Салыстырмалы диагностикасы. Гиперпролактинемия кезінде ГГБЕА мен пролактиноманың салыстырмалы диагностикасын жүргізген маңызды

Гиперпролактинемия кезінде ГГБЕА мен пролактиноманың салыстырмалы диагностикасын жүргізген маңызды, себебі соңғы жағдайда науқасқа тек дофаминомиметиктермен консервативті ем ғана тағайындалады. Ісіктің тез өсуі және пролактиннің аздап жоғарылауы (200мкг/л дейін) гормональды-белсенді емес аденомаға тән. ГГБЕА маркері ретінде хромограниндер мен секретограниндер, сонымен қатар β-АХГ дәрежесін зерттеу тағайындалады.

Краниофарингиоманыжыныстық және физикалық дамудың тежелуімен сипатталатын аурулармен, гипопитуитаризммен, гипофиз бен бас миының ісіктерімен салыстырмалы диагностикалау қажет. Гипоталамус-гипофиз аймағының ісіктерін жиі жүйелік және генетикалық зақымданулармен салыстырмалы диагностикалауға тура келеді.

 

Емі

Хирургиялық ем (ісікті алып тастау) ГГБЕА-ның супраселлярлы орналасқан макроаденомасы кезінде, сонымен бірге неврологиялық симптоматика (хиазмалық синдром) және гипофизарлы жеткіліксіздік көрініс бергенде тағайындалады, басым көпшілігінде транссфеноидальды әдіс қолданылады. Краниофарингиомалардың басым көпшілігінде хирургиялық ем тағайындалады. ГГБЕА және краниофарингиомалардың көбі радиорезистентті. Парциальды және тотальды гипопитуитаризм кезінде орынбасушы гормондық терапия тағайындалады (2.6 бөлімді қараңыз). Кездейсоқ анықталған ГГБЕА (инциденталома) және гормональды белсенділіктің жоқтығын дәлелдейтін мәліметтер болғанда динамикалық бақылау жүргізіледі: көлемі 1см-ден кем түзілістерге бақылау МРТ 1,2 және 5 жылдан кейін, көлемі 1 см-ден артық түзілістерге — алғашында 6 айдан кейін, кейін 1, 2 және 5 жылдан соң жүргізіледі.

 








Дата добавления: 2015-07-22; просмотров: 765;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.003 сек.