иммунофлюоресценция реакциясы жүргізіледі. Таза дақыл бөлу үшін мұрын-жұтқыншақтан кілегей, қақырық тексеріледі. КУА немесе Борде-Жангу ортасына енгізеді. Сонымен қатар, жөтел рефлексін тудырып материал алуға болады. Бөлінген дақылды культуралді, биохимиялық және антигендік қасиеттері бойынша идентификациясы жүргізеді. Серологиялық реакциялардан – агглютинация, комплемент байланыстыру, пассивті гемагглютинация қолданады (сурет 4). Қоздырғыштарға антиденелер 3 аптадан бастап түзіледі, диагноз антидене титрі бойынша дәлелденеді. Жас балаларда бірінші екі жаста серологиялық реакциялар теріс болады.

 








Дата добавления: 2015-08-04; просмотров: 6364;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.008 сек.