Таламус
Таламус клеткаларының сұр заты топтасып көп ядро құрайды, барлығы 40-қа жақын әр түрлі ядролар бар. Орналасуына қарай мынадай топтарға бөлінеді: алдыңғы, интрамуралды, ортаңғы және артқы. Атқаратын қызметіне қарай спецификалық, спецификалық емес ядролар деп екіге бөлуге болады. Спецификалық емес ядролар аксондары диффузды түрде ми қыртысының барлық бөліктеріне жіберетін болса, ал спецификалық ядро нейрондары ми қыртысының белгілі бір клеткаларымен ғана байланысқа түседі. Спецификалық емес ядролар ортаңғы мидағы ретикулярлы формацияның жалғасы, сондықтан да таламустың торлы формациясының қызметін атқарушы деуге болады.
Гипоталамус –аздаған ядролардан тұрады, олар гипофизге жақын мидың табанында орналасқан. Гипоталамусты құраушы клетка ядро-лары вегетативті нерв жүйесінің жоғарғы қабат астындағы орталығы және басқа да органдардың маңызды функциялық орталығы болып есептеледі. Таламустың ерекше ядроларына импульстер экстропира-миалды қозғалғыш аппараттардың рецепторларынан кезеген нерв арқылы ішкі мүшелерге апарады. Бұл жерде соматикалық және интер-рецепторлық импульстер бір-бірімен байланысып, ми қыртысының белгілі бір участогына жетеді. Спецификалық ядроларды тітіркендір-генде қозу ми қыртысына 1–6 м/сек жетеді.
Спецификалық емес ядролар көңіл қою, көңіл бөлу процесінде ұйымдастыруға қатысады. Мұны реформация деп те қарауға болады. Бұл ми қыртысының белсенділігін қысқа уақытқа жоғарылатуға қатысады.
Таламус зақымдалғанда ми қыртысына келетін импульстер тоқта-лады. Мұның құрамына сұр төмпешік (серый бугор) гипофиз және мамиллярлы дене жатады.
Мұнда нейросекретті клеткалар бар, олар: вазопрессин, окситоцин, рилизинг–гормон, т.б. бөледі. Гипоталамус пен гипофиз арасында нервтік және тамыр арқылы байланыс жақсы жетілген.
Қанда каппилляр торы жақсы жетілген. Ол тасымалдау гипота-ламус нервтік жүйе мен эндокриндік жүйенің өзара қарым-қатынасын іске асырады.
Алдыңғы ми. Ми қыртысы асты ядросы
Алдыңғы миға базалды нерв түйіндері және ми жарты шарлары жатады.
Базалды нерв түйіндері ядро типтес құрылымдар, олар үлкен ми жарты шарларының ішінде маңдай аймағы мен аралық мидың арасында орналасады. Бұларға жататындар құйрықты ядролар және “қабыршақ”, “жолақты дене” деген жалпы атпен аталады. Осыған байланысты болуы мүмкін. Сұр затты құраушы нерв клеткаларының жиынтығы қабат-қабат болып, бір нерв клеткада екінші ақ зат (талшықтар) орналасып, жолақтанып жатады.
Солғын шармен қосылып олар миқыртысы ядросының стриопаллидарлық жүйесін құрайды. Бұл жүйе ОНЖ-ның эволю-циялық даму процесінде жоғарғы даму деңгейіне дейін көтеріліп, әсіресе рептилияларда, құстарда алдыңғы мидың ең басты негізгі құрылымына айналады.
Мишық
Сопақша ми мен көпірдің үстінде және мидың жарты шар-ларының артында орналасқан. Эвалюциялық даму жолына қарайтын болсақ, бұл да ертеден пайда болған құрылым деуге болады. Ең алғаш мишық дөңгелек ауыздыларда пайда болған, осыдан бастап барлық омыртқалыларда кеңістіктегі қимыл-қозғалысының дұрыстығын рет-теу қызметі жағынан ұқсас болады.
Анатомиялық құрылысына көз жіберсек, ол ортаңғы бөлігі – черв, оның екі жағында жарты шарлар және бүйір флоккуляронодуалды бөліктері орналасқан (8-сурет).
Электроэнцефалографияның (ЭЭГ) нейрофизиологиялық негізі
Бас миы қыртысының басты нейрондары – пирамидалы және жұлдыз тәрізді нерв клеткалары. Пирамидалы нейрондардың денелері қыртыстың ең терең орналасқан ІV қабатында орналасқанымен де, олардың дендриттері жоғарғы беткейіндегі І және ІІ қабатында бо-лады. Ал жұлдызша клеткалардың денесі де, өсінділері де ІV қабатта орналасқан.
Үлкен ми қыртысының қабаттарында ми қыртысының құрамы пирамидалы, жұлдызша және ұршықты нейрондардан тұрады.
- Пирамидалы нейрондардың пішіні әр түрлі, дендриттерінде, ұшында көптеген тікенектері болады (шипик), олардың аксондары ақ заттар арқылы ми қыртысының басқа аймағына немесе орталық нерв жүйесіне барады.
