Желдету процестері
Желдету процестері тау жыныстары мен минералдардың механикалық бұзылуына және химиялық ажырауына (к разложению) әкеліп соқтырады.
Су мен жел, жер бетіне жақын температура тербелісі (колебания), ауаның оттегісі мен көмірқышқылы, организмдердің өмір сүру әрекеті желдету агенттері болып табылады. Желдету екпенділігі климатқа, жергілікті жердің рельефіне, тау жыныстары мен минералдардың химиялық құрамына да байланысты.
Физикалық желдету нәтижесінде тау жыныстары мен минералдардың механикалық бұзылуы – олардың дезинтеграциясы жүреді. Сындырылған материал (обломочный материал) не орнында қалады немесе су ағындарымен жылжып кетеді. Мұның барысында жаңа минералдар түзілмейді, бірақ механикалық бұзылу, тасымал мен жинақталу нәтижесінде көптеген құнды минералдардың көзі – ұнтақтар (россыпи) түзіледі.
Химиялық желдету барысында минералдардың химиялық ыдырауы (разложение) және үстірт жағдайларға (поверхностные условия) шыдамды жаңа минералдардың түзілуі жүреді. Бұл жерде қалдық түзілістерді атап айтқан жөн. Құрамында түрлі силикаттар мен алюминий силикаттары бар тау жыныстарының ыдырауы кезінде ерігіш заттар (калий, натрий, кальций, магний тұздары) ығыстырылып шығады. Қиын ерігіш заттар – глинозем мен кремнизем бұзылу орнында қалады немесе шамалы ғана жылжиды.
Дата добавления: 2015-06-10; просмотров: 1296;