Этиологиясы. Амиодарон құрамында үлкен мөлшерде йоды (жалпы салмағының 39%-ы) бар

Амиодарон құрамында үлкен мөлшерде йоды (жалпы салмағының 39%-ы) бар, құрылымы бойынша Т4 молекуласына ұқсас бензофуран туындысы. Амиодаронды қабылдау кезінде ағзаға күн сайын 7–21 г йод түседі (йодқа деген физиологиялық сұраныс шамамен 200 мкг). Амиодарон көп мөлшерде май тіндері мен бауырда жиналады, оның ағзадан жартылай шығару уақыты оршама алғанда 53 күннен артық, осыған орай амиодарон-индуцирлеген тиреопатиялар препарат қабылдауды тоқтатқаннан көп уақыттан кейін дамуы мүмкін.

 

Патогенезі

Амиодарон барлық деңгейде тиреоидты гормондардың алмасуы мен реттелуіне қатысады. 2 типті дейодиназа жұмысын бәсеңдетіп, ол гипофиз тиротропоциттерінде Т4-тің Т3-ке конверсиясын бұзады, нәтижесінде тиреоидты гормондарға гипофиздің сезімталдылығы төмендейді. Осыған орай, амидарон қабылдайтын науқастарда терапияның бастапқы кезеңінде қалыпты тиреоидты гормондардың (эутиреоидты гипертиротропинемия) деңгейіне қарамастан ТТГ мөлшері жоғары болады. Амиодарон-индуцирлеген тиреотоксикоз үлкен клиникалық мәселе болып табылады және бұл патологияның екі түрін ажыратады.

 

3.30 кесте.Амиодарон-индуцирлеген тиреопатиялар

 

Этиологиясы Амидарон құрамында көп мөлшерде йод бар және ол құрылысы бойынша тироксин молекуласына өте ұқсас
Патогенезі Йод-индуцирлеген тиреотоксикоз, препараттың тура тироциттерге уытты әсер етуі, АИТ үдемелі түрде өршітеді
Эпидемиологиясы Амиодарон қабылдайтын науқастардың 30–50%-да дамиды
Басты клиникалық көрінісі Тиреотоксикоз немесе гипотиреоз симптоматикасы, жиі симптомсыз ағым тән
Диагностикасы ҚБ қызметін бағалау, ҚБ сцинтиграфиясы
Салыстырмалы диагностикасы Эутиреоидты гипертиротропинемия vs., шынайы гипотиреоз; 1 vs. 2 типті тиреотоксикоз, тиреотоксикозбен өтетін басқа аурулар
Емі Амиодарон қабылдау көрінісінде қалыпты Т4 мөлшерінде ТТГ деңгейінің жоғарылауы емді қажет етпейді; гипотиреоз кезінде орынбасушы терапия тағайындалады. Тиреотоксикоздың 1 типі — тиреостатиктер, 131I-пен терапия немесе эутиреозға қол жеткізгеннен кейін тиреоидэктомия; тиреотоксикоздың 2 типі— глюкокортикоидтар, әсері ұзақ уақыт бойы болмағанда және рецидив кезінде — тиреоидэктомия
Болжамы Қолайлы

 

Амиодарон-индуцирлеген тиреотоксикоздың 1 типі (АмИТ-1) ағаза көп мөлшерде йод түскеннен дамиды, яғни йод-индуцирлеген тиреотоксикоз жөнінде сөз қозғалып отыр. Ол көптүйінді жемсау және ҚБ-дің функциональды автономиясы көрінісінде дамиды немесе ГА манифестациясын индукциялау нәтижесінде көрініс береді.

Амиодарон-индуцирлеген тиреотоксикоздың 2 типі (АмИТ-2) жиі кездеседі және амиодаронның тироциттерге тура уытты әсер етуінен дамиды, нәтижесінде сатылы ағымды деструктивті тиреотоксикозбен спецификалық тиреоидит анықталады. Амиодаронды қабылдау нәтижесінде гипотиреоз дамуы мүмкін, себебі ТПО-АД тасымалдаушысы болып табылатын әйелдерде жиі көрініс береді, яғни йод артықшылығынан АИТ үдемелі дамиды.

 








Дата добавления: 2015-07-22; просмотров: 689;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.003 сек.