Полигонизация процесінің дислокациялық механизмі.
Металлдармен қорытпаларда жүретін көптеген процесстер (кристаллизация процесі, фазалық түрлену,рекристаллизация,беттердің басқа компоненттермен қанығу процестері) диффузиялық мінезге ие.
Сүр.7.1.Металда блокпен тұйиршектерінің бағдардандырлығы
Егер тығыздық α мәнінен кем болса, деформация кедергісі күрт өседі ал, беріктігі теориялыққа жақындайды. Беріктіктің жоғарылауы ақаусыз құрылысты металл дайындаумен, олардың қозғалуын қиындататын дислокация тығыздығын жоғарлатумен жүзеге асырылады. Қазіргі кезде ақаусыз кристалдар пайда болды, олардың ұзындығы 2м, ал қалыңдығы 0,5...20 мкм. Металдардың беріктігін дислокация тығыздығын жоғарлату арқылы көтергенде мәнінен аспау керек. Өйткені жарықшақтар пайда болуы мүмкін.
Дислокация тек беріктік пен пластикалыққа емес, кристалдың басқа да қасиеттеріне әсер етеді.Дислокация тығыздығының өсуімен оптикалық қасиеттері өзгереді және металдың электр кедергісі жоғарылайды. Дислокация кристалдағы диффузияның орташа жылдамдығын өсіреді, тозу және басқа да процестерді жылдамдатады, химиялық төзімділікті азайтады. Сондықтан, кристалдың бетін арнайы заттармен өңдегенде, дислокация шығатын жерде тесіктер пайда болады.
Дислокация кристалдардың қорытпа мен газ тәрізді фазадан құралғанда түзіледі. Кристалда вакансиялардың орын ауыстыруы кезінде олар диск тәрізді қуыс түзеді.
Беттік ақаулар- бұл дәндердің, үзінділердің, блоктардың шекарасы (7.1.сур)
Дәндердің мөлшері 1000 мкм дейін жетеді. Дәнаралық шекара жұқа 5-10 атомдық диаметр болып табылады.
Ауыспалы қабат құрылысы онда дислокацияның жиналуына мүмкіндік туғызады.Дәндердің шекараларында қорытпалардың концентрациясы жоғарылатылған. Тіпті шомырт ішінде де мінсіз кристалдық құрылыс байқалмайды. Дәндерді бөлшектерге бөлу процесі фрагментация немесе полигонизация деп аталады. Әрбір бөлшек блоктардан тұрады. Олардың мөлшері 10 мкм кем болмайды. Мұндай құрылысты блокты немесе мозайкалы деп атайды
Бақылау сұрақтары:
1.Металл түйіршігі неден тұрады?
2.Бөлек түйіршіктер арасындағы шекара қандай болып келеді?
3.Блоктар шекарасы дегеніміз не?
Глоссарий:
Фрагменттер – бірі екіншісіне қатысты бірнеше градусқа бағытталмаған аумақтар ( ).
Блоктар – өлшемдері 10 мкм болатын, бір градустан аз, бұрышқа қарай бағытталмаған аумақтар ( ).
Фрагментация немесе полигонизация – дәндерді фрагменттерге бөлу процесі.
Беттік ақау – дәндер, фрагменттер және блоктар шекарасы.
Дата добавления: 2015-06-10; просмотров: 1505;