Шапағатты Папа Қазақстанға келеді

 

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың ресми шақыруы бойынша Шапағатты Папа Ионн Павел ІІ 2001 жылғы 22-25 қыркүйекте мемлекеттік сапармен Қазақстанға келеді, деп хабарлады Мемлекет басшысының баспасөз қызметі.

 

4. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен келісілген

2001 жылдың 2 шілдесі.

15-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен

толықтырылсын.

6. Жоғарыда аталғандардың негізінде АІЖК-нің 385 және 386-баптарын басшылыққа ала отырып…

7. “Нотариат туралы” 1997 жылғы 14 шілдедегі Қазақстан

Республикасындағы Заңына (Қазақстан Республикасы

Парламентінің Жаршысы, 206-құжат; 307-құжат).

8. Астана, 2001 жылғы шілденің 11-і.

Мекенжайымыз: Астана, Ломоносов көшесі, 45 үй.

(«Егемен Қазақстандағы» емле дәл қалпында сақталынды).

Осындай фактілерді көрсете отырып, ресми құжаттардағы реттік сан есімдердің жазылуына қатысты мынадай жайттарды атап айтамыз.

Ресми құжаттарда берілген таңбаланулардың барлығы да қолданылады, бірақ олардың әрқайсысының әр құжатқа тән ерекшеліктері, стандарттылығы, мәні бар. Мысалы, қазіргі кезде Қазақстан Республикасының Президенті қол қоятын, сондай-ақ Үкімет, Парламент тарапынан бекітілетін Заңнамалық құжаттарда (қаулы, жарлық, өкім, жарғы, ереже) сөзбен, санмен күрделі таңбалау қалыптасқан. Мысалы,

· 2001 жылғы шілденің 9-ы;

· 2001 жылғы қыркүйектің 20-ы.

Кейбір заңнамалық құжаттарда сөзбен-санмен таңбаланудың екінші түрі де пайдаланылады. Мысалы,

· 2001 жылдың 2 шілдесі;

· 2001 жылдың 16 мамыры;

· 2001 жылғы 17-інші қараша

Тұтастай санмен (цифрмен) таңбалау (мысалы, 2.07.2001.; 02.VІІІ.99ж.) бухгалтерлік есеп-қисап құжаттарында көбірек қолданылады.

17 қараша, 1999 ж. түрінде жазу, сондай цифрдан кейін таңба (дефис) қою арқылы реттік сан есімді көрсету (мысалы, 45-үй; 307-құжат) – қазақ емлесіне орыс емлесінен енген дәстүр. Бұл фактінің тиімділіктері: а) қазақ емлесінде 50-інші жылдардан бастап орныққан, тұрақталған емле; ә) тілдің үнемдеу заңдылығына сәйкес келеді; ресми құжаттар үшін тілдік құралдарды үнемдеп, ықшамдап қолдану маңызды; б) реттік сан есім мен есептік сан есімдерді тез ажыратуға ықпал етеді (мысалы, 305 құжат) (үш жүз бес құжат); 305-құжат (үш жүз бесінші құжат).

б) Қазақ ресми-іскери тілінде ұйым, мекеме, кәсіпорын, мемлекет, ел және номенклатуралық атаулар жоғары жиілікпен жұмсалады, сондықтан бас әріптің емлесі де маңызды болып саналады.

Тіл құрамындағы лексикалық единицалардың белгілі бір тобының бас әріппен жазылуы – әлем тілдерінің барлығына ортақ құбылыс. Сөздердің (сөз тіркестерінің) алғашқы дыбысын бас әріппен таңбалауға жүктелетін функциялар – орфограммасы бірдей сөздердің семантикасын ажырату, жалпы есімдердің семантикалық, ассоциациялық-фондық ерекшеліктерін белгілеу; ақпараттың қабылдануын жеңілдету; ақпарат беретін лексикалық единицалардың, номенклатуралық атаулардың ресмилік мәнін нығайту. Сонымен қатар белгілі бір тілде ресмилік, ақпараттық, мәдени-фондық мәні жоғары лексема (сөз тіркесі, номенклатуралық атау) бас әріппен таңбаланса, ақпарат аударылатын тілде осы процес декодталатын дәстүр қалыптасқан. Мысалы. Шапағатты Папа Иоанн-Павел ІІ; Түркия Республикасының Президенті Жоғары Мәртебелі Тұрғыт Өзал:

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың шақыруы бойынша Шапағатты Папа Иоанн Павел ІІ … мемлекеттік сапармен Қазақстанға келеді … (ЕҚ, 2001, 20 шілде).

Түркия Республикасының бұрынғы Президенті Жоғары Мәртебелі Тұрғыт Өзал мырза екі елдің мәдени-экономикалық байланыстарының дамуына елеулі еңбек сіңірді (ЕҚ, 2001, 5 сәуір).

Қазақ әдеби тілінде бас әріп жазылатын орындар нақтыланған, бұл жайт бірнеше еңбектерде сараланып, көрсетілген (Орф. сөздік, Анықтағыш, Ресми ісқағаздары, Екі тілде іс жүргізу). Оларды топтастырып атағанда, төмендегідей ерекшеліктер анықталады:

- кісі есімдері мен тегі (мыс., Абай, М.Әуезов);

- географиялық және астрономиялық атаулар (Атырау, Балқаш көлі, Балтық теңізі, Ай, Күн, Жетіқарақшы);

- мемлекет аттары (Қазақстан, Түркия);

- ұйымдардың, мекемелердің, министрліктер мен ведомстволардың, газет-журналдардың, баспалардың, наградалар мен құрметті атақтардың атаулары (мыс., Халықаралық валюта қоры, Қазақ мемлекеттік басқару академиясы, «Қазақстан әйелдері» журналы, «Айбын» ордені, Абай атындағы сыйлық, «Рауан» баспасы және т.б.);

- қысқарған сөздер (БҰҰ, ЖШС, БАҚ);

бас әріппен жазылады.

