Дәріс. ОНЖ бөлімдері. Бас миы. Ми бағанасы.

Жұлын. Жұлынның құрылымындағы басты бір ерекшелігі оның құрылысы сегмент пішінді бірнеше қайталанып орналасуынан болады, басқаша айтқанда 31-33 сегменттен тұрады. Оның артқы жағынан нерв түбіршелері (тамырына) кіреді, онда артқы түбірше, ал алдыңғы бөлігінен алдыңғы түбірше шығады, сондықтан алдыңғы түбірше деп атайды (3-сурет).

8 мойын (С1Vll)

12 кеуде (Т1XІІ)

5 белдеме (І1V)

5 сегіз көз (S1-SV)

1-3 құйымшақ (Со1-СоІІІ)

Жұлынның өне бойында екі жерден қалыңдайды немесе жуан-дайды, біреуі мойын бөлігінде, екіншісі белдемеде. Осы жерде басқа бөліктеріне қарағанда нейрондардың саны өте көп.

Жұлынның рефлекторлық қызметі

Еттің созылу рефлексі. Егер еттің сіңіріне механикалық соққымен әсер етсе, еттер (созылып) жиырылып қозғалысқа келеді. Мысалы, тізеде тобықтың сіңіріне жайлап соқса, балтыр еті жиырылып, сол аяғымыз қозғалысқа түседі. Бұл жердегі рефлекс доғасы мынадай жолмен жүреді.

1) Төрт басты ет рецепторы → жұлын түйіні → артқы түбіршек → ІІІ бел сегментінің артқы өсіндісі → сол сегменттің алдыңғы өсіндісіндегі мотонейроны → төрт басты еттің талшығы. Ал осы рефлекстің тууы немесе жауап беру реакциясы, егер жазылғыш еттер жиырылған кезде бір уақытта бүгілгіш еттерде жиырылмаған жағдайда мүмкін болмас еді.

2) Тері рецепторының рефлекс тітіркендіргіштің күшіне және ті-тіркендірген рецептордың түріне, оның ең соңғы реакциясы бүгілгіш еттердің жиырылуы арқылы болады.

3) Вицеремоторлы рефлекс ішкі органдардың эфференттік нерв-тердің қозуынан пайда болады. Мысалы, көкірек клеткасы, құрсақ қабырға еттері және арқаның жазылғыш еттері.

 

Бас миы. Ми бағанасы

Бас миы (encephalon) шығуына, құрылысына және атқаратын қызметіне байланысты екі үлкен бөлікке бөлуге болады:

Ми бағанасы және алдыңғы ми. Алдыңғы миға аралық ми және үлкен ми жатады (6-сурет).

Ми бағанасына жататындары: сопақша ми, артқы ми (көпір және мишық), ортаңғы ми. Филогенетикалық жағынан қарастыратын бол-сақ, ми бағанасы үлкен ми сыңарларына қарағанда ескілеу құрылым болып табылады. Осы ми бөлімінде жұлынға тән кейбір белгілерінің орны сақталған. Олар қандай?

Біріншіден – жұлынға тән сегменттері әлі сақталған. Оның дәлелі мидан шығатын нерв түбірлері (корешок) және бас миы, нерв ядролары белгілі бір ретпен орналасқан.

Екіншіден – жұлыннан басталатын қозғалғыш, вегетативтік және сезгіш нервтердің топографиялық дамуы да әрі қарай бағанада жалғасып жатыр.

 

Сопақша ми (medulla oblangat)

Сопақша ми ұзындығы 25 мм жұлынның жалғасы. Жұлынға қарағанда сопақша мидың құрылымы күрделі, әсіресе ядроларының әр түрлілігі және құрылысында болады. Бұл жерде құрылысы қайтала-нып, метамерлі емес сұр зат ядро түрінде шет жақта орналасқан.

Оливье (зәйтүн) сол арқылы жұлынмен эксрапирамидалды жүйе және мишықпен байланысады. Оливье – жұқа сына тәрізді ядро немесе Голля, Бурдаха ядролары деп аталады.

Осы жерде төмен қарай және жоғары жүретін пирамидалық жолдардың қиылысқан, байланысқан жері, олар сына тәрізді шоқтар-дан (Голля және Бурдаха) реткулярлы формациялардан тұрады.

Сопақша ми өзінің ядро құрылымдары және ретулярлы торлары арқылы вегетивтік, соматикалық дәм сезу, есту, вестибулярлық рефлекстердің жүруін іске асыруға қатысады.

