Эпидемиологиясы. БГП таралымы —щамамен 500 адамға 1 жағдай, жаңа жағдайлар жиілігі жылына 100000 халыққа 25 жағдай
БГП таралымы —щамамен 500 адамға 1 жағдай, жаңа жағдайлар жиілігі жылына 100000 халыққа 25 жағдай. Гиперкальциемия синдромының шамамен 35%-ы БГП-мен байланысты (гиперкальциемия ересектерде 0,5-1,1% жағдайда тіркеледі, жиі 50 жастан асқан әйелдерде; госпитализацияланған науқастардың 5%-да көрініс береді.). БГП қантты диабет пен қалқанша безі ауруларынан кейін эндокринді аурулардың арасында үшінші орынды иемденеді. Сырқаттанудың жасқа байланысты шыңы 40–50 жасқа сәйкес келеді, соның ішінде БГП әйел адамдарда 2 есе жиі көрініс береді, оның 3%-ы әйел адамдарда менопаузадан кейін дамиды. БГП несеп-тас ауруымен сырқаттанған науқастардың 2–5%-да көрініс береді.
Клиникалық көріністері
Науқастардың басым көпшілігінде БГП симптомсыз өтеді және диагноз гиперкальциемияға байланысты зерттелген науқастарда қойылады.
1. Бүйректік симптомдарға полиурия, полидипсия, пиелонефритпен асқынған нефролитиаз (25%), сирек бүйрек жеткіліксіздігіне әкелетін нефрокальциноз жатады.
2. Асқазан-ішектік симптоматика: анорексия, лоқсу, обстипация, метеоризм, жүдеу. 10% жағдайда асқазан және/немесе он екі елі ішектің ойық жарасы, 10% — панкреатит, сирек панкреакалькулез дамиды. Өт-тас ауруы жалпы популяциямен салыстырғанда екі есе жиі көрініс береді.
8.4 сурет.Біріншілік гиперпаратиреоз кезіндегі қол ұшының рентгенограммасы: саусақтардың субпериостальды резорбциясының белгілері
3. Жүрек-қантамырлық симптоматика: артериялық гипертензия және оның асқынулары.
4. Сүйектік өзгерістер: остеопороз, хондрокальциноз; ауыр БГП: субпериостальды резорбция, қол, аяқ саусақтарының акроостеолизі (8.4 сурет), қаңқа деформациясы, сүйектердің патологиялық сынықтары (8.5 сурет), кисталар (жылауық), алыпжасушалық ісіктер және эпулидтер (кисталық түзілістер).
5. Орталық жүйке жүйесі: депрессия, ұйқышылдық, естің бұзылуы, қозғыштық, терінің қышуы.
6. Гиперкальциемиялық криз (күрт асқыну) — БГП-дің өте сирек ауыр асқынуы. Үдемелі дамитын анорексия, лоқсу, құсу, эпигастрий аймағындағы ауыру сезімі ұйқышылдық, ступор, кома, психозбен ұласады; әлсіздік, сусыздану, анурия, комотозды жағдай жылдам дамиды. Ең ауыр асқынулары - дененің проксимальды бөліктерінің, қабырға аралық бұлшықеттердің, көкеттің миопатиясы; 38–39 °С дейін қызба тән.
8.5 сурет.Біріншілік гиперпаратиреоз кезіндегі кисталар (жылауықтар) мен жалған сынықтар бар балтыр сүйектерінің рентгенограммасы
Криз қан сарысуында кальций деңгейі 4 ммоль/лден жоғарылағанда ғана көрініс беріп, ұзаққа уақыт төсек тартып жатқанда, тиазидті диуретиктер, кальций дәрілері және D дәрумендерін жиі қолданғанда дамиды.
Дата добавления: 2015-07-22; просмотров: 812;