- Жұлдыздыклеткалардың дендриттері жақсы тармақталған және қысқа аксондары бар. Олар тек ми қыртысының шегінде ғана нейрон-дардың байланысын қамтамасыз етеді.
- Ұршық тәрізді нейрондар ми қыртысы қабаттарының көлденең және ұзына бойымен орналасқан клеткаларды байланыстырып тұрады.
Ми қыртысының әр аймағында нейрондарының құрамы, олардың түрлі қабатында орналасуы әр түрлі. Осыған қарай ғалымдардың зерттеуінің нәтижесінде адамның миын 53 цитоархитектоникалық аймақтарға бөліп, оның картасын анықтаған.
Үлкен жарты шарлардың қыртысы (ҮЖШҚ)
Бұл мидың өте жас құрылымы. Оның даму тарихына тоқталатын болсақ мынадай кезеңдерге бөлуге болады: ежелгі (архикортекс), ескі (палеокортекс) және жаңа қыртыс (неокортекс). Соның ішінде соң-ғысы сүтқоректілерде жақсы дамыған, сондықтан да олардың ерекше-ліктері бар.
Ежелгі қыртысқа иіс сезу төмпешігі жатады, афференттік талшығы мұрын қуысындағы иіс сезу кілегейлі эпителийден келеді. Иіс сезу жолы маңдай бөлігінің астыңғы беткейінде орналасқан.
Ескі қыртысқа белдеме қатпары, гиппокампп және зәйтүн ядросы кіреді. Ал басқалары жаңа қыртысқа кіреді.
ҮЖШҚ-ның нервтік элементтері қабат-қабат орналасқан. Олар алты қабаттан тұрады:
– Молекулалы қабат – нерв клеткалары аздау. Нерв талшық-тарының өрімінен тұрады.
– Сыртқы дәнді немесе бүршікті қабат – дене пішіндері сопақша, үшбұрышты немесе көпбұрышты тығыз орналасқан (4-8 мкм) ней-рондардан тұрады.
– Қабатта әр түрлі мөлшердегі пирамидалы нейрондары орна-ласқан.
– Ішкі дәнді қабат – онда да сыртқы қабатқа ұқсас майда нейрон-дардың жинақталған жері.
– Қабат алып пирамидалы клеткадан немесе басқа клеткасынан тұрады. Одан жоғары қарай ұзын дендрит өсінділері жоғарғы қабатқа дейін жетіп, оны апикалды дендриттер деп те атайды. Ал базалды дендриттер пирамидалы клетканың бүйір жағында орналасқан. Аксон-дар бас миының және жұлынның әр түрлі ядроларында орналасады. Осылардың ішіндегі ең ұзын пирамидалы жол, ол жұлынның құйрық сегментіне дейін жетеді.
– Мультформалы ұршық тәрізді, үшбұрыш формалы нейрон-дардан тұрады.
Жаңа ми қыртысының қызметі–ми қыртысының әр түрлі участогын кесіп алып тастап немесе әр түрлі аурудың нәтижесін электр тоғымен қоздыруы арқылы оның пәрменділігін тіркеудің, жазудың нәтижесінде, ми қыртысының әр түрлі аймақтары белгілі бір атқаратын қызметімен айқындалуы. Соның арқасында қозғалу реакциясында реттеуші моторлық аймақтың болатындығы анықталды. Осындай аймақтар көру, есту, т.б. анықталды.
Мысалы, бірінші соматосенсорлық аймақ артқы орталық қатпарда орналасқан.
Ми қыртысындағы электрлік құбылыс
Бас миының қыртысында синаптық потенциал пайда болуының салдарынан және жеке-жеке нерв клеткаларының заряд алуынан тұрақты электр пәрменділігінің болатындығы белгілі.
Ми қыртысында электр тербелісінің пайда болатындығын ең бірінші тапқан Р.Катон мен А.Данилевский болды.
Жануарлардың басының беткейінен биопотенциалды тіркеуді ең бірінші іске асырған В.Праводич – Неменский (1925 жылы). 1929 жы-лы Г.Бергер адамның басынан электр ацивтілігін тіркеп, электр энцефалограмманы (ЭЭФ) жазды.
Қазіргі кезде ЭЭФ әр түрлі параметрлері жазылып, сипаттамалар беріліп, ми қыртысының әр түрлі аймақтарының күйіне баға беруге де үлкен рөл атқарып отыр. Тыныштық жағдайда ми қыртысының бір-келкі ырғағының жиілігі секундына 8-13 Гц (альфа ритм) шамасында. Ал белсенді қызмет жағдайында оның пәрменділігі жиіленіп тербеліп, амплитудалары онша көп емес 13 секундтан жоғары (бета ритм-ырғағы). Ал ұйықтаған уақытта жай ғана тербелісте болады, 0,5-3,5 в секунды (дельта ритм) деп атайды.
Сонымен ЭЭФ ми қыртысының қызметінің күйін бағалауға, әсіресе наркоздың әсерін немесе әр түрлі ауру жағдайын, оның шығу тегін анықтауда басты рөл атқарады.
