Ыстықтай қалыптау

Қалыптауды арнайы құрал – қалыптың көмегімен жүргізеді. Қалып екі немесе одан да көп бөліктерден тұрады. Қалып қуыстарын жылғалар деп атайды. Дайындама жылғаларда деформациялана отырып, қуысты толтырады да соғылма пішініне келтіріледі. Қалыптауда металдың ағуы құралдың беттерімен шектеліп мәжбүрлі өтеді, бұл дайындама көлемінің қайта қалыптасуына әкеп соғады.

Соғумен салыстырғанда қалыптау құралының қымбаттығына, металды деформациялауға өте үлкен қуаттың қажет ететінін ескергеннің өзінде қалыптау бір типті бөлшектерді өндіруде аса тиімді тәсілдердің бірі болып табылады. Қалыптау өнімділігінің жоғарылығымен бірге өлшемдердің жоғары дәлдігімен де ерекшеленеді. Сонымен қатар қалыптау әдісімен алынатын бұйым беттерінің сапасы жоғары болады, одан кейінгі кесіп өңдеуді қажет етпейтіндей болып келеді. Ыстықтай қалыптаудан кейін жүргізілетін суық күйде мөлшерлеу слғылма бетінің сапасын арттырады. Сондықтан қалыптауға кететін мол шығын мөлшері металдың үнемделуі мен соғылманы механикалық өңдеуге кететін шығынмен ақталады.

Сонымен қатар қалыптау жолымен соғу тәсілімен алуға болмайтын күрделі пішінді бұйымдарды алуға болады.

Қалыптаумен көбінесе массасы 100 кг дейінгі соғылмалар дайындалады, бірақ кейбір жағдайда соғылмалардың массасы 400...500 кг, ал кейде 2 т дейін жетіп жатады.

Ыстықтай қалыптауға бастапқы материал ретінде сортты илем, баспаланған шыбықтар, мөлшерленген металл, құйма дайындама және сұйық металл пайдаланылады.

Ыстықтай қалыптауды екі әдіспен жүргізеді: ашық қалыпта кенерікті (облойнай) (қылауларымен) және жабық қалыпта кенеріксіз (қылаусыз). Кенерікті әдістің мәні соғылма металдың артық көлемінің салдарынан қалып ажырандысы бойымен қылаулы болып қалыптасады (Сурет 23.3).

Кенеріксіз әдісте дайындаманы қалыптың бір бөлігінде (ұяқалыпта) қалдырып, деформациялауды қалыптың екінші бөлігімен (сотанмен) жүргізеді (Сурет 23.4).

 

1 — үстіңгі қалып; 2— бұйым;3 — кенерік; 4– астыңғы қалып.

Сурет 23.3 – Тоқпақты қалыптағы кенерікті қалыптау

 

1 — үстіңгі қалып; 2— бұйым; 3— астыңғы қалып.

Сурет 23.4 - Тоқпақты қалыптағы кенеріксіз қалыптау

 








Дата добавления: 2015-08-26; просмотров: 1390;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.006 сек.