Мемлекеттік терминология комиссиясы қолданатын қазақ әдеби тілі терминологиясының қағидаттары
(Мәдени қызметкерлер съезінде мақұлданған, Алматы, 1935 ж.)
1. Әдеби тілдер практикасында ұлттық тілдерге аударылмайтын, халықаралық біртұтас белгілері бар: революция, совет, теория, практика, тенденция, медицина, хирургия, климат, абсолютный, конкретный және т.б. терминдер қазақ тліне аударылмай, сол халықаралық біртұтас белгіленуінде қабылдансын.
2. Әдеби тілдер практикасында ұлт тілдеріне аударылатын производство, труд, деньги, корень, стебель, мышцы, деление, умножение және т.б. сияқты халықаралық терминдерд қазақ тіліне аударылсын. Егер де аударылуға тиісті терминнің қазақ тілінде баламасы болмаса немесе қазақ тіліндегі аудармасы оны түсініксіз ететін болса (кей жағдайда терминнің мағынасын бұрмаласа), онда тиісті орыс сөздері қабылдансын: сословие, состав, клетка, слет және т.б.
3. Түрлі пәндерде белгілі бір мағынада немесе бір-біріне жақын мағынада қолданылатын терминдер бірдей белгіленсін: форма – роrmа (философияда және физикада), материя – mаtеrijа(философияда және физикада), корень – tybir (математикада, ботаникада және лингвистикада), морфология – morpoloqija (ботаникада және линвистикада), реакция –reaksija (химияда, биологияда, саясатта), экскурсия – ekskursija(ағарту саласында және физиологияда).
4. Түрлі жағдайда әртүрлі мағына беретін мануфактура (тарихи-экономикалық және тауарлық мағынада), продукт (өндіріс өнімі және азық-түлік мағынасында), легенда (фольклорлық жанр ретінде және аннотация ретінде) және т.б. осы сынды терминдер бір пән үшін термин ретінде қабылдансын, қалған жағдайларда аударылсын. Мысалы, мануфактура экономикалық дамудың кезеңі ретінде – термин де (аударылмайды), ал тауар түрі ретінде – термин емес (аударылады).
5. Халықаралық терминдер орыс әдебиетінде қалай жазылса, сол түрінде қабылданады. Егер қазақ тілінде кей дыбыстар болмаған жағдайда (бұл терминдерді беру үшін), олар қазақ әліпбиі шегіндегі әріптермен бейнеленеді (форма–porma, химия–qijmija, революция –rebolutsija және т.б.).
6. Қазақ тіліне аударылған терминдер (2-тармақты қараңыз) өзінің ғылыми мазмұнын сақталулары қажет. Оларды аудару кезінде қазақ тілінің грамматикалық ерекшеліктерін қатаң ескеріп, терминдерді түсінік қылып жіберетін жасанды сөз жасау амалдарын қолданбау керек. Мәселен, berilis — передача, kopkil — многоугольник, toqьma– текстиль, tэcirijbe – практика және т.б.
7. Есім және етістік-есім формасында берілген терминдер сол күйінде қабылдансын (-изация, -ификация, -ацияформальдық элементтері арқылы жасалғанмашинизация, электрификация, объективациясынды каузатив формасы бар сөздерді ескермегенде; олар қазақтың maсijnalandьruv, elektirlendьruv, obijektiptenuvформаларына сәйкес келеді).
Ский, -ныйжұрнақтарыменаяқталатын сын есімдерден жасалған анықтауыш халықаралық терминдер қазақ тілінде қысқа түрінде, яғни -ский, -ный-сыз қабылдансын:популярная книга – рорular kitар, абсолютная величина – absolut çаmа, буржуазная идеология – burçuaz ijdeologija, экстенсивное хозяйство – ekstensijp carnacьlьq, дифференциальное уравнение – dijperensijal tenqerme.
«-cкий» жұрнағымен «к» дыбысын «ч»негізіне айналдырып, жасалған сын есімдер қосымша қосылмай, зат есім күйінде қалуы керек: электрическая лампа – еlекtіr çаm, физическая география– pijzijka çagrapija және т.б. Зат есімдер мен сын есімдер негізді етістік тұлғалар тиісті қазақ жұрнақтары арқылы жасалуы керек: изолировать – ijzolatsijalav, машинизировать – macijnalandьruv және т.б. Орыс тілінде етістік формалары ғана бар және атау формасы жоқ немесе атау мағынасынан тым алшақ тұрған терминдерді контекске қарай аудару керек (игнорировать, регулировать, реагировать – соңғысы «реакция» атау формасынан тым алшақтатылған).
