Этиологиясы. · Операциядан кейінгі гипопаратиреоз.

· Операциядан кейінгі гипопаратиреоз.

· Идиопатиялық (аутоиммунды) гипопаратиреоз:

— оқшауланған;

— І типті аутоиммунды полигландулярлы синдромда (10 бөлімді қараңыз).

· Сәулелену, инфильтративті аурулар.

· ҚМБ мен тимус аплазиясы (Di George синдромы).

 

Жиі кездесетін түрі операциядан кейінгі гипопаратиреоз болып табылады. Операциядан кейінгі гипопаратиреоз безді алып тастағаннан емес, операциялық алаңда фиброздың өсуі салдарынан оның қанайналымының бұзылысы нәтижесінде дамиды.

Идиопатиялық гипопаратиреоз- өте сирек сырқат. Оның алдында жиі І типті аутоиммунды полигландулярлы синдром басталады (10 бөлімді қараңыз). Өте сирек жағдайда Ди Джорджи синдромы кезінде гипопаратиреоз көрініс береді (Di George): ҚМБ агенезиясы, тимус аплазиясының жүректің туа біткен ақауларымен ұштасуы. Сонымен қатар гипопаратиреоз мойын аймағындағы инфильтрациялық қатерлі ісік әсерінен немесе гемохроматоз, амилоидоз секілді сирек сырқаттар әсерінен ҚМБ қызметі бұзылады.

 

Патогенезі

Паратгормонның тапшылығы қанда фосфор деңгейінің жоғарылауына және ішекте кальций сіңірілуінің төмендеуінен, сүйекте кальций мобилизациясының кемуінен, бүйрек түтікшелерінде кальций реабсорбциясының азаюынан туындаған гипокальциемияға әкеледі. Сонымен қатар, бүйректе паратгормон реттейтін 1,25(OH)2D3 синтезі бұзылады. Гипокальциемия мен гиперфосфатемия жасуша мембраналарының жан-жақты өткізгіштігінің бұзылуына және жүйке-бұлшықеттік қозғыштықтың жоғарылауына, тырысудың дамуына, вегетативті тұрақсыздыққа, сонымен қатар ішкі мүшелер мен ірі қантамырларда кальций тұздарының жиналуына әкеледі.

 








Дата добавления: 2015-07-22; просмотров: 862;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.003 сек.