Абылдансын
белгіленген тәртіпте қабылдансын; сынақ мерзімімен қабылдансын
Бұйрықтың барлық түрлерінде, қаулыларда қолданылатын өкілеттік мағынадағы стандарт тілдік бірліктердің барлығы етістіктің үшінші жақ бұйрық рай формасында: жүзеге асырылсын, бақылауға алынсын, өзгерістер енгізілсін және т.б., ал қызметтік хаттарда қолданылатын өкілеттік мағынадағы стандарт тілдік бірліктер бұйрық райдың екінші жақ, көбінесе сыпайы түрі арқылы беріледі: туралы мәліметтерді хабарлаңыз, байланысты ақпарат беріңіз, мына мекенжайға хабарлаңыз, қажетті жағдай жасаңыз жәнет.б.Қызметтік хаттарда мұндай құрылымдардың тағы бір формасы қалыптасқан. Ол құрылымдар адамдар арасындағы байланыстың үзілмеуі, реттеліп отыруы, сыпайы түрде жүзеге асуы үшін: туралы мәліметтерді хабарлауыңызды сұраймыз, байланысты ақпарат беруіңізді сұраймыз, мына мекенжайға хабарлауыңызды сұраймыз, қажетті жағдай жасауыңызды сұраймыз, осы мәселенің дұрыс шешілуіне ықпал етсеңіз, сіздің мекеме өкілімен жасалған келісімді ескере отырып, бар мүмкіндікті қарастыруыңызды сұраймызтүрінде, яғни өкілеттік реңк емес өтініш, сұрау реңкі негізгі қызмет атқарып, қызметтік хат жазу этикеті ескеріле отырып қалыптасқан құрылымдар.
Ісқағаздар мәтіндерінде, әсіресе қызметтік хаттарда жиі қолданылатын құрылымдардың бір тобы айтылатын мәселеге байланысты дәлелдер келтіру, себебін түсіндіру мақсатында қолданылады. Әр жағдайдың себебі, әр мәселенің дәлелі әртүрлі болғанымен оларды түсіндіру, дәлелдеу үшін біртектес сөздер қолданылады. Осындай қайталанып отыратын біртектес, стандарт жағдайлар мен ұғымдар экстралингвистикалық фактор ретінде қызметтік хаттарда мынандай стандарт тілдік бірліктердің қалыптасуына әсер еткен:
… сіздің мекемеге тәжірибе алмасу мақсатында жіберіліп отыр; мекемеде орын алып отырған қазіргі қаржы тапшылығына байланысты; туралы шешімнің қабылдануына байланысты; жөндеу жұмыстарының аяқталуына байланысты; алдын ала қол жеткізген келісімге сәйкес; Сіздің талабыңызға орай; қарамастан әлі де орын алып отыр; экономикалық жағдайдың қиындығына орай және т.б.
Адам өз іс-әрекетінің қай түрін болмасын жүзеге асыру барысында нәтижеге қол жеткізу үшін мүмкіндігінше аз күш жұмсап, көп нәтиже шығаруға, мүмкіндігінше істеп жүрген іс-әрекетін жеңілдету, ыңғайлы ету жолдарын қарастыруға тырысады. Ісқағаздарын жазу барысында бір күннің, бір айдың немесе бір жылдың емес, ғасырлар тәжірибесі, бір тілдің немесе бір ғана мемлекеттің емес бірнеше тілдің, бірнеше мемлекеттің тәжірибесі қолданылады. Себебі ісқағаздары әр тілде жазылып, әр мемлекетте қолданылғанымен оның принциптері, теориясы ортақ. Ісқағаздарында қолданылып жүрген, қалыптасқан стандарт тілдік бірліктер бір тілдің, бір күннің, бір елдің ғана жемісі емес. Адамдардың ортақ тәжірибесінің, ми қызметінің жемісі. Тек ол әр тілде әр формада, әр елде түрлі факторларға байланысты қоғам дамуының әр кезеңінде қалыптасуы мүмкін. Бүгінгі қызметтік хат дайындаушы кез келген тұлға өзіне дейінгі уақыт тәжірибесі, өзінен басқа құжат дайындаушылар тәжірибесі ретінде кейбір маңызды мәселелер жөнінде мәлімет беру үшін төмендегі құрылымдарды қолданады:
… қосымша қаржы бөлінді; қаулы қабылданды; …байланысты іс-шаралар өткізу жоспарланып отыр; …қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі;
… қысқа мерзімде ұйымдастырылады; …күнделікті қатаң бақылау қойылды; қатысты мәлімет қолма-қол жіберіледі; құжаттар сіздің мекенжайыңызға жіберілді; шара қолданылуда; мәліметтер құпия сақталады; орын алған кемшіліктер жойылды т.б.
Сондай-ақ, мәселенің шешілмейтіндігін немесе орындалмайтындығын білдіру үшін:
… байланысты сіздің өтінішіңіз орындалмады; өкінішке орай сіздің талабыңызды қанағаттандыра алмаймыз; өкінішке орай сізге қажетті ақпаратты бере алмаймыз, себебі; мекеменің аталған тапсырманы орындауға қазір мүмкіншілігі жоқ сияқты құрылымдар қолданылады.
