Остеомаляция
Сүйек тінінде кальций мен фосфор тұздары азайып кетуінен оның жұмсаруын остеомаляция(грек. osteon-сүйек, malakia-жұмсару) дейді Бұл кезде сүйек тінінде минералданбаған жас сүйек тіні (остеоидтар) көбейіп кетеді. Жас сүйек тіні коллагеннен, гликозамингликандардан, судан және остеоциттирден тұрады. Оның көбеюінен сүйек жұмсарып қалыпты пішінін жоғалтады. Қалыпты жағдайларда жас сүйек тіні ескі сүйек құрылым-дарының үстіне жинақталады да, артынан кальций, фосфор тұздары жиналатын қалқандар қалыптастырады. Бірақ остеомаляция кезінде олардың минералдануы қатты бұзылады. Емдеудің нәтижесінде остеоидтарға біртіндеп минералдар жиналады.
Остеомаляция кезінде жас сүйек тіндері (остеоидтар) адамның жасына қарай қайта құрылатын сүйек бөліктерінде пайда болады. Содан ересек адамдарда остеоидтар омыртқаларда жиі жиналуынан кифоз, қабырғалар мен жамбас сүйектерінің жұмсаруы мен деформациялары, жасөспірімдерде жіліншіктердің ортаңғы бөліктері жұмсаруынан аяқтардың қисаюы болады.
Остеомаляция өзбетінше дерт ретінде немесе көптеген (бүйрек, бауыр т.б.) ауруларының салдарынан дамуы мүмкін. Ол дерт ретінде балалар мен жасөспірімдерде, ересек адамдарда, жүкті әйелдерде, қарттарда байқалады.
Сонымен, остеомаляция дамуында сүйек тінінің минералдануы бұзылуы маңызды. Бірақ оның пайда болу себептері әлі толық зерттелмеген.
Дата добавления: 2015-05-08; просмотров: 2196;