Сымдағыш құрал.
Сымдау кезіндегі негізгі құрал – құрылымы әртүрлі сымдауыш (волоки). Іші қуыс бұйымдарды өңдеу кезінде сымдауыштан басқа сымдағыш құралға құралбілік (оправка) (ұзын және қысқа) жатады.
Сымдауыш әдетте екі бөлшектен тұрады: құрсамадан және сымдауыштың өзінен. Сымдауыштың мұндай құрылымы оның жұмыс жағдайының ерекшелігі мен жасалған материалының қасиетімен түсіндіріледі. Сымдауыштың қажалуға төзімділігін арттыру үшін оларды қатты қорытпалардан металлкерамикалық тәсілмен (вольфрам мен титан карбидтерінен кейде ванадий, молибден, тантал, бор және т.б. жасайды). Сонымен қатар керамикалық қатты қорытпалардан – микролиттен, термокорундтан жасайды, олар өте жоғары тозуға төзімділікпен ерекшеленеді және олардың құны да кәдімгі вольфрам сымдауыштардан бірнеше есе арзан. Аса жіңішке болат сымды (0,2 мм төмен) сымдауға техникалық алмас қолданылады. Бұл материалдардың барлығы жоғары қаттылық пен тозуға төзімділікпен қатар төмен тұтқырлықпен ерекшеленеді.
Қималары үлкен шыбықтар мен құбырларды сымдау үшін сымдауышты құрсамасыз инструментальды болаттан (графиттелген болат, болат У8, У12, ШХ15, ШХ12М және т.б.) жасайды. Қуыс бұйымдарды сымдауға қолданылатын әртүрлі құралбіліктер мен сырықтарды инструментальды болаттар мен қатты қорытпалардан жасайды. Болат құралбіліктің төзімділігін арттыру үшін оларды хромдайды, ал кейбір жағдайда цементтейді және қаттылығын арттыру үшін әрдайым термиялық өңдеуден өткізеді.
Құрылымдық ерекшеліктеріне қарамай кез келген сымдауыштың жекелеген бөліктерінің пішіні мен атауы болады. Аса жиі қолданылатын конусты сымдауыштың бойлық тілігінің пішіні келесі бөліктерден тұрады (Сурет 22.3): деформациялаушы немесе жұмыс аймағы ІІІ төбелік бұрышы2α конусты пішінді болып келеді; жұмыс аймағының алдында майлау аймағы ІІ болады, ол технологиялық маймен толтырылған; деформациялаушы аймақтан соң цилиндр пішінді мөлшерлегіш белдеу IV бар; шығу аймағы V бұрышыγ конус пішінді немесе сфера пішінді болып жасалады.
Сурет 22.3 – Сымдауыш тілігі
Сымдауыш арнаның деформациялаушы аймағының аса тиімді пішіні болып конус саналады. Жұмыстық конус бұрышының 2α мәні 8...24° болып қабылданған.
Әдебиеттер:нег. 6 [322-333]; қос. 1 [15-130].
Дата добавления: 2015-08-26; просмотров: 1060;