Сіреспенің микробиологиясы.

 

Сіреспе – жедел токсикалық жаралы инфекция, нейротоксин арқылы жұлынның және мидың қозғалтқыш клеткалары зақымдалады. Ол көлденең жолақты бұлшықеттің дірілдеуімен көрінеді.

Сіреспемен адамдар және түрлі ауыл шаруашылық малдары ауырады. Оған негізінен жылқылар мен ұсақ мүйізді малдар сезімтал болады. Сіреспе қоздырғышын – C. tetani 1883 жылы Н. Д. Монастырский жәнк 1884 жылы А. Николайер ашқан. Таза дақылын 1889 жылы С. Китазато алды. C. tetani – ті таяұша, ұзындығы 2,4-5,0 мкм, диаметрі 0,5-1,1 мкм, кейде ұзын жіпшелер түзеді. Көп штаммдары қозғалмалы. Споралары дөңгелек, терминальды орналасқан, сондықтан түйреуіш немесе барабан таяқшалары сияқты болып тұрады. Грамм оң, бірақ ескі дақылдарда грамм теріс болады. Капсула түзбейді. Оптимальды температурасы 37С. Қоректік бульонда баяу бірқалыпты лайлану байқалады. Дақылдан шұңқырдың жағымсыз иісі шығады. Қанды агарда 4-6 мм, дөңгелек, тегіс, шеттері түзу емс, жартылай мөлдір, сұр түсті колониялар, жан-жағында гемолиз аймағы болады. Агар бағанасында колониялар мақта тәрізді. C. tetani-ң әлсіз протеолитикалық қасиеттері бар, желатинді баяу гидролиздейді, индол түзбейді, нитратты нитритке айналдырады.

Антигендік құрылысы.Сіреспе қоздырғышында О- және Н-антигендер бар. Н-антиген бойынша 10 серотип ажыратады, бірақ олар бірдей экзотоксин бөледі.

Патогендік факторы.C. tetani-ң басты патогендік факторы – бөлінетін өте күшті экзотоксин. Оның адам үшін өлімге әкелетін дозасы 2нг/кг дене массасына. Экзотоксин екі фракциядан тұрады – тетаноспазмин және тетанолизин.

Тетанолизин клеткадан дамудың бірінші күндерінен бөліне бастайды. Тетаноспазмин клостридияның қабырғасынан өтпей, клетка ыдырағанда дақылдық сұйықтыққа бөлінеді.

Тетаноспазмин клеткаішінде активсіз протоксин ретінде синтезделеді. Протоксиннің активті нейротоксинге айналуы микробты клетканың лизисінен кейін өтеді және полипептидтң екіге бөлетін бактериальды протеаза арқылы өтеді. Активті клеткадан тыс нейротоксин бір-бірімен дисульфидті байланысқан тізбектен – жеңіл – L(50кД) және ауыр – Н(100кД). Н-тізбек акцепторлы қызмен атқарады – токсин үшін рецептор ретінде аксондық аяқтамалардың мембраналарының три- және дисиалоганглиозидтері болады. L-тізбек белгілі-бір ферментативтік қызмен атқарады, яғни нейротоксиннің биологиялық белсенділігін қамтамасыз етеді. Өздігінен алынған L- және Н-тізбектер токсинді емес, бірақ токсин молекуласының реассоциациясынан кейін оның токсиндігі орнына келеді.

Қаннан О.Ж.Ж-не гематоэнцефалдық бөгеттің болу себебінен сіреспе токсині ене алмайды. Ол мионевральды синапстар аймағында жүйке клеткаларымен байланысады. Оның жүйке жасушаларымен байланысуы 4 кезеңнен тұрады: 1) рецептормен байланысу; 2) жүйке жасушаларының мембранасымен байланысу; 3) Токсиннің клетка цитозоліне энергия қажет ететін прцесс; 4) аксон арқылы -1см/сағ жылдамдықпен өту. Токсиннің жоғары қарай жұлынмен нейроннан нейронға өтуі тек синапс аймақтарында болады. Нейрондар бір-бірінен глия клеткалары арқылы бөлініп тұрады. Токсин О.Ж.Ж-нің негізінен жұлын және бас миының қозғалтқыш аймақтарында жиналады. Сіреспенің ақырғы әсері – синаптикалық байланысты жабады. Медиаторлардың бөлінуін тежейді(глицин, ацетилхолин, норадреналин, у-аминомай қышқылы) және жүйке-бұлшықеттік патологияны тудырады. Сонымен қатар синаптикалық қана емес, басқа жүйелер зақымдану мүмкін.

Тетанолизин – мембранотропты токсин, ол эритроциттерді және басқа клеткаларды зақымдайды. C. tetani штаммдары гемолитикалық активтілігіне байланысты гетерогендік көрсетеді. Тетанолизиннің сіреспе патогензіндегі ролі әлі де нақты анықталмаған. Бірақ гемолиз және фагоцитозға қарсы әсер етіп тетанолизин, сөзсіз, қоздырғыштың организмде таралуына септігін тигізеді.

