Пневматолитикалық процесс немесе пневматолиз(«пневма» - грекше газ).

Пневматолиз – газды фазадан минералдың түзілу процесі. Магма кристалдануының кейбір сатыларында газ бөлінуі мүмкін. Жарықтардың (трещины) бойымен жоғары қарай жылжу кезінде бұл газдар салқындайды да, бір-бірімен реакцияласып, тау жыныстарымен бірігіп минералдар пайда болады.

Пневматолиз өнімдері – пневматолиттер жанартау және тереңдік (глубинные) түрлерге бөлінеді.

Жанартаулық пневматолиттер жерге жақын немесе жер бетіндегі магмадан бөлінетін газдар есебінен жанартаулық аймақтарда пайда болады.Жанартаулық газдар жанартаудың аузынан, фурморалдардан және жарықтар (трещины) арқылы көп мөлшерде атмосфераға таралады.

Атқылау кезіндегі (при извержениях) негізгі газдар болып су булары: HCl, H2S, SO2, NH4Cl, CO2, H2, O2, хлорлы және күкірттіқышқыл косылыстар Na, K, Ca болады. Сондай-ақ газдарда Fe, Cu, Mn, Pb хлорлы қосылыстар, бор, фтор, бром, фосфор, мышьяк, сурьма, т.б. косылыстары кездеседі.

Жанартаулардан шығып жатқан газдардың мөлшері туралы мынадай деректерге сүйеніп, айтуға болады. Мысалы Аляскадағы Он мың түтіннің алқабында бір жылда 1 250 000т НСІ және 200 000т HF ауаға шыққан. Этна жанартаудың жанындағы бір конустан шыққан сулы булы жинақтағанда күніне 20 млн.л. су болар еді.

Жанартау әрекет барысында пайда болатын минералдар әдетте қатпар, микрокристалды қабыршақтар түрінде болады, топырақты агрегаттар береді.

Минералдардың пайда болуына мына реакциялар мысал бола алады:

2FeCl3 + 3H2O = Fe2O3 + 6HCl

гематит

2H2S + O2 = 2H2S + 2S

күкірт

Шығу тегі жанартаулық минералдардың өндірісте қолдану мүмкіндігі өте шектелген: бұл біріншіден, таза күкірт (кейде құрамында селен болады), оның шағын кен орындары Камчаткада, Курил аралдарында, Жапонияда, Чили және Италияда ғана бар.

Тереңдік пневматолиттер (глубинные пневматолиты) жер қабығының қыртыстарында газдардың магматикалық ошағынан ажырауы кезінде түзіледі. Олар тау жыныстары арқылы сүзіледі (просачиваются), химиялық және минералогиялық құрамын өзгерте отырып олармен реакцияласады. Газдың әсерінен тау жыныстарының химиялық өзгеру (преобразование) дәрежесі олардың химиялық белсенділігіне, тау жыныстары құрамына,тектоникалық құрылысына және процестің ұзақтығына байланысты.Тереңдік минералдарының пайда болу кезінде газдармен бірге сулы ыстық (гидротермальді) ерітінділер да әрекет ететіні анық.

Тереңдік пневматолиттерге кейбір тамырлы денелерді (жильные тела) (жарықтарды толтыратын денелер) және грейзендерді жатқызуға болады. Грейзендер- граниттер мен тамырлы (жильные) тау жыныстарды орташа тереңдік жағдайларында магматикалық эманациялармен(газды және сулы ерітінділермен) өндеудің арқасында, сондай-ақ эффузифтер мен кремнезём және кейбір қалдықты – метаморфтық тау жыныстарға бай жыныстар.

Минерологиялық тұрғыдан алғанда грейзендерде кварц басым болып келеді. Бұдан бөтен, олардың құрамында мусковит, литий слюдалары, топаз, турмалин, флюорит, рутил жиі кездеседі. Рудалық металдардың ішінен касситерит пен вольфрамит тән, ал молибденит пен арсенопирит сирек болады. Грейзендерде берилл, әсіресе асыл тастарға жататын теңіз түстес мөлдір түрі – аквамарин жиі кездеседі.

Гидротермальді процесс.Гидротермалар – магмадан бөлінетін немесе газдардың жанып кету нәтижесінде пайда болатын ыстық сулы ерітінділер.

Гидротермальді ерітінділер магмалық ошақтан бірқатар минералдар қосылыстарын ығыстырып шығарады. Бұдан басқа, гидротермалар өздері жылжыған бүйірдегі тау жыныстардан әр түрлі заттарды қосып алуы мүмкін.

Гидротермалар қозғалысының себебі – қысымдардың әр түрлі болуынан. Ерітінділер ішкі қысымы сыртқы қысымынан жоғары болғанда, ерітінділер ең кіші қысымға қарай қозғалады әдетте жоғарыға, жер бетіне қарай жылжиды. Өздерінің қозғалысы кезінде олар түрлі тектоникалық бұзылыстарды (тектонические нарушения), сынықтарды (разлом), жарықтарды (трещины), жақындасу аймақтарын пайдаланады. Ерітінділер магматикалық ошақтан алыстаған сайын олардың температурасы да төмендей береді. Температура төмендеуінің және енген түрлі тау жыныстары реакцияласу нәтижесінде гидротермалар өздерінің жүгін минералдар түрінде тастайды (отлагают),сулы ерітілерді минералдардың бөлінуі (каллоидтік) гидротермольді процестің табиғатын көрсетеді.

Гидротермалар жоғары орташа және төмен температуралы болуы мүмкін, сәйкесінше, пайда болу температурасына байланысты гидротермальді кеңдерді (месторождения) бөледі: жоғары температуралы 4500-3000, орташа температуралы (3000-2000), төмен температуралы 2000-тан төмен.

Гидротермалар да газдар сияқты бүйірдегі тау жыныстардың арасынан өтеді (просачиваются), олармен химиялық реакцияға түседі, жаңа қосылыстар енгізе отырып, олардың орнын басады. Осылайша метосоматикалық денелер құрылады. Олардың пішіні құбыр тәріздес немесе дұрыс емес пішінді болып келеді және де олардың көп бөлігі карбонатты тау жыныстар арасында болады.

Д.С. Коржинский метасоматозды былай түсіндіреді: «тау жыныстарының химиялық құрамын өзгерте отырып орнын басу, мұның барысында ескі минералдардың еруі мен жаңа минералдардың жиналуы бір мезгілде жүреді, сондықтан да орын басу процесі кезінде тау жыныстары үнемі қатты күйін сақтап қалады».

Көптеген түсті, сирек және радиоактивті металдар рудаларының, сондай-ақ алтын мен металл емес пайдалы қазбалардың шығу тегі – гидротермальді.








Дата добавления: 2015-06-10; просмотров: 1294;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.005 сек.