Сурет 2-сурет
Гемокультура әдісі - қанды бактериологиялық зерттеу ең басты және ерте, нақты нәтиже беретін диагностикалық әдіс болып табылады. Серологиялық әдістің тиімділігі 90-95 % (1,2 сурет).
Алдын алу шаралары. «Іш сүзегі мен парасүзек ауруларын ескерту жөніндегі санитарлық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу» (6 ақпан 2008 жыл бұйрық №52) санитарлық-эпидемиологиялық ережелері мен нормаларына сәйкес жүргізіледі.
Іш сүзегін алдын алу шаралары 3 бағытта жасалады:
1. Инфекция көзіне бағытталған шаралар.
2. Берілу механизміне бағытталған шаралар.
3. Қабылдағыш организмге бағытталған шаралар.
Инфекция көзіне бағытталған шаралар. Ошақта эпидемиологиялық тексеру төтенше хабарлау(Ф.058 у.) алғаннан кейін қалада 12 сағат,ал ауылдық жерде 24 сағат ішінде жүргізілуі қажет.Емдеу-профилактикалық мекемеде жұқпалы ауруларды тіркеу журналына тіркейді (ф.№ 60 у.).Хабарлама қоса МСЭҚБ-на телефон арқылы хабарлайды.Негізгі инфекция көзі-науқас адамды ерте анықтау, міндетті түрде инфекциялы аурулар ауруханасына жатқызып емдеу қажет. Науқастар ауруханадан антибиотикпен емдеуді тоқтатқаннан кейін 3 реттен кем емес зәр мен нәжісін бактериологиялық тексеруден өткізген соң, қызбасы 21 күн қалыпты болғанда шағарылуы тиіс.
Диагнозы қойылмаған науқастар, дене қызуы 3 және одан да көп күн көтерілгендер іш сүзегіне қарсы тексерілуі тиіс.
Бактериологиялық және серологиялық зерттеудің нәтижесі оң болған жағдайлар бактерия тасымалдаушы ретінде қарастырылуы тиіс, оларға емдеу жүргізу, есепке алу, медициналық бақылау белгілеу керек. Тасымалдаушылықты анықтау үшін диспансерлік бақылау (сауыққан адамдарға) және алдын алу тексерулер («декреттелген топ» жұмысқа тұрар алдында және жыл сайын) жасалады.
Созылмалы тасымалдаушылар СЭҚБ тіркеуге алынады, су, тағам, балалар мекемелеріне, яғни эпидемиологиялық қауіп төндіруі мүмкін жұмыстан босатылады.
Берілу механизміне бағытталған шаралар.Іш сүзегін алдын алуда ең маңызды санитарлық -гигиеналық шаралар болып табылады:
1. Халықты сапалы сумен қамтамасыз ету, су көздерінің санитарлық нормалар мен ережелерге сәйкестігін қадағалау, су құбырлары мен су тарату жүйесінің санитарлық-техникалық жағдайын қадағалау.
2. Қалдық суларды су қоймасына жіберер алдында тазарту, залалсыздау.
3. Тұрғылықты жерді уақтылы тазарту, қалдықтарды уақтылы шығару, жою, әжетханаларды тазарту.
4. Тағам өнімдерін өңдеу, дайындау, тасымалдау, сақтау, тарату, қолдану барысында санитарлық қадағалау.
5. Көпшілік тамақтандыру орындары және балалар мекемелерінде эпидемияға қарсы тәртіптің орындалуын қадағалау.
6. Жеке бас гигиенасын сақтау.
7. Санитарлық – ағарту жұмыстарын жүргізу.
Қабылдағыш организмге бағытталған шаралардың негізі–активті иммунизациялау. Ошақта науқаспен қатынаста болған адамдар 21 күн медициналық бақылауға алынады, күнделікті дене қызуын өлшеу, сыртқы терісін бөртпелерге қарсы тексеру, бактериологиялық, серологиялық әдістермен тексеру, бактериофаг беру қажет. Карантин – 21 күн.
Жоспарлы түрде эпидемиологиялық көрсеткішпен вакцина егу төменгі контингентке жасалуы тиіс:
- Канализация жүйесін тазалайтын және қоқыстарды жинайтын, елді мекендерді санитарлық тазалаумен айналысатын жұмысшыларға;
- Инфекциялы ауруханада ішек инфекциялы аурулар бөлімдерінің медициналық қызметкерлеріне, бактериологиялық зертхана қызметкерлеріне;
- Елді мекендерде эпидемиологиялық жағдайға сәйкес және төтенше жағдайлар кезінде эпидемиялық көрсеткіштері бойынша қатынаста болғандарға.
