ОСТЕОПОРОЗ

Остеопороз — сүйектің жоғарғы сынғыштығына әкелетін, сүйек тінінің микроархитектоникасының бұзылуымен және көлем бірлігінде сүйек массасының азаюымен сипатталатын қаңқа сүйектерінің жүйелік ауруы

(8.6 кесте). Остеопороз терминімен қатар екі түрлі мағынаға ие болатын остеопения термині қолданылады. Біріншіден, бұл сүйектің кез-келген минералды тығыздығының төмендеуін білдірсе, екіншіден, сүйек денситоментриясы мәліметтері бойынша «Т» критерийінің 1 –2,5 аралығында болуын білдіреді.

 

8.6 кесте.Остеопороз

Этиологиясы Біріншілік (менопаузадан кейінгі, сенильді, ювенильді, идиопатиялық); екіншілік, бірқатар аурулармен байланысты (гиперпаратиреоз, Кушинг синдромы, гипогонадизм және т.б.)
Патогенезі Сүйек түзілу үрдістерінен резорбция үрдістерінің басым болуын қауіп түрткілері ушықтырады (гипоэстрогения, кальций, D дәруменінің тапшылығы, түрлі дәрілерді қабылдау)
Эпидемиологиясы Менопаузадан кейінгі әрбір үшінші әйелде және 75–80 жас аралығындағы науқастардың жартысынан көбінде остеопороз бар. 50 жастан асқан әйелдердің 30 -да және ер адамдардың 20%-да остеопороз анықталады
Басты клиникалық көріністері >50% жағдайда симптомыз өтеді, сан сүйегінің проксимальды бөлігінің, аяқ-қолдың дистальды бөлігінің, омыртқа денесінің сынуы және қатты ауыру сезімі
Диагностикасы Сүйек денситометриясы, рентгенографиясы, сүйек резорбциясы мен жаңаруының маркерлері
Салыстырмалы диагностикасы Екіншілік (симптоматикалық) остеопорозды жоққа шығару
Емі Бисфосфонаттар, кальцитонин, эстрогендер, эстроген рецепторларының селективті модуляторлары, паратгормон, кальций дәрілері мен D дәрумені, D дәруменінің белсенді метаболиттері
Болжамы Сан сүйегінің мойны сынған науқастардың 20%-ы сынықтан 6 айдан кейін дүниеден өтеді, ал қалған 50 %-ы мүгедек болып қалады. Омыртқа сынғаннан кейін науқастардың 5%-ы және иық сынғаннан кейін науқастардың < 1%-ы мүгедек болып қалады







Дата добавления: 2015-07-22; просмотров: 882;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.003 сек.