(Бас әріптің жазылуына қатысты емле «Қазақ тілінің анықтағышында» толық көрсетілген [59, 55-62-бб].

Бұл аталғандар ресми-іскери тілде мейлінше нақты және қатаң сақталуы тиіс.

Сонымен қатар қазақ әдеби тілінің қоғамдық қызметі кеңейген қазіргі тұста бас әріппен таңбаланатын лексемалардың (күрделі сөз тіркестерінің) қатары күрделене түскені де байқалады. Бұл фактор жоғарыда аталғанындай қазақ тілінің қоғамдық-саяси рөлінің артуына, қоғамдық функциясының ұлғаюына, сондай-ақ өзге тілдердегі мемлекеттік тілге декодталатын ақпараттар мен мәліметтердің молаюына байланысты және осындай жағдай мерзімді баспасөз тілінде және ресми-іскери тілде көбірек көрініс тауып отыр. Ресми-іскери тілде жалпы емлелік ережелерде көрсетілгеннен басқа тұстарда да бас әріп қолданылады. Бұл фактор мыналардан туындайды:

- бірнеше сөздердің тізбегінен тұратын атауларды және бір ұғымды беретін күрделі тіркесті ықшамдап атау үшін нақты, терминдік мәндегі лексема алынады; оның ақпараттық, ресмилік мәнін нығайту мақсатында ықшамдалған сөз бас әріппен таңбаланады. Мысалы,

1. Әділет біліктілік алқасы – Алқа:

Қазақстан Республикасының Әділет біліктілік алқасы (бұдан әрі – Алқа) Мәжіліс депутаттарынан, судьялардан, прокурорлардан, құқық пәнінің оқытушылары мен заңгер ғалымдардан, әділет органдарының қызметкерлерінен құралатын дербес, тәуелсіз мекеме болып табылады. … Қаралған мәселелер бойынша Алқа мүшелері хаттамалық шешімдер және ұсынымдар қабылдайды.

Қазақстан Республикасының Заңы.

«Қазақстан Республикасының Әділет біліктілік алқасы туралы»

2. Қазақстан Республикасы және Түркия Республикасы (бұдан әрі қарай – Тараптар)…

– ресми-іскери тілде ресми мазмұны жоғары атаулар бас әріппен таңбаланады. Жеке бір сөздің ресми мазмұнының болуы – оның саяси ұйымдарға, мемлекеттік, үкімет құрылымына қатыстылығын білдіреді. Мәселен, «Жаршы» сөзі мынадай мағыналарда жұмсалады – 1. Үлкен той, астарда мерекені, ойынды, мәжілісті өлең-жырмен бастап жырлаушы ақын; жар салушы. 2. Ауыс. Игі істі, жаңалықты бастаушы, таратушы. Театр – қашан да заманның, жаңаның жаршысы» (ҚТТС, ІІІ том, 700 б.).

Бұл сөз ресми-іскери тілде мерзімді басылымның атауы ретінде (газет, журнал, бюллетень сөздерімен синонимдес болып) қолданылады, сөйтіп, бас әріппен таңбаланады:

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1997 ж.

Қазақстан Республикасы Ішкіісмині оқу орындарының бітірушілерін жеке бөлу және жас мамандармен жұмыс ұйымдастыру туралы нұсқаулық. Жалпы Нұсқаулық … жас мамандармен жұмыс ұйымдастыруды белгілейді (Нормативтік-құқықтық актілер бюллетені. 2001, № 3).

Тұтастай алғанда, жалқы есімдер халық мәдениетіне, әдеби тілде орныққан нормаларға сай тілдің вербалды (тілдік) коды болып саналады. Бұл ретте жалқы есім өзі атайтын объектінің құрылымымен, мазмұнымен, ерекшеленеді. Жалқы есімдерді беру үшін аппелятивті лексика (жалпы есім) да алынады, бұнда негізгі лексеманың семантикасы сақталады, бірақ ол прагматикалық жүк арқалайды. Жалқы есімдерге ауысқан жалпы есімдердің прагматикалық қызметі ресми мазмұнды беру, ақпаратты қабылдауды жеңілдету міндеттерін атқарады, сондықтан да олар тұтастай мәтінде бас әріппен басталып, өзгешеленеді. Бұндай сипат әдеби тіл нормасында еш кедергісіз қалып алады, тілдік-мәдени дәстүрге енеді. Аппелятивті лексиканың жалқы есімге ауысқандығына төмендегідей мысалдар дәлел бола алады:

- Хабаршы – Ғылым Академиясының Хабаршысы;

- Хабарлар – Ғылым Академиясының Хабарлары;

- Жарлық – Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы;

- Мәжіліс – Қазақстан Республикасының Мәжіліс Төрағасы;

- алқа, ақсақал – Қазақстан Республикасының Ақсақалдар Алқасы;

- мемлекеттік – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы;

- сот – Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты;

- негізгі – Қазақстан Республикасының Конституциясы (Негізгі Заң).

Қорыта айтқанда, қазіргі қазақ әдеби тілінде ономастикалық код болып табылатын жалқы есімдердің құрамы мен сипаты барынша күрделене түсіп отыр. Осыған байланысты ресми-іскери тілде бас әріппен жазылатын жалқы есімдердің, күрделі номенклатуралық атаулардың емлесі толыққанды көрсетілетін дербес анықтамалық құралдар қажет.

 








Дата добавления: 2014-11-30; просмотров: 2899;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.01 сек.