Іш сүзегі және парасүзек ошақтарында эпидемияға қарсы іс-шаралар:
1) Ошақта эпидемиологиялық тексеру төтенше хабарлау(Ф.058 у.) алғаннан кейін қалада 12 сағат,ал ауылдық жерде 24 сағат ішінде жүргізілуі қажет.Емдеу-профилактикалық мекемеде жұқпалы ауруларды тіркеу журналына тіркейді (ф.№ 60 у.).Хабарлама қоса МСЭҚБ-на телефон арқылы хабарлайды.барлық науқастарды сұрау, тексеру, дене қызуын өлшеу, зертханалық тексеру арқылы анықтау.
2) іш сүзегімен және парасүзекпен ауырған науқастарды уақтылы оқшаулау;
3) іш сүзегі немесе парасүзекпен бұрын науқастанған адамдарды, жұқтыру қауіпі туындаған адамдарды, декреттелген контингентті (күдікті тағамдар мен суды қолданған; науқастармен араласқан) зертханалық әдіспен анықтау және зертханалық тексеру жүргізу;
4) барлық 1 рет ауырған адамдардың ошағында бір рет нәжісін бактериологиялық тексеру және қанның құрамындағы сарысуын ГАТРӘ қорытындысы оң болған адамдардың зәрі мен нәжісін 1 рет қайталап бактериологиялық әдіспен тексеру;
5) топтық ауру пайда болған жағдайда, инфекцияның көзі болуы мүмкін күдіктілерге зертханалық тексеру жүргізу керек. Зертханалық тексеруге кемінде 2 күн сайын 3 рет нәжісі мен зәрін бактериологиялық тексеру және 1 рет қан сарысуын ГАТРӘ әдісімен тексеру. РПГА қорытындысы оң адамдар 2 күн сайын кемінде 5 рет нәжісі мен зәрін бактериологиялық тексеруге тапсырады, ал тексерудің нәтижесі теріс болса 1 рет өті тексеріледі;
6) іш сүзегімен немесе парасүзекпен ауырған науқаспен үйінде араласқан декреттелген контингент құрамындағы адамдар, науқасты ауруханаға жатқызып, үйге соңғы дезинфекция өткізіп, оның нәтижесін, зәрін 1 рет бактериологиялық тексерудің және РПГА теріс қорытындысын алғанға дейін уақытша жұмысынан шеттету;
7) жұқтыру қауіпіне ұшыраған адамдарды зертханалық тексеру, медициналық бақылау, күнделікті дәрігерлік қарау және науқасты оңашалау сәтінен бастап іш сүзегінде 21 күн, парасүзек кезінде 14 күн дене қызуын өлшеу тиіс;
8) іш сүзегімен және парасүзекпен ауыратын науқастар бактерия тасушылар тез арада оңашаланып, емдеу мекемелеріне тексеруге және емдеуге жіберіледі;
9) іш сүзегі ошағында іш сүзектік, парасүзектің ошағында көп валентті сальмонеллездік бактериофаг беріледі. Бактериофагпен емдеу материалды бактериологиялық тексеруге алғаннан кейін жүргізіледі. Реконвалесценттерге де бактериофаг беріледі.
Іш сүзегі, парасүзектерге қарсы дезинфекция міндетті түрде жүргізіледі:
1. Күнделікті дезинфекция ауру анықталысымен, реконвалесценттер емделіп шыққаннан кейін 3 ай жасалуы тиіс. Күнделікті дезинфекцияны науқасты күтушілер, реконвалесценттің өзі, бактерия тасымалдаушы жасайды.
2. Іш сүзегі науқасы, бактерия тасымалдаушының ошағында күнделікті дезинфекцияны емдеу мекемесінің медицина қызметкері ұйымдастырады.
3. Қорытынды дезинфекцияны дезстанция қызметкерлері немесе СЭҚБ-ның дезинфекциялық бөлімінің қызметкерлері, қалалы жерде ауруды ауруханаға жатқызғаннан кейін 6 сағат ішінде, ауылды жерді 12 сағаттан асырмай жасалуы тиіс.
Дата добавления: 2015-01-26; просмотров: 5369;