Бюргерс векторы,оның шамасы мен бағыты.Дислокация қозғалысы.
Дислокацияның бөтен түрін Бюргерс сипаттады және винттік немесе бұрандалы дислокация деген атқа ие болды.Бұрандалы дислокация ЕF сызығын айнала Q жазықтық бойымен іші-нара ығыстыру көмегімен алынған (2.4.сур).
Сүр.2.4.Винттік дислокация түзілуі механизмі
Кристалл бетінде Е нүктесінен кристалл шетіне дейін созылатын баспалдақтар түзіледі.Мұндай ішінара ығысу атомдық қабаттың параллелдігін бұзады. Кристалл бір атомдық жазықтыққа айналады.
EF сызығының айналасында жетілмегендіктер байқалады,басқа бағыттарда оның өлшемдері бірнеше периодты құрайды.
Егер жоғарғы көкжиектен төменгіге өту сағат тілімен орындалса, онда дислокация оң, ал сағат тіліне қарсы бұрылса – теріс болып саналады.
Винттік дислокация қайсы бір жылжу жазықтықпен байланысты емес, ол дислокация сызығымен өтетін жазықтықта орын ауыстырады.
Кристалдану процесі кезінде ерітінді мен будан бөлінген заттар атомдар баспалдаққа оңай тіркеседі. Бұл шиыршықты (спиральный) механизмді кристалдың өсуіне әкеледі.
Дислокация сызықтары кристалл ішінде үзіле алмайды. Олар тұйық немесе кристал бетіне шығу керек.
Материалдың дислокациялық құрылымы дислокацияның тығыздығымен мінезделеді.
Дислокация тығыздығы кристалда дислокация сызықтарының орташа мәні ретінде немесе сызық ұзындығының жалпы мәнінің көлемге қатынасымен анықталады.
(
Дислокация тығыздығы кең көлемде өзгереді және материал қалпына тәуелді болады.Мұқият жұмсартудан кейін дислокация тығыздығы құрайды, ал кристалдық торы мықты деформацияланған кристалдардың дислокация тығыздығы .
Бақылау сұрақтары:
1.Бюргерс векторы дегеніміз не?
2.Шеткі дислокация түсінігі.
3.Винтті дислокация түсінігі
4.Дислокация түсінігі
Дата добавления: 2015-06-10; просмотров: 1813;