Термин қабылдаудағы қағидаттар
3.1.1 Елдес Омарұлы ұсынған қағидарттар[2]
1924 жылдың маусым айында Орынборда «Қазақ ғылыми қызметкерлерінің 1 – съезі» болып, онда қазақ терминологиясын қалыптастырудың алғашқы қағидаттары бекітілді. Съезде терминологияны қалыптастырудың басты қағидаттарын белгілеу жөніндегі баяндаманы Елдес Омарұлы жасады. «Қазақша пән сөздер тақырыпты Елдестің баяндамасы» негізінде сиез қаулы қабылдады.
Ол қағидаттар мыналар:
1. Қазақша пән сөздері қазақтың өз тілінен алынатын болсын. Қазақша сөздерден түбірге жұрнақ жалғап, жаңа сөз шығарғанда, – жұрнақтарды елдестің баяндамасында айтылған жолмен талғап алуға тиіс.
2. Қазақтың өз тілінен табылмаған пән сөздер, басқа түрік халықтарынан ізделсін; басқа түрік тіліндегі пән сөздер – жалпы түрік сөзі болып, жат тілдің әсерінен аман болса, – ондай сөздер жатырқамай алынсын.
3. Иауропа халықтарының бәрінің де тіліне сіңіп кеткен жалпы жұртқа ортақ пән сөздер, қазақ тілінің заңдарына келтіріліп, бізге де пән сөз болып алынсын, – жалпы Иауропа сөзі мен қазақша сөз түбінде екеуі қатар жазылып отыратын болсын;
4. Қазақтың өз тілінен басқа-басқа тілдерден алынған пән сөздер қазақ тілінің баяндамада байыналап көрсетілген заңдарынша өзгертіп алынсын.
5. Қазақша пән сөздерін тексеріп қабылдап алатын орыс, қазақша ілім кеңесі, – жалпы қазақ халқы үшін жалғыз болсын; пән сөздер әуелі ілім кеңесінің жанында өз пәнінің мамандарынан сайланған, өз пәнінің мамандарынан сайланған, өз пәнінің өзіне дербес кемесиелерде тексерілетін болсын; Кемесиенің қабылдап алған сөздері баспасөз жүзінде жарияланып, көптің сынына түскеннен кейін, ілім кемесиесінің қарауына тапсырылып, сонда бекіп шығатын болсын;
6. Қазақша сөздер әліпби ретімен тізіліп, лұғат кітебі болып жазылып шығарылсын.
Ескерту: Мәтін Ш.Құрманбайұлының кітабында жазылған үлгісі бойынша берілді
3.1.2 Ахмет Байтұрсынұлы ұстанған қағидаттар[3]
А) Ең алдымен термин ретінде ұғым мағынасын толық беретін қазақ сөздерін алу.
Б) Ондай сөздер қазақ тілінде болмаған жағдайда оларды туыстас тілдерден алу.
В) Жаппай қолданылатын әлемдік терминдер қабылдана алады, бірақ олар қазақ тілінің табиғатына сәйкес өзгертілуі керек.
Г) Қазақ тілінің табиғатына сәйкеспейтін барлық өзге тілдердің сөздері дәл қазақтың айтуына сәйкес өзгертілуі керек.
Тілдің міндеті – ақылдың аңдауын аңдағанша, қиялдың меңзеуін меңзегенінше, көңілдің түюін түйгенінше айтуға жарау. Мұның бәріне жұмсай білетін адамы табылса, тіл шама қадырынша жарайды. Бірақ тілді жұмсай білетін адам табылуы қиын... Сондықтан сөзден жасап сөз шығару деген әркімнің қолынан келе бермейді.
3.1.3 Құдайберген Жұбанов ұсынған қағидаттар[4]
Дата добавления: 2014-11-30; просмотров: 3250;