Интерференциялық контраст әдісі (интерференциялық микроскопия).

Интерференциялық контраст әдісінің мәні: микроскопқа енген кезде әр сәуле екіге жіктеледі. Осы сәуленің бірі бақыланатын бөлшек арқылы өтеді, ал екіншісі- бөлшектің жанынан микроскоптың оптикалық тармағы бойымен не қосымша тармақ бойымен өтеді. Микроскоптың окулярлық бөлігінде екі сәуле қайтадан қосылып, өзара интерференцияланады. Сәуленің бірі объект арқылы өтіп, фаза бойынша кешігеді (оның 2-ші сәулемен салыстырғанда жол айырмашылығы болады).Осы кешігудің шамасы компенсатормен өлшенеді. Интерференциялық контраст әдісі фазалық- контрастылық әдіске ұқсас деп айтуға болады, өйткені осы екі әдіс те микробөлшек арқылы және оның жанынан өткен сәулелердің интерференциясына негізделген. Фазалық- контрастылық микроскопия сияқты интерференциялық контраст әдісі де мөлдір, түссіз объектілерді бақылауға мүмкіндік береді, бірақ олардың кескіні әр түсті де болуы мүмкін (интерференциялық түстер). Осы екі әдіс те тірі тіндер мен жасушаларды оқып- зерттеуге жарамды және көптеген жағдайларда осы мақсатта қолданылады. Интерференциялық микроскопияның фазалық- контрастылық микроскопия әдісінен басты айырмашылығы- микрообъектілермен жасалған сәулелердің жол айырмасын өлшеудің мүмкіндігі. Интерференциялық контраст әдісі микроскопияның басқа әдістерімен бірлесе жүргізіледі, әсіресе поляризациялық жарықта бақылау әдісімен. Осы әдістің ультракүлгін сәулелер микроскопиясымен үйлестірілуі мысалы, объектінің жалпы құрғақ массасындағы нуклеин қышқылының мөлшерін анықтауға мүмкіндік береді.

Ультракүлгінді микроскопия (УКМ) кейбір заттардың (ДНҚ, РНҚ) ультракүлгін сәулелерді жұту қабілетіне негізделген. Осы әдіс арнайы бояғыш әдістерсіз-ақ аталған заттарды бақылауға, олардың жасушадағы таралын сандық анықтауға мүмкіндік береді. УК микроскоптарда УК сәулелерді өткізетін кварцты оптика қолданылады.

Люминесцентті жарықта зерттеу әдісі

Флуоресцентті (люминесцентті) микроскопия кейбір заттардың люминесценциялау қабілетіне негізделген, яғни көрінбейтін УК не көк жарықпен жарықтандырғанда жарқырауына негізделген. Люминесценция түсі оны қоздырушы жарықпен салыстырғанда спектрдің аса ұзын толқынды бөлігіне қарай ығысқан. Люминесценцияны көк жарықпен қоздырған кезде оның түсі жасылдан қызылға дейін болуы мүмкін, ал егер люминесценцияУК сәулемен қоздырылатын болса, онда жарқырау көрінетін спектрдің кезкелген аймағында болуы мүмкін. Люминесценцияның осы ерекшелігі қоздырушы жарықты жұтатын арнайы жарық сүзгіштерді пайдаланып, әлсіз люминесцентті жарқырауды байқауға мүмкіндік береді.

Люминесцентті жарықта зерттеу әдісі (люминесцентті микроскопия немесе флуоресцентті микроскопия) микрообъектілердің микроскоппен қарағанда жасыл- қызыл сары (оранжевый) түсті жарық шығаруын бақылауға негізделген. Осындай түсте жарық шығару объектіні көк- күлгін түсті не УК сәулемен жарықтандыру кезінде пайда болады. Микроскоптың оптикалық жүйесіне осы кезде екі жарық сүзгіш орнатылады. Олардың бірін конденсордың алдына орнатады. Осы жарық сүзгіш жарықтандырғыш көзінен шыққан, объектінің өзінің люминесценциясын қоздыратын (меншікті люминесценция) не препаратқа енгізілген және препараттың бөлшектерімен жұтылған арнайы бояғыштардың люминесценциясын (екінші ретті люминесценция) тудыратын толқын ұзындықтағы сәулелерді ғана өткізеді. Объективтен кейін орнатылатын екінші жарық сүзгіш бақылаушы көзіне тек люминесценция жарығын ғана өткізеді. Люминесцентті микроскопияда препараттарды жарықтандыру жоғарыдан да (объектив арқылы да), кәдімгі конденсор арқылы төменнен де жүргізіледі. Жоғарыдан жарықтандыру арқылы бақылау кейде «шағылған жарықтағы люминесцентті микроскопия» деп аталады. Осы әдіс микробиологияда, вирусологияда, гистологияда, цитологияда, тамақ өнеркәсібінде, топырақты зерттеуде, микрохимиялық анализде, дефектоскопияда кең түрде қолданылады. Осындай алуан түрлі қолданылуы көздің түстерге деген аса жоғары сезімталдығымен, люминесценцияланбайтын қараңғы фонда өздігінен жарқырайтын объектінің кескінінің жоғары контрастылығымен түсіндіріледі.

Сонымен қатар люминесцентті сәуленің интенсивтілігі мен спектрлік құрамын біле отырып, зерттелетін заттардың құрамы, қасиеттері жайында құнды мәліметтер алуға болады.Микроағзалардыңкөпшілігінің меншікті люминесценциясы болмайтындықтан, флуоресцентті микроскопта бақылау үшін оларды өңдеудің бірнеше тәсілі бар. Ең алдымен ондай тәсіл- флуорохромдау. Флуорохромдау- флуоресценциялайтын бояғыштардың (флуорохром) күшті ерітінділерімен бояу.








Дата добавления: 2015-01-02; просмотров: 3740;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.004 сек.