Салыстырмалы диагностикасы. Жиі ФА мен Грейвс (ГА) ауруымен салыстырмалы даигностика жүргізіледі, себебі деструктивті тиреотоксикозбен көрініс беретін сырқаттарды
Жиі ФА мен Грейвс (ГА) ауруымен салыстырмалы даигностика жүргізіледі, себебі деструктивті тиреотоксикозбен көрініс беретін сырқаттарды ҚБ сцинтиграфиясы мәліметтері бойынша тез ажыратуға болады. ФА мен ГА-ның салыстырмалы диагностикасының қағидалары төмендегі 3.28 кестеде көрсетілген.
3.28 кесте.Қалқанша бездің функциональды автономиясы мен Грейвс ауруының салыстырмалы диагностикасы
Грейвс ауруы | ҚБ-дің функционалды автономиясы |
Аутоиммунды ауру | Йод тапшылығы аурулар |
Жайылмалы жемсау | Көптүйінді жемсау |
Жас жас шамасы | Егде жас шамасы |
Қысқа анамнез | Анамнезінде эутиреоидты жемсау |
Эндокринді офтальмопатия | Дамымайды |
Манифестті клиника | Олиго- немесе моносимптомды ағым |
ТТГ рецепторларына қарсы антиденелер | Анықталмайды |
99mTc диффузды қармау | «Ыстық» түйіндер |
Науқастардың 15–30 %-да тиреостатикалық терапия курсынан кейін ремиссия дамиды | Консервативті терапия преспективті емес |
Емі
Егде жастағы науқастарда функциональды автономия компенсация кезеңінде болса (қалыпты ТТГ деңгейінде дамитын «ыстық» түйіндер) белсенді түрде бақылау әдісі тиімді. Манифестацияланған тиреотоксикоз кезінде тиреостатикалық терапия ҚБ-дің уақытша тосқауылы мен эутиреозға қол жеткізу мақсатында ғана тағайындалады, себебі тиреостатиктерді қабылдауды тоқтату қабылдау ұзақтығына қарамастан тиреотоксикоздың қайталауына әкеледі. ФА-ны емдеудің таңдамалы түрі 131I-пен терапия болып табылады. Альтернатива ретінде тиреостатиктерді (тиамазол, пропилтиоурацил) қабылдап, эутиреозға қол жеткізгеннен соң тиреоидэктомияны орындау болып табылады.
3.1 сурет.Ана мен ұрықтың қалқанша безінде тироксин өндіруі мен орталық жүйке жүйесі дамуының негізгі сатылары
3.31 сурет Недели внутриутробного развития- Құрсақ ішінде даму апталары Роды- Босану Глаза- Көз Мозолистое тело- Мүйізгек дене Субарахноидальные пути- Мидың жұқа қабығы астындағы жолдар Полосатое тело-Жолақ дене Кора головного мозга- Ми қыртысы Улитка- Құлақ ішіндегі иірім Т4 матери- Анасының Т4 Т4 плода- Ұрықтың Т4 Миелинизация- Миелиндену Мозжечок- Мишық Зубчатый гипокамп- Тісті гипокамп |
Дата добавления: 2015-07-22; просмотров: 773;