Вегетативтік нерв жүйесінің қызметі (ВНЖ)
Сонау француз физиологы Биштен бастап – ХІХ ғасырдың басы-нан ағзалардың атқаратын қызметіне қарай екі топқа бөлінеді: ани-малды немесе денелік және вегетативтік. Анималды қызметке жата-тындар сыртқы тітіркендіруді қабылдап және қаңқа еттерінің жиыры-луы арқылы қозғалу реакцияларын жасау.
Вегетативтік қызметтің нәрі шетінде көбею, өсу, ас қорыту, зат алмасу, т.б. жатады. Осыған сәйкес шеткі нерв жүйесін соматикалық және вегетативтік деп атқаратын қызметіне байланысты екі топқа бөлінеді.
Вегетативтік нерв жүйесі соматикалық нерв жүйесінен өзгешелігі олардың ядролары ОНЖ-да орналасады, олардың талшықтары мидан белгілі бір орталықтан шығады. Олардың талшықтары шеткі вегета-тивтік нерв түйіндерінде үзіліп, нейрондарда синапстер түзейді. Аксондары ішкі органдарға әсер етеді.
Вегетативтік нерв жүйесі симпатикалық және парасимпатикалық болып екіге бөлінеді.
Оларда да орналасуы, ішкі мүшелерге әсер ету, сонымен қатар парасимпатикалық бөлімнің түйіндері болады. Өздері реттеуші мүше-лердің ішінде (интрамурально) орналасады да, ал симпатикалық бөлімнің түйіндері өздері реттеуші мүшелердің ішінде (инрамурально) орналасады, симпатикалық бөлімнің түйіндері бағана шеттеріне орналасқан.
ВНЖ орталықтары ми бағанасында және жұлында орналасады.
1. Ортаңғы мидың орталығында ВНЖ парасимпатикалық бөлімі орналасқан; вегетативтік талшық, ол жерден көз қозғаушы нервтің құрамымен шығады.
2. Сопақша мида бульбарлы бөлім (парасимпатикалық) орналас-қан. Эфференттік талшықтар бет, тіл, жұтқыншақ, кезеген нервтердің құрамында болады.
3. Жұлынның көкірек және белдеме сегменттерінде (1-көкіректен ІІ–ІV бел) ВНЖ симпатикалық бөлімінің төс белдеме орталығы орналасқан.
4. Сегізкөз сегментінде ВНЖ парасимпатикалық бөлімі сегізкөз орталығы орналасады. Талшықтары жамбас нервтерінің құрамында болады.
Сонымен, ВНЖ орталықтары ОНЖ-ның 4 бөлігінде орналасқан. Мезэнцефал, бульбарлық, сокралды бөлімдерінде ВНЖ парасимпа-тикалық бөлігі орналасса, көкірек белдемеде ВНЖ симпатикалық бөлігі орналасады.
ВНЖ жоғарғы деңгейі аралық мида (гипоталамус) және жолақты денеде орналасқан. Осылар көптеген мүшелер мен мүшелер жүйесін реттеуші. Ал олар өз кезегінде мидың жоғарғы қыртысына бағы-нышты.
Симпатикалық нерв талшықтары парасимпатикалық талшықтарға қарағанда кең таралған. Симпатикалық нерв талшықтары барлық мүшелерді мүшелер жүйесін реттеуші болса, парасимпатикалық нервтер қаңқа еттерін, қан тамырларын және жатырдың жұмысын реттемейді. Кейбір мүшелерге парасимпатикалық нерв талшықтары кезеген нервтің талшықтарының құрамымен бірігіп келеді (кеңірдек, жүрек, жұтқыншақ, қарын, бауыр, аш ішек, ұйқы безі, бүйректер, көкбауыр, тоқ ішектің бір бөлігі).
Симпатикалық және парасимпатикалық нервтердің шеткі эффе-ренттік жолдары екі, бірінен кейін бірі орналасқан нейрондардан тұрады.
Вегетативтік нерв жүйесінің түйіндері– орналасуына қарай вертебральды және превертебральды деп екіге бөлінеді. Бұлар омырт-қа жотасының екі жағында екі шекаралық бағана түрінде орналасады. Басқаша айтқанда, симпатикалық тізбектер деп те аталады.
Түйіннің парасимпатикалық бөлімі: мүшенің ішінде немесе оған жақын жерде орналасқан.
Вегетативтік түйіндердің ең басты рөлі нерв әсерлерін бөліп, өткізіп отырады.
Түйіндердегі нерв клеткалары бірнеше есе көп (жоғарғы мойын бөлігінде симпатикалық түйінде – 32 есе). Әрбір нерв түйіндерінде көп-теген түйін алды талшықтарынан құралатын синапстер бар.
ВНЖ ганглиялары немесе түйіндері шетке шығарылған рефлектор-лық орталықтар деп аталады ( -сурет).
Дата добавления: 2015-01-21; просмотров: 4892;