8. Терминдермен бірге қазақ тіліне халықаралық терминологиялық практикада қолданылатын, бірақ қазақ жұрнақтарымен ауыстыруға болмайтын бірқатар қосымшалар енгізілсін. Мысалы, «-ист», «-изм»(жұрнақтар), «ре-», «син-», «де-», «анти-», «контр-»
(қосымшалар).
Терминдерде кездесетін басқа да көптеген қосымшаларды қазақша қолданыста қалдыру керек, бірақ формальді элементтер ретінде бөліп көрсетпей, оларды негіздің бір бөлігі деп санау керек.
9. Басқа сөздерге қосылатын (авто-, аэро-, авиа- және т.б.) терминдердің қысқартылған формалары арtоgо1, арtoqatьnas, аvіасаnа және т.б. қазақ сөздерімен үйлестірілетін болсын.
Қазақ тілінде тек аударылып қолданылып жүрген диктатура, революция, совет, теория, практика, контрреволюция, милитаризм және т.б. терминдер аудармасыз интернационалдық формасында қабылдансын.
10. Қазақ сөзжасамының практикасына Қазан төңкерісі кезінен бері қазіргі орыс тілінде кеңінен қолданылатын қысқарған күрделі сөздерді (политэкономия – роlіjtекоnоmijа, райисполком – аvаtkоm және т.б.) енгізіп, оларды төңкеріс жетістіктері енгізген үлес деп санау керек.
Алайда мұндай қысқартуларды жасағанда оларды қазақ әдеби тілінің заңдарымен ұштастырып, практикада Мемлекеттік терминология комиссиясы қабылдағандарын ғана пайдалану керек.
3.1.4. Академик Әбдуали Қайдар ұсынған қағидаттар[5]
1-принцип: Егеменді ел, тәуелсіз мемлекеттің басты белгілерінің (атрибуттарының) бірі − мемлекеттік тіл десек, оның негізгі тіректерінің бірі – терминологияны жан-жақты дамытуға, реттеуге, қалыптастыруға, кеңінен қолдануға сол мемлекеттің көзі қамқорлық жасауы керек.
2-принцип: Қазақ тілі терминологиясының жақсы дәстүрлерін жалғастыра, өскелең өмірдің биік талап талғамына сай жүз беріп отырған бұқаралық процестің тіл үшін тиімді де қажетті жақтарын саналы түрде пайдалану.
3-принцип: Салалық терминдер мен атауларды жаңадан жасауда, өзгертуде, ауыстыруда ең алдымен қазақ тілінің төл, және бұрыннан қалыптасқан байырғы лексикалық байлығын сарқа пайдалану.
4-принцип: (қазақ терминологиясы үшін жаңа бағыт): Термин шығармашылығында бұдан кейін туысқан түркі тілдерінің (әсіресе терминология дәстүріне бай жазба тілдердің) озық тәжірибелерінен, терминдік өрнек үлгілерінен, оңтайлы да үйлесімді сөз жасау модельдерінен мүмкіндігіне қарай пайдалану.
5-принцип: (бұрынғы принциптің жаңаша баяндалуы): Тіліміз үшін қажет, бірақ дәл баламасы жоқ, аударуға келе бермейтін интернационалдық терминдер мен атауларды қазақ тілінің өз ерекшеліктеріне икемдеп қабылдау.
6-принцип: Орыс тілінен (жалпы славян тілдерінен) енген термин-атауларды мүмкін болғанынша қазақша аударып қолдану; аударуға келмейтіндерін бұрынғыдай сол қалпында емес, қазақ тілінің фоно-морфологиялық ерекшеліктеріне үйлестіре қабылдау.
7-принцип: (қысқартылған терминдер мен атаулар жайында): Салалық күрделі терминдер мен атауларды қазақ тілінің өз негізінде алғашқы әріптері мен буындары бойынша (сөз араластырып та) кеңестік-интернационалдық термин-атаулардың үлгісімен қысқартып қолдануды заңдастыру.
8-принцип: Күн санап толассыз туындап жатқан терминдік ұғымдарға тілімізден дәл балама іздеуде де, термин-атауларды жаңадан жасауда да жалпы терминдерге тән талаптарды сақтай отыра, дәстүр мен шарттылық заңдылығын мойындау.
9-принцип: Тілімізге қабылданатын терминдер мен атаулардың мағыналық, тұлғалық жағынан жақындарын өзара топтастырып, салыстыра отырып, лексикалық байлығымызды салалық жүйе бойынша жіктеп, саралап пайдалану.
10-принцип: Тіліміздегі ұлттық және интернационалдық термин-атаулардың сандық және сапалық арасалмағын табиғи қалыпта сақтаудың жолдарын іздестіру.
11-принцип: Терминдер мен атаулардың емлесін тіл заңына, жазу дәстүріне сәйкес реттеу.
Дата добавления: 2014-11-30; просмотров: 3643;