Поляризациялық микроскопия

Поляризациялық микроскопия-оптикалық анизотропты элементтері бар (немесе тұтастай осындай элементтерден тұратын) препараттарды микроскопиялық зерттеу үшін поляризациялық жарықта бақылау әдісі. Көптеген минералдар, кейбір жануарлар мен өсімдіктер тіндері осындай препараттарға жатады. Анизотропты микрообъектілердің оптикалық қасиеттері әртүрлі бағыттарда түрліше болады және бақылайтын бағытқа, түскен жарықтың поляризация жазықтығына қатысты осы микрообъектілердің бағытталуына байланысты микрообъектілердің қасиеттері де түрліше білінеді. Бақылауды өтетін жарықта да, шағылған жарықта да жүргізуге болады.

Поляризацияланған сәулелермен өтетін және шағылысқан жарықта зерттеу әдісі сәулені қосарланып сындыру немесе шағылыстырғыш қасиеті бар анизотропты объектілер үшін қолданылады. Осындай объектілдерге көптеген минералдар, кейбір жануарлар мен өсімдіктердің тіндері мен жасушалары, табиғи және жасанды талшықтар жатады.

Анизотропты препараттарды зерттеу кезінде микроскоптың кәдімгі схемасына жарықтандырғыш жүйенің алдына поляризатор орнатады, ал объективтен кейін анализатор орнатылады.

Жарықтандырғыш сәулелендірген жарықты поляризатор арқылы өткізеді. Осы кезде жарыққа берілген поляризация препарат арқылы жарықтың өтуі кезінде өзгереді (немесе препараттан шағылғанда). Осы өзгерістер анализатордың және әртүрлі оптикалық компенсаторлардың (қозғалмайтын және қозғалатын кристалл пластинкалар т.б.) көмегімен оқып- зерттеледі. Осы өзгерістерді талдай келе, анизотропты микрообъектілердің негізгі оптикалық сипаттамалары жайында айтуға болады: сәуленің қосарланып сыну күші, оптикалық осьтердің саны және олардың бағыты, поляризация жазықтығының айналуы, дихроизм.

Поляризатор мен анализатор өзара параллель не кесе көлденең орнатылады.

Кесе көлденең орнатылған жағдайда микроскоптың көрінетін қараңғы аймағында объектінің қара, ақшыл не боялған анизотропты элементтері көрінеді. Осы элементтердің түрі объектінің поляризация жазықтығына қатысты орналасуына және сәуленің қосарланып сыну шамасына байланысты.








Дата добавления: 2015-01-02; просмотров: 2648;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.003 сек.