Минералдар және олардың топырақ түзілуіндегі маңызы

Минерал деп, жер қыртысында әр түрлі физико-химиялық үрдістердің әсерінен пайда болған, тұрақты химиялық құрамды, өзіне тән физикалық қасиеті бар, табиғи денені айтамыз. Ал, минералдарды зерттейтін ғылым минералогия деп аталады. Табиғи минералдардың көбі кристалдық қатты дене, кейде аморфтық күйде болады. Минералдардың басым көпшілігі қатты, сонымен қатар сұйық (мұнай, су) және газ күйінде кездеседі (көмір қышқыл газ, күкіртті сутегі).

Қазіргі кезде табиғатта 2500 шамасына минералдар табылып, анықталған. Олардың ішінде бірнеше түрлері табиғатта кең таралып, тау жаныстарының құрамына кіреді. Тау жыныстарын құрайтын минералдарды тау жыныстарын құраушы минералдар деп атаймыз. Олар пайда болу жағдайына байланысты бастапқы және туынды болып екі топқа бөлінеді. Минералдар тау жыныстардың негізін және топырақтың қатты фазасын құрайды, олар топырақтың негізгі физикалық – механикалық, химиялық қасиеттерін анықтайды.

Бастапқы (эндогенді) минералдар - Жер қыртысының астыңғы қабаттарында тау жыныстарымен бірге пайда болып, өзгеріске ұшырамай, өз қалпын сақтаған минералдар. Бұларға далалық шпат, авгит, оливин, кварц, слюда және т.б. жатады.

Туынды (экзогенді) минералдар - жер бетінде атмосфера, биосфера және гидросферамен әрекеттесіп, көбінесе бастапқы минералдардың бұзылуынан пайда болады. Бұларға опал, гипс, галит, кальцит, лимонит, хлориттер, балшықты минералдар жатады.

Топырақтың қатты бөлігін және топырақ түзуші жыныстардың негізін бастапқы және туынды минералдар құрайды. Олар топырақтың әр түрлі физикалық-химиялық қасиеттеріне, сонымен қатар құнарлығына әсер етеді. Мәселен, топырақ түзуші жыныстардың химиялық құрамы бай болса, үстінде түзілген топырақтың да қасиеттері жақсы болады.

 








Дата добавления: 2015-04-21; просмотров: 3652;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.003 сек.