Сопақша ми ядроларының ерекшеліктерінің бірі ядроларында біртіндеп қозу процесінің нәтижесінде күрделі рефлекстің іске асуын қамтамасыз етеді. Әсіресе, асты жұту кезінде бірнеше ет біртіндеп, белгілі бір ретпен жұмыс істейді.

 

Көпір (Варолий көпірі)

Көпір сопақша мидан жоғары орналасқан, сезгіштік, өткізгіштік, қозғалғыштық және интегративтік рефректорлық қызмет атқарады.

Көпірдің құрамына мынадай нервтердің ядролары кіреді – бүру (бет, үшкіл) немесе шеттетпе (отводящий) – улитковый.

Көпірдің ретикулярлы торы ортаңғы және сопақша ми торларымен жалғасып жатады.

Көпірдің ең басты құрылымының бірі – мишықтың ортаңғы аяғы. Осы арқылы үлкен ми қыртысы мишықтың жарты шарларымен байланысып, компенсаторлы және морфологиялық қызметті қамтама-сыз етеді.

Көпірдің сезімталдық қызметін қамтамасыз ететін үшкіл және предверно – улитка нервтері. Бұл жерде вестибулярлы тітіркендіргіш жердің тартылыс күшіне және бағытына талдау жасайды.

Ал үшкіл нерв ядросы сезуді бет еті рецепторынан, бастың алдыңғы шаш бөлігінен, мұрын қуысындағы шырышты қабаттан және ауыздан, тістен, көздің алмасының дәнекер қабығынан (конъектива) қабылдайды.

 

Ортаңғы ми

Төрт төмпешіктен және оның аяқтарынан тұрады. Ортаңғы мидағы ең бір ірі ядроларының бірі қызыл ядро, қара зат, көз қимылдатушы және шытырын (блоковидный) нервтерінің ядросы, сонымен бірге торлы формация ядролары бар. Сезімталдық қызметі есту және көру информациясын іске асырады. Өткізгіштік қызметі – осы жерден мидың жоғарғы бөлігін таламус, үлкен ми және мишыққа қарай жоғарғы көтерілуші жол өтеді. Ал төменгі жол сопақша ми жұлынға қарай өтеді. Олар пирамидалық жол, қыртыс көпір, руброретикул спиналды жол.

Қозғалғыштық қызметі – блок тәрізді нерв, қозғаушы нерв ядросы, қызыл ядро, қара зат ядролары арқылы іске асырылады.

Қызыл ядро ми аяғының жоғарғы жағында орналасқан үлкен мидың қыртысымен байланысты. Егер қызыл ядро мен сопақша мидың ретикулярлы формациясының арасындағы байланыс бұзылса, еттердің сіресуі (децеребрациялық ригидность) деген құбылыс пайда болады. Былайша айтқанда, жазылғыш еттер стресіп, әсіресе аяқ-қол, мойын, арқа еттері қатып, тонусы күшейеді. Оның басты себебі вестибулярлы ядроның немесе ядро еттерін реттеуін жазылдырғыш мотонейронның активтілігінің әсерінен болады.

Қызыл ядро үлкен ми қыртысынан алған ақпараттарды төменгі бөлігіне, қыртыс асты ядросына және мишыққа іс-қимыл жасауға дайындал деген ақпаратты және тірек қимыл аппараттарының күйін жұлынның мотонейронына руброспиналды жол арқылы өткізеді. Сөйтіп, бұлшық еттердің тонусын реттейді

Қара зат– бұл ортаңғы мидың аяқтарында орналасады, шайнау, жұту актілерін және адам жазғанда саусақтарының нақты, дұрыс қимылын реттейді.

Аралық ми

Үшінші қарынның қабырғалары аралық мидан тұрады. Эмбрио-налды даму кезінде ол алдыңғы ми көпіршігінен пайда болған.

Бұл мидың басты бөліктері: таламус немесе көру төбесі, гипота-ламус немесе көруші төбенің астыңғы аймағы. Таламус ядролары үшінші қарыншаның қабырғаларында орналасқан, ал гипоталамус ядролары қарыншаның төменгі және төменгі бүйір қабырғаларында орналасқан.

Үшінші қарынша жоғарғы беткейі, төбесі және эпифизден тұрады.

Аралық мидың сұр тканінің тереңдігінде сыртқы және ішкі тізелік денесінде ядролар орналасқан.








Дата добавления: 2015-01-21; просмотров: 9173;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.01 сек.