НОМА НЕМЕСЕ СУЛЫ РАК

Нома — жақ, ұрт, ауыз қуысын бет тіндерінің тез жайылатын ылғалды гангренасы, бұл инфекциялық ауру шіріп түсіп қалады.

Этиопатогенезі. Этиологиясы осы күнге дейін белгісіз. Нома дамыған кезде өлеттенген тіндерден анаэробты микробтардың фузоспикилярлы түрлері, ауыз қуысында әдетте кездесетін анаэробты микробтардың түрлері бөлініп шығады.

Номаның патогенезінде организмнің инфекцияға қарсы қорғаныс күштерінің мағынасы зор. Көп жағдайда ауру балаларда кездеседі. Нома 50 жастан кейін жүрек-қан тамыр жүйесі ауруы бар адамдарда кездеседі. Номаның дамуына ауыз қуысының гигиенасын сақтамау, емделмеген гангренозды тістер, ауыз қуысының шырышты қабығын жарақаттайтын сауыты бұзылған тістердің көп әсері бар.

Патологаялық анатомиясы. Әдетте нома болғанда морфологиясында ерін, ұрт, ауыз қуысының шырышты қабықтары өлеттенеді. Өлеттенген ошақ тез арада жан-жағына тереңінен жайылып айқын шекарасыз ауыз қуысының шырышты қабығының беткей қабатына өтеді. Микроскоп арқылы қарағанда бұл жерлерде, қан, лимфа тамырларының тромбозы байқалады. Процесс жайылып айналасындағы сау тіндерді зақымдауға бейім. Асқынбай және ем уақыты басталған жағдайда, өлеттенген тіндер ыдырап орынында үлкен ақаулар пайда болады. Олар тыртықтанып, аурудың бет-әлпеті ұсқынсызданып, шайнау, ымдау еттері қарысып қалады.

Клиникалық көрінісі. Ауру ақырын, науқастың мазасы кетіп, дене қызуы 37°-қа дейін көтеріліп басталады, ал кей жағдайда жедел басталып дене қызуы 38—40°-қа дейін көтеріліп организмнің әр түрлі дәрежедегі жалпы улануы байқалады.

Ауыз қуысының шырышты қабатында, бет терісінде, ерін аумағында қабыну ошағы пайда болады. Шырышты қабат көпіршіктеніп, қанталап, бет терісі күңгірт-көк түсті дақтанады. Біраз жағдайларда қабыну процесі шіріп өлеттенген гингивиттен басталады. Алғашқы номамен зақымданған жер жан-жағына және тереңінен жайылады. Айналасындағы тіндер домбығып, ауыратын тығыз инфильтратты үлкен қабыну ошағы пайда болып, ортасын-дағы тері тесіліп, жүмсақ тіндер шіриді (25-сурет).

25-сурет. Нома (сулы рак).

Ауыз қуысында бұл процесс қызыл иекке жайылып тістер босап қалады, сонан соң процесс ауыз қуысының түбіне, тіл, жоғарғы және төменгі жақ сүйектеріне көшеді.

Бет терісінде процесс ауыз қуыс аумағынан иекасты үшбұрыштарына түседі. Ол теріден жұмсақ тіндерге тереңдеп жоғарғы және төменгі жақ сүйектерін қамтиды. Өлеттенген тіндер шіріп, олардан жағымсыз иіс шығып, лайлы сұйықтық бөлініп түрады.

Зақымданған тіндер басқанда қатты ауырады. Бет номасы пневмо-ниямен, ал өлеттенген тіндермен аспирацияланса өкпе гангренасымен асқынуы мүмкін. Номаның прогрессивті ағымы сепсиске әкелуі мүмкін. Аурудан кейін дамитын функционалды, косметикалық тыртықталуы және ақауларының дәрежесі номамен зақымданған жердің көлеміне байланысты.

Диагнозы, ажырату диагнозы. Номаның диагнозы, айқын клиникалық көрінісіне, микробиологиялық, морфологиялық және иммунологиялық зерттеу мәліметтеріне сүйене отырып қойылады. Нома шіріп өлеттенген флегмоналар, іріңді, шіріп-өлеттенген паротит және ыдыраған қатерлі ісіктерден ажыратылады. Флегмона тіс түбірлерінің ұшында дамып, клетчаткалық кеңістіктерде орналасады, паротит без тіндерінен дамып, тіндері шектеліп өлеттенеді, ал нома мен қатерлі ісікті ажыратқанда морфологиялық зерттеу мәліметтеріне сүйенген жөн.

