Араңғы өріс әдісі
Бұл әдіс микроскопиялық объектілердің жарықты шашырату қабілетіне негізделген. Қараңғы өрісті микроскопия үшін кәдімгі объектив пен арнайы қараңғы өрісті конденсорларды қолданады. Қараңғы өрісті конденсорлардың басты ерекшелігі- конденсорлардың ортаңғы бөлігі қара түсті болады және жарықтандырғыштан келген тура сәулелер микроскоптың объективіне түспейді. Қараңғы өрісті микроскопияда объектіні бүйірден сәулелендіргенде одан шағылған сәулелер ғана объективке түседі. Қараңғы өрісті микроскопия Тиндаль эффектісіне негізделген, оның белгілі бір мысалы, жіңішке жарық сәулесі түскенде ауадағы шаңдардың көрінуі. Жарықтандырғыштан тура сәулелер объективке түспеу үшін, объективтің апертурасы конденсордың апертурасынан кіші болу керек. Апертураны азайту үшін кәдімгі объективке диафрагма орнатады.
Қараңғы өрісті микроскопия кезінде объектілер қараңғы фонда жарқырап көрінеді.
Бірақ бұл әдіс тек объектінің контурын ғана көруге мүмкіндік береді, ал объектінің ішкі құрылымын зерттеуге мүмкіндік бермейді. Қараңғы өрісті әдіс үшін аса қуатты жарықтандырғыш және лампаның максимал қызуын қолданады.
Қараңғы өріс кезінде кескін препараттың құрылымдық элементтерінен шағылған жарық арқылы пайда болады.
Қараңғы өрісті әдістің түрлері:
1) Өтетін жарықтағы қараңғы өріс әдісі жарық өрісімен көрінбейтін, жарықты
жұтпайтын мөлдір объектілердің кескінін алу үшін қолданады. Биообъектілер жиі осындай түрде кездеседі. Жарық жарықтандырғыш пен айнадан конденсор арқылы препаратқа бағытталады. Конденсордан шыққанда мөлдір препарат арқылы өткен, бағытын өзгертпеген жарықтың көп бөлігі қуысты конус тәрізді шоғыр түзіп, объективке түспейді (осы конустың ішіндегі жарық сәулелері). Микроскопта кескін препараттың ұсақ бөлшектерімен конустың ішіне біраз шағылған және объектив арқылы өткен сәулелермен жасалады. Қараңғы фонда көрінетін аймақта препарат құрылымындағы қоршаған ортаның сыну көрсеткішінен айырмашылығы бар элементтердің ақшыл кескіндері көрінеді. Ал ірі бөлшектердің кескінінде жарық сәулесін шашыратқан тек ақшыл шеттері ғана көрінеді. Осы әдісті қолдана отырып, кескіннің түрі бойынша бөлшектердің мөлдір, мөлдір еместігін анықтауға мүмкін болмайды.
Дата добавления: 2015-01-02; просмотров: 2462;