Арама-қарсы бағытталған екі параллель күш жүйесін тең әсер етуші күшке келтіру
Қатты дененің А және В нүктелеріне қарама-қарсы бағытталған параллель Ғ1 және Ғ2 күштері түсірілген болсын.бұл күштерді өзара тең емес күштер деп алайық, атап айтқанда Ғ1> Ғ2 болсын делік (4.2-сурет) АВ түзуінің созындысында алынған С нүктесіне Ғ1 және Ғ2 күштеріне параллель өзара теңескен R және R` күштерін түсіреміз. R күшінің модулі:
R = Ғ1- Ғ2 (4.4)
деп және С нүктесінің орнын 4.3-ші қатынасты қанағаттандыратындай етіп аламыз:
АС= АВ немесе ВС= АВ. (4.5)
Енді Ғ2 және R` күштерін қосамыз:
Бұдан және күштерінің модульдері өзара тең және қарама-қарсы бағытталатынын көреміз, яғни және күштер жүйесі нөлге балама болады. Соның нәтижесінде Ғ1 және Ғ2 күштері бір ғана R күшіне балама болады:
(Ғ1, Ғ2) <=> R.
Модулі мен бағыты (4.4) және (4.5) формулалармен анықталатын R күшін қарама-қарсы бағытталған Ғ1 және Ғ2 параллель күштер жүйесінің тең әсер етуші күші деп атаймыз.
Сонымен: модульдері тең емес қарама-қарсы бағытталған екі параллель күштің тең әсер етуші күшінің модулі берілген күштер айырмасына тең және С нүктесінен үлкен күштің әсер ету жағына қарай бағытталады. С нүктесі берілген күштердің әсер ету нүктелерін қосатын АВ кесіндісін күштердің шамаларына кері қатынаста болатындай етіп, екі бөлікке сырттай бөледі.
Жеке жағдай.Модульдері қарама-қарсы бағытталған параллель күштерді қарастырайық (4.3-сурет). (4.4) және (4.6) формулаларының негізінде (Ғ1, Ғ2) <=> R<=>0, яғни дененің тепе-теңдік шарты сақталып тұр, бірақ дененің тепе-теңдікте болмайтынына көз жеткізу қиын емес. Осындай модульдері тең қарама-қарсы параллель бағытталған екі күш механикада қос күш деп аталады.
Дата добавления: 2015-06-17; просмотров: 2820;