Емі. Организмді дезинтоксикациялап, барлық ағзалар мен жүйелердің қызметін қалыпты жағдайда ұстап, организмнің қорғаныс жұмысын күшейтуге бағыттау керек. Қан тамыры арқылы антибиотиктер, десенсибилизациялайтын, дезинтоксикациялайтын, жүрек-қан тамырларының қызметін жалпы организмді күшейтетін дәрілер жібереді. Осымен қатар, қан немесе қан орнына қолданылатын заттар қүйылады. Жергілікті зақымданған жерлер фурациллин, фермент ерітінділерімен жуып-шайылып, 0,25%-тен 0,5%-ке новокаин немесе тримекаинге ерітілген мөлшері 25—100 мл дейін антибиотик ендіріледі. Антибиотиктер, антисептик және финлепсин мен таңбалар тартылады.

Болжамы. Номаның прогрессивті ағымы науқас өміріне қауіпті, ал шектеліп өлеттенген ошақ қауіпсіз болмағанымен косметикалық, функционалдық өзгерістер ұзақ ем қажет етеді.

Алдын алу. Әлсізденген балалардың жалпы организмін күшейтуге ем жүргізіліп, ал қан айналымы бұзылған, жұқпалы ауруы бар балаларда нома көп кездесетіндіктен жоғарыда айтылған ем керек. Осымен қатар, ауыз қуысының гигиенасы, санация, шырышты қабық жарақаттарының алдын алу керек.

ТІЛМЕ (РОЖА)

Тілме — терінің және шырышты қабықтардың жедел сарысулы немесе сарысулықанды қабынуымен сипатталанатын организмнің жалпы улануымен көрінетін инфекциялы дерт.

Этиологиясы. А тобындағы бетта — гемолитикалық стрептококк тілме қоздырғышы болып табылады. Ауру қоздырғышы стрептококктың басқа да сероварлары болуы мүмкін, ал ауру ағымы ауыр жағдайда, патологиялық процесте т. б. микробтар, соның ішінде стафилококк та қатысады.

Патогенезі. Организм сенсибилзацияланып оның жалпы және жергілікті антиинфекциялық қорғаныс факторлары төмендегенде тілме дамиды. Гетеро-және аутосенсибилизациялық факторлардың ішінде терінің және жалпы организмнің салқындауы, қажуы, созылмалы аурулардың өршуі, әртүрлі стресті жағдайлар жататынын атау керек. Терінің қарсыласу және бактериоцидтік белсенділігінің көп маңызы бар. Аурудың дамуы, әсіресе терінің стрептококкпен ұрықтанғанында ықтимал. Инфекция ену көзі тері, көп жағдайларда, оның жарақаттары эрозиялар, қабыну дерттері.

Кей жағдайларда тілмеге организмнің туа біткен бейімділігі де байқалады. Организм сенсибилизацияланып оның иммундық қорғанысы бүзылады, қан қүрамында гистамин көбейіп және организмнің гистаминді залалсыздандыру қызметінің төмендеуі тілменің дамуына әкеліп соқтырады.

Патологиялық анатомиясы. Тілменің патологиялық анатомиясы терінің емізікше қабатының сарысулы немесе сарысулы-қанды қабынуымен және ретикулярлық қабатының домбығуымен сипатталады. Қан және лимфа тамырлары кеңейіп, құрамында көптеген микробтар бар экссудатпен толады. Қан тамырларының айналасында, лимфоидты және ретикулогистиоциттардан тұратын клеткалы инфильтрация байқалады. Пайда болған экссудат эпидермиске қарай тарайды да, құрамында фибрині бар көптеген көпіршіктер пайда болады.

Экссудат жанасып жатқан клетчаткаға жайылып оның флегмонозды қабынуына кей кезде өлеттенуіне соқтыруы мүмкін.

