Ботулизмнің микробиологиясы
Ботулизм – тағамдық токсоинфекцияның ауыр түрі. Ол C. botulinum-мен жұққан азық-түліктерден болады және орталық жүйке жүйесін зақымдайды.
Ауру қоздырғышын алғашқы рет 1896 жылы Э. Ван Эрменгем колбасаның қалдықтарынан( botul – лат., колбаса) және ботулизмнен қайтыс болған адамдардың ұйқы безі мен тоқ ішектерінен тапқан. Бұл жаңалықты одан кейін С. В. Констансов қызыл балықтан C. botulinum-ді тауып, растады.
C. botulinum – ұзындығы 4-9 мкм, диаменті 0,5-1,5 мкм шеттері дөңгелектенген үлкен полиморфты таяқшалар, кейде қысқарған вормалары да болады; ретсіз орналасқан, қосарланып немесе тізбектеліп; грамм оң, қозғалмалы, перитрихиальды жгутиктері бар. Капсула түзбейді, споралары сопақша, субтерминальды орналасқан, теннис ракеткасы тәрізді формада болады. Споралар инкубациядан кейін 24-48 сағат ішінде пайда болады. C. botulinum қышқылды реакцияларда және НаС1-ң 10%-нен жо5ары концентрациясында көбейе алмайды7
C. botulinum 8 түрлі токсин бөледі: А, В, С1, С2, D, E, F, G, антигендік қасиеттері бойынша ерекшеленеді. Осыған сәйкес 8 түрлі қоздырғыштарды ажыратады. Олардың басты белгілері – протеолитикалық касиеттің болуы не болмауы. Бұл қасиеттер казеинді гидролиздеуіне және H2S продуцирленуіне байланысты. Осыдан А, В және Р штаммдарының белгілі бір бөлігі кіретін протеолитикалық топ және Е және Вир штаммдары кіретін протеолитикалық емес топтарды ажыратады. С және О қоздырғыштары осылардың екеуіне де жатады. О серотипінің басқаларынан айырмашылығы – протеолитикалық қасиеті бар, бірақ көмірсуларды ыдыратпайды.
C. botulinum-ң түрлерінің кейбір ерекшеліктері. А типі және В, С, О мен Р протеолитикалық штаммдары – ұзындығы 4,4-8,6 мкм, диаметрі 0,8-1,3 мкм түзу немесе сәл иілген таяқшалар, перитрихтар. Споралары сопақша, субтерминальды. Қоректік бульонда жақсы өседі. 0,5-1,0 % глюкозасы бар қанды агарда диаметрі 3-8 мм тегіс және бұдырлы, гемолиз аймағымен қоршалған колониялар түзеді. Өсудің басында колониялар ұсақ, жылтыр болады. Кейін олар ұлғайып, шеттері тегіс емес сұр түске айналады. Бағаналы агарда колониялар диск тәрізді немесе пушинка тәрізді болады. Сүтті пептондайды. Температуралық оптимумы 30-40С.
Е типі және Вир типтерінің протеолитикалық емес штаммдары. Түзу таяқшалар, диаметрі 0,3-0,7 мкм, ұзындығы 3,4-7,5 мкм, грамм оң, бірақ ескі дақылдарада грамм теріс болады, перитрих. Споралары сопақша, субтерминальды. Китта-Тароцци ортасында жақсы өседі. Диаметрі 1-3 мм қанды агарда колониялар шеттері түзу емес, мозайкалы, гемолиз аймағымен қоршалған. Температуралық оптимум 25-37С.
О типі. Түзу таяқшалар, диаметрі 1,3-1,9 мкм, ұзындығы 1,6-9,4 мкм, перитрих, споралары сопақша, субтерминальды, грамм оң. Қанды агарда колониялардөңгелек, диаметрі 0,5-1,5 мкм, шеттері тегіс, көтерілген, жартылай мөлдір, сұр, беті жылтыр; Китта-Тароцци ортасында қалыпты өседі, глюкоза ферменттемейді, сүтті баяу пептондайды. Температуралық оптимум 30-37С, топырақта табылған. Бұл типпен ауырған адамдар жоқ..
Резистенттілігі.C. botulinum табиғатта және тағамдық заттарда ұзақ сақталуы оның газ түзуіне байланысты. Олар төмен температураға шыдамды болып келеді. Кепкен күйінде онжылдықтар бойы сақталады. Споралар қыздырғанға да тұрақты. А және В типті споралар 5 сағат бойы қайнатқанға шыдайды, 105С –да 1-2 сағ-н кейін жойылады, 120С – 20-30 мин-н кейін.120С температураға бірнеше сағат бойы шыдайтын штаммдар да кездеседі. C. botulinum споралары түрлі бактерицидтік заттарға қарсы тұра алады: формалиннің 20% ерт-сі оларды 24 сағаттан кейін жояды, этил спирті – 2 айдан кейін, 10% HCl тек 1 сағаттан кейін өлтіреді.
C. botulinum токсиндері физикалық және химиялық факторларға тұрақты. Олар ішек трактісінің протеолитикалық ферменттерімен жойылмайды. Қышқыл ортада(рН 3,5-6,8) сілтілік немесе бейтарап ортаға қарағанда тұрақтылығы жоғары. C. botulinum токсиндері термотұрақтылығы жоғары: 58С темп-да 3 сағ-н кейін жойылады, 80С – 30 мин, 100С – бірнеше минут. С типті токсиндердің тұрақтылығы жоғары, О және Е токсиндерінің тұрақтылығы төменірек, ал А және В токсиндері араларында тұрады. Токсиндердің жоғары температураға тұрақтылығы өнім түріне, рН-на және басқа жағдайларға байланысты.
Патогендік факторы.Басты патогендік факторы – ботулизм қоздырғышы продуцирлейтін экзотоксиндер. Олардың антигендік қасиеттері түрлі болғанымен биологиялық белсенділігі бірдей. Олардың барлығы нейротоксиннің түрі. Антигендік ерекшелігі және летальды белсенділігі экзотоксиннің түрлі детерминанттарына байланысты. Барлық белгілі типтердің токсиндері токсикалық ақуыздық комплекс түрінде продуцирленеді. Олардың молекулалық массасы және құрылысына байланысты бұл комплекстерді 3 топқа бөлінеді: 125, 165, 193
Дата добавления: 2015-08-04; просмотров: 2044;