Резистенттілігі.C. tetani –дің вегетативті формалары ерекше тұрақтылықпен ерекшеленбейді. Қайнатқанда олар 5 минут ішінде жойылады. Керісінше C. tetani споралары жоқары резистенттілкпен ерекшеленеді және түрлі физикалық және химиялық факторларға тұрақты. Оларды жою үшін 1-3 сағат қайнату керек; 120С автоклавта 40 минутқа дейін шыдайды. Споралар төмен теператураға және шашыранды күн сәулесіне сезімтал емес. Сулеманың 1% ерт-сі, 5% фенол ерт-сі оларды 12-24 сағаттан кейін жояды, химиотерапевтік препараттарға сезімтал емес. Кепкен күйде споралар бірнеше жылдарға дейін, топырақта көп уақыт сақталады, ал қолайлы жағдайда олар өсіп және көбейе алады. Сондықтан адамдар мен жануарларының нәжістеріне толған топырақ - C. tetani-дің резервуары болып есептеледі.

Эпидемиология ерекшеліктері.Сіреспе қоздырғыштары барлық дүние жүзінде кең таралған, сондықтан сіреспе сәселесі глобальды болып есептеледі. Сіреспемен ауырған адам контагиозды емес – олар қоздырғыштарды басқаларға жұқтыра алмайды. Қоздырғыштардың негізгі ену жолы – тері мен шырышты қабаттың зақымдалған жерлерінен организмге ену. Кіру қақпасы ретінде түрлі жаралар болады: қарудан, кесіп алған жер, тікенектер, күйіктер, операциялық жаралар және т.б. Жаңа туған балалардың сіреспесі ерекше глобальды мәселе болып есептеледі. Бұл негізінен көп елдерде туғаннан кейін кіндікті C. tetani қоздырғыштары көп мөлшерде болатын топырақпен, тезекпен, құстар нәжісімен, ұнтақтармен өңдеуіне байланысты. Сіреспенің бұл түрінің 85% өліммен аяқталады және бала өмірінің 6-8 күндерінде болады. ВОЗ мәліметтері бойынша ХХ ғасырдың 80-жылдары дамыған елдерде бұл аурудан 1 млн бала қайтыс болған, ал сіреспенің жалпы саны 2,5 млн болған.

Патогенез және клиника.Сіреспе қарапайым токсикалық инфекция болып табылады, патогенезі мен клиникасы экзотоксин әсеріне байланысты. Клиникалық белгілерінде келесі симптомдар болады: 1) көлденең жолақты бұлшықеттің тоникалық жиырылуы; 2) сыртқы тітіркендіргіштер әсерінен жоғары рефлекторлы қоғыштық. Адам мен ірі жануарлардың клиникасы ұсақ лабораторлық жануарларға ұқсамайды. Жұқтырудан кейін ақ тышқандардың инкубациялық периоды 24-36 сағат, ал теңіз шошқаларында – 48 сағат. Ауру өрлемелі болып келеді(tetanus descendens); артқы аяқтары аймағына теріастылық жұқтыруда бірінші жергілікті(аяғы созылып түрады, қозғалыс кезінде салбырап тұрады, құйрығы майысып тұрады.), кейін дененің аттас бөлігіндегі бұлшықеттердің жиырылуы, онан соң – басқа бөлімдері жиырылып, өлімге әкеледі.

Осыған керісінше, адамдар мен жануарларда бұлшықет топтарының зақымдалуы кіру қақпаларына байланысты емес, ауру төмендеген сипатта болады.

Сіреспе кезінде адамда инкубациялық периоды 1-3 күннен 1 айға дейін, және инкубациялық периоды қысқа болса, ауру барысы өте ауыр өтеді. Ең бірінші шайнау бұлшықеттерінің және шүйде бұлшықеттерінің спазмы болады. Кейін бет бұлшықеттері – науқастың бетінде күлкі пайда болады(сардоникалық күлкі). Кейін дене және аяқ-қолдарының бұлшықеттерінің спазмы болады. Токсинмен зақымдалып, жоғары рефлекторлы қозғыш келген қозғалу орталығының сәл тітіркенуі көлденең жолақты бұлшықеттердің тетаникалық дірілдеуіне әкеледі. Науқас есі ашық болады. Өлім жүрек парличінен немесе асфиксиядан болады. Температураның жоғарылауы әрқашан бола бермейді. Жаңа туған баланың сіреспемен ауырған белгісі – ана сүтінен бас тарту, өйткені жақ бұлшықеттері зақымдалған болып келеді.








Дата добавления: 2015-08-04; просмотров: 3317;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.006 сек.