Бактериологиялық тексеруге арналған материалдарды жинау мен тасымалдау.
Бактериологиялық тексеруге арналған материалдарды арнайы нұсқау алғанмедицина қызметкері жинайды.Нәжіс негізгі тексерілетін материал болып табылады.Тез өрбитін гастроэнтерит түрінде өтетін ауруларда қосымша құсықтар пен асқазан шайынды сулары тексеріледі.Науқас нәжісті шығарғаннан кейіноны стерильді шпательмен немесе алюминий сымынан жасалған тұзақпен алады. Нәжістің 2-3 грамымен бірге міндетті түрде патологиялық қоспаларды (сілемейді, қанды, іріңді) қосып алады. Нәжісті стерильді банкілерге(сынауықтырға) салады,егер зертханаға жеткізу 2 сағаттан аспайтын болса оны суықта сақтайды. Сақтау мерзімі 2 сағаттан асатын болса,көліктік орталарды, консерванттар немесе байыту орталары (селенитті сорпа, Мюллер ортасы) пайдаланылады. Тырысқаққа күдікті болса, нәжісті сол күйінде немесе 1% сілтілі пептонды судың ішіне салып апарады.Тік ішектен нәжісті стерильді алюминий сымынан жасалған тұзақшаны немесе стерильді мақта тампонын енгізу арқылы алуға болады.Құсық пен асқазанды шайған суларды (50-100 мл) стерильді банкелерге, сынама бейтарап реакция (рН индикатор қағазымен бақыланады) бергенше 10% стерильді сода ерітіндісін қосып жинайды.
Ішек инфекциясымен ауырған науқас қайтыс болған жағдайда, мәйіттің органдарын: аш және тоқ ішектің ішіндегі заттар,аш және тоқ ішектің кесінділері,өт,бауыр,көк бауырдың бір бөлігі, қан, лимфа түйіндері, сүйек кемігі бактериологиялық тексеруден өтуі керек. Мәйіттің әр түрлі органдарынан алынған сынамалар стерильді шыныларға жеке-жеке салынады.
Санитарлық-ағарту жұмысын жүргізу кезінде инфекция көзі ретінде жедел немесе созылмалы түріндегі науқастың ауру таратудағы маңызын, аурудың су,тағамдар,жеміс-жидектер арқылы таралуын алдын алуды,күресу шараларын түсіндіру керек.
Дата добавления: 2015-01-26; просмотров: 3226;