ГИПОГОНАДИЗМ

 

Гиперпролактинемиялық гипогонадизм (ГГ) — пролактиннің артық мөлшерде бөлінуінен туындаған, клиникалық гипогонадизммен және сүт бездерінен патологиялық бөліністің болуымен (міндетті емес көрініс) сипатталатын клиникалық синдром (2.3 кесте).

 

2.3 кесте. Гиперпролактинемиялық гипогонадизм (ГГ)

 

Этиологиясы 1. Жеке аурулар (микропролактинома, макропролактинома, идиопатиялық ГГ) 2. Басқа да гипоталамус-гипофиз ауруларымен бірлескен (гормональды-белсенді емес аденома, «бос» түрік ершігі синдромы және т.б). 3. Симптоматикалық ГГ (медикаментозды, біріншілік гипотиреоз, бүйрек жеткіліксіздігі)
Патогенезі Пролактин гонадолиберин, ЛГ, ФСГ циклді бөлінуін тежейді, аналық бездің гиполютеинді дисфункциясы, ановуляция, гипоэстрогения
Эпидемиологиясы Пролактинома-жиі дамитын гипофиз аденомасы. Микропролактиномалар жиі әйелдерде дамиды, макропролактинома екі жыныста да бірдей жиілікте анықталады. Гиперпролактинемия 1: 500 жиілікте кездеседі. Гиперпролактинемия олигоменорея көрініс берген әйелдердің 8%-да дамиды
Басты клиникалық көріністері Менструальды циклдің бұзылыстары, бедеулік, патологиялық галакторея, либидоның төмендеуі, эректильды дисфункция, макроаденомалар кезінде хиазмалық синдром, жеңіл гирсутизм, депрессивті бұзылыстар
Диагностикасы 1.Гиперпролактинемияның болуын дәлелдеу 2.ГГ симптоматикалық түрлерін жоққа шығару 3.Бас миының МРТ-сы
Салыстырмалы диагностикасы Гипофиздің басқа аденомалары, макропролактинемия, соматикалық патология (бүйрек шамасыздығы және т.б.), физиологиялық галакторея, жүйкелік-рефлекторлы галакторея
Емі Дофамин агонистері (бромкриптин, каберголин), салыстырмалы сирек резистенттілік дамыса макроаденома жағдайларында-хирургиялық ем
Болжамы Оңтайлы: хиазмалық синдром көрініс берген макропролактиномалар кезінде де дофамин агонистерінің әсері жоғары

 

Гиперпролактинемия және ГГ терминдері синоним болып табылмайды. Гиперпролактинемия (пролактиннің сарысудағы деңгейінің жоғарылауы) физиологиялық (жүктілік кезінде, лактацияда, жаңа туылған нәрестелерде), симптомсыз (биохимиялық) және патологиялық болып жіктеледі.

 








Дата добавления: 2015-07-22; просмотров: 717;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.002 сек.