Дәріс. Жүрек жұмысының реттелуі. Гемодинамика негіздері.

Жүрек өмір бойы 3000 тонна қанды ағызып отырады екен. Жүрек қызметі бір–бірімен біте қайнасқан үш түрлі механизм арқылы реттеледі, атап айтқанда клетка ішінде (интрацеллюларлық), жүрек ішінде (интракардиалдық) және жүректен тыс (экстракардиалдық) реттелу механизмдері өзара үйлесім тапқан.

Интрацеллюларлық реттеу механизмі миокардтың қызмет қарқынының өзгеру жүрекке керекті мөлшерде қанның келіп құюын қамтамасыз етеді. Бұл реттеу механизмі Франк – Старлинг заңы немесе “жүрек заңы” деп аталып кетті. Миокардтың жиырылу күші оның талшықтарының бастапқы ұзындығының дәрежесіне пропорцио-налды, былайша айтқанда диастола кезіндегі миокардтың созылу дәрежесіне сәйкес. Диастола кезінде миокардтың өте кең созылуы жүрекке қанның көбірек келіп құюына мүмкіндік береді. Сонымен бірге миозин талшықтары арасынан әрбір миофибрилдердің ішінен көп актин жіпшелері шығады. Бұл дегеніміз активті нүктелердің немесе “өткелдердің” қанның көбеюі жиырылу кезінде актин және миозин жіпшелерін жалғастырады. Сонымен, миокардтың әрбір клеткасы диастола кезінде қаншама кең керіліп созылса, соншама систола кезінде қысқарады. Сондықтан да жүрекке келіп құйылған вена қанын сондай мөлшерде артерия жүйесіне құйып отырады.

Интракардиалдық реттеубұл мүше ішіндегі жүрек қызметін реттеудің ең бір жоғарғы деңгейін көрсететін реттеудің жүйкелік механизмі.

Жүректе перифериялық рефлекс деңгейді ең бірінші байқаған. Оның доғасы орталық жүйке жүйесіне тірелмей, миокардтың интрамуралды жүйке түйіндерінде бітеді. Егер жылықанды жануарлардың жүрегін бөліп алып, оған келетін жүйкелерді кесіп тастап қарайтын болсақ, оның рефлекстік қасиетін жоймағанын байқауға болады. Себебі мүше ішіндегі жүйке жүйесінің құрылысы және қызметі аз уақыт болса да сақталған. Сондықтан да бұл жүйеде афференттік нейрондар (сезімтал) оның дендриттері миокард талшығында созылу рецептор-ларын құрайды, сондай рецепторлар жүрек қан тамырларында да болады және аралық нейрондар мен эфференттік нейрондардан тұрады. Ал эфференттік нейрондардың аксондары миокардты және жүрек тамырларының бірыңғай салалы еттерін реттейді. Бұл нейрондар бір-бірімен синапстар арқылы байланысады. Сөйтіп, олар жүрек ішіндегі рефлекстік доға құрайды.

Барорецептор қолқа доғасында және күре тамырларда орналасады. Олар қан қысымын реттеп отырады. Мысалы, артерияларда қан қысымы жоғарыласа, барорецепторларда пайда болған сигнал тамыр жиырылушы (қозғаушы) орталыққа барып, тамырдың тонусын төмендетеді.

Экстракардиалдық реттеу-бұл реттеу орталық жүйке жүйесінен келген импульстер кезеген және симпатикалық жүйкелер арқылы іске асырылады. Барлық вегетативтік жүйке жүйесі сияқты жүрек жүйкелері де екі нейрондардан тұрады. Бірінші нейронның дене өсінділері кезеген жүйке өсінділерінен тұратын (парасимпатикалық бөлімде) сопақша мида орналасады. Осы нейрондардың өсінділері жүректің нейромуралды түйіндерінде бітеді. Симпатикалық жүйке бөлімінің бірінші өсінділері (импульсті жүрекке апаратын) жұлынның көкірек бөлігінің бесінші сегментінің бүйір өсіндісінде орналасады. Ал осы нейрондардың өсінділері мойын және жоғарғы кеудедегі симпатикалық жүйке түйіндерінде аяқталады. Осы түйіндерде жүрекке бағытталған екінші нейрондар болады. Кезеген жүйкенің жүрекке тигізетін әсерін ең алғаш зерттегендер ағайынды Веберлер (1845 жыл). Осы жүйкені тітіркендіргенде жүректі тоқтатып тастауға дейін апарады. Егер электр тоғымен кезеген жүйкенің кесілген шеткі бөлімін тітіркендірсе, жүректің баяу жиырылатындығын байқауға болады. Бұл құбылысты кері хронотропты деп атайды. Бір мезгілде жиырылу амплитудасы да азаяды, мұны кері инотропты әсер деп атайды.

Кейде кезеген жүйкені қатты тітіркендірсек жүрек жұмысы ұзақ уақыт бойы тоқталады. Осы мезгілде жүрек етінің қозуы төмендейді, ал оның қалпына келуі үшін тітіркендіргіш күші қатты болуы тиіс. Бұл қозу процесінің төмендеуін кері батмотропты әсер деп атайды.

Кезеген жүйкені ұзақ уақыт бойы тітіркендіргенде жүректің қозуы бас кезінде тоқталса да, қайтадан бұрынғы қалпына келеді. Бұл құбылысты жүректің кезеген жүйкенің әсерінен “сытылып шығуы” деп атайды (ускользания).

Симпатикалық жүйке жүйесінің жүрекке әсерін ең алғаш зерттеген ағайынды Циондар (1867), ал одан кейін И.П.Павлов. Бұл жүйкені тітіркендіргенде жүрек жұмысы жиіленеді (оң хронотропты әсер деп атайды), қозуды күшейтеді (оң батмотропты әсер). Тітіркендірудің латентік кезеңі 10 секундқа тең.

Жүректегі жүйке импульсінің химиялық жолмен берілу механизмі болады. Егер кезеген жүйкені қатты тітіркендіретін болсақ, жүйкенің шеткі кесіндісінің ұшынан ацетилхолин бөлініп жүрекке барады, ал симпатикалық жүйкені қоздырсақ норадреналин бөлінеді. Бұл заттарды медиаторлар деп атаған. Медиаторлардың болатындығын 1921 жылы О. Леви көрсеткен болатын. Ол бақаның жүрегін оқшаулап бөліп алып, кезеген және симпатикалық жүйкелерді тітіркендіріп, осы жүректегі пайда болған сұйықтықты екінші осындай жүрекке апарып құйғанда, дәл осындай әсерін байқады.

 








Дата добавления: 2015-01-21; просмотров: 9680;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.003 сек.