Негізгі аппараттар.
Мұнайды және мұнай өнімдерін өңдеу процестері негізінен екі сатыда орындалады:1) жоғары теператураға дейін қыздыру,2) өнімдерді бөлу.Кейбір химиялық әдістерде катализдік процестер қосымша қолданылады.
Мұнай өнімдерін бөлу, айдау әртүрлі ректификациялау әдісіменорындалады. Ректификация- қайнау температуралары жақын сұйық заттрады буға айналдыру әдісімен бір- бірінен бөліп тазарту. Ректификациялау колонналары көтеріңкі атмосфера қысымында және вакуумделген жағдайда жұмыс істейді.
Мұнайды физикалық әдіспен өңдеу (мұнайды тікелей айдау) - қайнау температураға тәуелді мұнайды фракциялауға негізделген әдіс. Мұнайды фракциялау құбыр пешінде 300-3500С температурада атмосфера қысымында буға айналдырып ректификациялау колоннасына жібереді, колоннада көмірсутектері қайнау температурасына тәуелді жіктелінеді.
Мұнай фракциялары.( дистиллят)
Дистиллят | Бөлу температурасы,0С | Шамамен алынған мұнай массасына шақандағы шығым,% |
Бензин | 170 ке дейін | 14,5 |
Лигроин | 160-200 | 7,5 |
Керосин | 200-300 | 18,0 |
Газойль | 300-350 | 5,0 |
Қалдық мазут | 350 жоғары | 55,0 |
Грозныйдың парафинді мұнайын айдағандағы шығым.
Бензиннің құрамында негізінен парафин және нафтен көмірсутектері болуына байланысты оның сапасы төмен, октандық саны 50-78 шамасында , бензин шығымы 14,5% этил сұйығын қосып бензиннің ок тандық саны 87-95 ке жеткізеді.
Мазут фракциясы қайтадан тікелей айдауға түседі- ол үшін екінші сатыда қатар орналасқан вакуум жағдайында жұмыс істейтін құбыр пешіне келтіріліп 400-4250С температурада қыздырып буға айналдырған күйінде екінші фракциялау колоннада айдап бөледі.
Мазут фракциялары.
Дистиллят | Бөлу температурасы,0С, 60-80 мм.рт.ст. | Шамамен алынған шығым,%, мұнай массасына |
Веретен (ұшқыш) майы | 230-250 | 10-12 |
Машина майы | 260-305 | |
Жеңіл цилиндр | 315-325 | |
Ауыр цилиндр | 350-370 | |
Гудрон қалдық | 370 жоғары | 27-30 |
Мұнайды айдауға арналған екі сатылы қондырғы.
1,6-трубалы пеш;2,7- ректификациялау колонналары;3,8,11-жылуалмастырғыш;4,9- конденсаторлар;5,10- тоңазытқыш.
Дата добавления: 2015-06-17; просмотров: 3354;