Хабарлау, мәлімдеу мақсатында…туралы сізді хабардар етеміз; …ұйым хабарлайды; …сізге хабарлаймын; …туралы сізге мәлімет жеткіземін; …туралы баяндаймын; …туралы мәлімдеймін т.б. қалыптасқан стандарт тілдік бірліктер қолданылады.
Стандарт тілдік бірліктер мағыналық жақындығы бар, бір топтың құрамында қарастырылатын ісқағаздарында ғана емес, ісқағазының жеке түрлерінде де қалыптасады. Бұған да жоғарыда келтірілген факторлар, яғни біртектес жағдайлардың қайталанып келуі, уақыт үнемдеу, тәжірибе жемісі, ресми ісқағаздарын дұрыс жазудағы басы артық сөздерді қолданбау қағидасы т.б. факторлар себеп болады. Мәселен, арыз, өтініш, шағым мәтіндерінде: өтінемін, сұраймын, ауысу, рұқсат ету, бөлу, қабылдау, қабылдауыңызды сұраймын, жіберу, босату, пайдалану, тіркеу, тіркелген, кезекті демалыс, кезектен тыс демалыс, жұмысқа қабылдау, жұмыстан босату, демалыс сұрау, жалақыны көтеру, материалдық көмек, өтінішті қарау, өтінішті қанағаттандыру және т.б.сөздер мен сөз тіркестері жиі қолданыла келіп стандарт тілдік бірліктерге айналған.
Арыз, өтініш жазуға себеп болып отырған жайттарды атап көрсету мақсатында қалыптасқан стандарт тілдік бірліктер:үй-жайым болмағандықтан, басқа жұмысқа ауысуыма байланысты, отбасы жағдайына байланысты, денсаулығыма байланысты, баспаға дайындалуына байланысты, …қызметкерінің заңсыз әрекеттеріне байланысты, …қатысты (туралы) байқау ұйымдастырылуына байланысты және т.б. Өтініштің талап-мақсаттарын көрсететін қалыптасқан стандарт тілдік бірліктер:жатақханадан орын бөлуіңізді сұраймын, кезектен тыс демалыс беруіңізді сұраймын, академиялық демалыс беруіңізді сұраймын, жұмысқа қабылдауыңызды сұраймын, жұмыстан босатуыңызды сұраймын, басқа жұмысқа ауыстыруыңызды сұраймын, рұқсат етуіңізді сұраймын, материалдық көмек көрсетуіңізді сұраймын, тұрғын үймен қамтамасыз етуіңізді сұраймын, жер бөлуіңізді сұраймын және т.б.
Ісқағаздарын жазуда қалыптасқан норма бойынша кез келген өтініш, арыз мәтінінің соңында күнделікті қызмет этикасын сақтау сөздерін қолдана отырып адресаттан қандай шешім күтетіндігі жазылады. Ол көбінесе төмендегідей стандартқа айналған тілдік бірліктер арқылы беріледі: Айтылғандарды ескере отырып шара қолдануыңызды сұраймын, Нұсқау беруіңізді сұраймын, Өтінішімді орындауыңызды сұраймын т.б. Мінездеме жазуда жиі қолданылатын стандарт тілдік бірліктер: ұлт, отбасы, лауазым, қызмет, азамат, білім, жоғары білімді, орта білімді, аяқталмаған жоғары білімді, тәжірибелі, тәжірибелі маман, жоғары білімді маман, өз ісін жетік білетін маман, беделді, үлгілі, әріптестері арасында сыйлы, қызметке жоғарылату, аспирантураға түсу, оқыды, бітірді, меңгерді, аяқтады, жұмыс істеді, берілді, өтті, үйленген, үйленбеген, тұрмыс құрмаған, тұрмыста, атқарып отырған қызметіне лайық, қызмет бабында жоғары қызметке ұсынуға лайық жәнет.б.
Ресми қарым-қатынас барысында кез келген адам индивид ретінде емес, қоғам мүшесі ретінде, белгілі бір қызмет иесі ретінде, қоғамдағы белгілі бір міндеттерді атқарушы азамат ретінде көрінеді. Сондықтан олардың бәріне ортақ сипаты бар қызметі мен міндеттері, іс-әрекеттері болады. Әрине, құжаттардың көпшілігі жеке адамға қатысты болғанымен, түптеп келгенде олар барлық адамға арналған, сондықтан құжат жеке адамға да барлық адамға да түсінікті болуы керек. Осы себептен де ортақ сипаттағы, қоғамның кез келген мүшесі қолдана алатын, қоғамның кез келген мүшесіне түсінікті стандарт формалар қалыптасады. Адам өз іс-әрекетінің барлық деңгейінде мүмкіндігінше аз күш жұмсап көп нәтиже шығаруға тырысады. Адам өмірінің кез келген процесінде үнемділік принципі жұмыс істейді. Іс қағаздар тіліндегі стандарт бірліктердің қалыптасуы да нәтижеге аз күш жұмсау арқылы қол жеткізу, үнемділік принципін ұстану мақсатынан туындаған.
Дата добавления: 2014-11-30; просмотров: 3180;