Клиникалық көрінісі. Бет аймағында көбінесе тілменің алғашқы қабынуы дамиды. Инкубациялық кезеңі бірнеше сағаттан 4—5 күнге созылады. Ауру жедел басталып, жалпы қабыну көріністерімен сипатталады. Кейбір жағдайларда ауру, дене қызуының субфибрилді температурасымен, бас ауруымен, әлсізденуімен және жалпы жағдайының нашарлауымен басталады.

Ауру басталған соң 2—3-ші күні, оның жалпы көріністері күшейе түседі, дене қызуы 3 8°-қа дейін көтеріледі. Науқас лоқсып, құсып, денесі қалтырап, қан айналымы бұзылады, есеңгіреп, сандырақтайды. Аурудың жергілікті көріністері жалпы көріністерімен бірге немесе ауру басталғаннан соң 2—3 күннен кейін дамиды. Бетте тілме көбінесе мұрын, ұрт аймақтарында, көбелек тәріздес болып орналасады. Дами бара қабыну қабақ, мойын, құлақ, бастың шаш бөлігіне қарай жайылады. Кей кезде ауыз қуысының шырышты қабығы, жұтқыншақ, ауыз қуысының түбіне жайылып, ауру ағымын ауырлатады. Аймақтық лимфа түйіндері үлкейіп ауырсынуы мүмкін. Тілменің клиникалық жіктелуінің негізіне жергілікті өзгерістер алынған. Оның эритематозды, эритематозды-буллезды, эритематозды-қанды және бул-лезды-қанды түрлерін ажыратады осымен қатар, өлеттенген және флегмонозды асқынған түрлері де болады. Қамту аймағына байланысты, жергілікті, көшпелі (блуждающий) немесе жайылмалы түрлерін ажыратады. Жалпы қабыну процесінің ағымына қарай жеңіл, орташа, ауыр және біріншілік, рецедивті (бірнеше айдан 1—2 жылға дейін), қайталанған (алғашқы тілмеден 2 жылдан аса уақыттан соң) түрлеріне бөлінеді.

Диагнозы және ажырату диагнозы. Тілмені анықтап диагнозын қою аурудың жалпы клиникалық көріністеріне негізделеді. Егер тілме ошағында орналасқан көпіршіктерден патогенді стрептококктар бөлініп шықса, оның диагнозын анықтау тіпті оңайға түседі. Тілмені жақ аймағының абсцесі, флегмонасы, лимфаденит, бет ве-насының флебиті, актиномикоз және сібір жарасынан ажырата білу керек.

Емі. Тілменің эритематозды түрінде сульфаниламид, витаминдер, десенсибилизацияландыру, осылармен қатар науқасқа тыныштық және ультрасәулесімен емдеу тағайындалады. Оның басқа түрлерінде антибиотиктер және қабынуға қарсы комплексті ем жүргізеді. Флегмонозды немесе өлеттенген түрі дамыған жағдайда жоғарыда атап өткен емге қоса науқастың жасын, қосақталған ауруларын ескере отырып қосымша интенсивті (екпінді) терапиялық ем қолдануын қажет етеді. Аурудың жеңіл түрінде витаминдер, метилурацил, пентоксил, продигиозон және аутогемотерапия тағайындалады.

Тілменің эритематозды-буллезды, буллезды-қанды, флегмонозды, өлеттенетін түрлерінің жергілікті емі көпіршіктер мен іріңді ошақтарды ашып, өлеттенген тіндерді кесіп алып тастауды қажет етеді. Зақымданған жерлерге фурацилинмен Вишневский, Шостаковский майларымен емдік таңбалар тартылады. Ауру инфекцияның жайылуы, менингит, сепсиспен асқынуы мүмкін. Тілмен ауырған науқастарды арнайы инфекциялы бөлімшелерде емдеген жөн. Аурулар толық емделіп шығады, бірақ жасы келген, кәрі кісілерде тілме асқынып өміріне қауіп төндіруі мүмкін.

Алдын алу инфекция енетін көздерді жою, әртүрлі физикалық ем-тәсілдерін қолданып терінің резистенттігін көтеруден тұрады. Осымен қатар одонтогенді ошақтарға санация жасап, ауыз қуысының, беттің гигиенасын сақтау керек. Тілменің рецидивті түрімен ауыратын науқастар диспансерлік есепке алынып, жыл бойы бициллин емін алуы керек.








Дата добавления: 2015-04-03; просмотров: 2427;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.005 сек.