Оптикалық телескоп

1) аспан денелерінен келетін жарықты жинау;

2) аспан денелерінің бейнелерін фокал жазықтықта салу;

3) бір-біріне жақын объектілерді ажырату.

Оптикалық телескоптардың көптеген күрделі түрлерін үш топқа бөлуге болады; линзалық телескоптар (рефракторлар), айналық телескоптар (рефлекторлар) және айналық – линзалық телескоптар. Телескоптар объектив, тубус, қабылдағыш құрал немесе кейбір жағдайларда окуляр және монтировкадан тұрады. Рефракторларда объектив линза, рефлекторларда – айна. Объективтің негізгі мақсаты жарық ағынын жинау және фокал жазықтығында объектінің бейнесін салу. Фокал жазықтығында қабылдағыш құрал: фотоэмульсия, фотокатод, т.б.с. орналасады. Көзбен бақылау жүргізуге окуляр қажет болады. Окуляр мен объективтің фокал жазықтықтары беттеседі. Объектив, окуляр, немесе қабылдағыш құралдарды біріктіретін металдан жасалған телескоптың тубусы. Телескопты шырақтардың бағытына бұруға қолданатын конструкция-монтировка деп аталады.

Линзалармен ойыс айналардың кемістіктері немесе аберрациялары болады. Линзаның басты аберрациялары, біріншіден нүктенің бейнесі дөңгелек тәрізді түседі, екіншіден бұл дөңгелек түрлі-түсті болады. Рефрактордың аберрациясын кеміту үшін объектив бір емес бірнеше беттерінің қисықтықтары әртүрлі және шынының әртүрлі сортынан жасалған линзалардан тұрады. Өте үлкен диаметрлі және мөлдірлігі жоғары линзаларды жасау қиынға түскеннен рефракторлардың диаметрлері аса үлкен болмайды. Ең үлкен диаметрлі визуальді рефрактордың диаметрі 91 см (АҚШ, Лик обсерваториясы), 102см (АҚШ, ЙЕРК обсерваториясы). Бұл екі объективті жасаған АҚШ-тың оптиктері Иларн Д., Иларн А. 1888ж, 1896 жылы. Қазіргі кезде рефрактордың объективтері екі линзалы – ахромат – максимал диаметрі 80 см. Көп рефракторлар 3-4 диаметрі 40 см линзалардан құрылған.

Астрофизикалық зерттеулер рефлекторлардың көмегімен болады. Айна объективтің хроматтық аберрациясы болмайды, ал сфералық аберрациядан құтылу үшін айнаның формасы айналу параболоидқа келтіріледі.

 

3-сурет. Мениск телескоптың схемасы  
2-сурет. Рефлекторлар түрлерің
Объектив шыныдан жасалып, ішкі бетін алюминдейді, сонда түскен жарықтың 90% шағылады. Рефлекторлардың конструкциясы әртүрлі болады. Бас айна тубустың төменгі жағында орналасып, фокусы немесе тубустың ішінде, немесе сыртына қосымша айнамен шығарылады. Мысалы оптикалық осіне 450 орналасқан жазық айна фокусті бүйірге шығарады (Ньютон фокусі, 1671ж) (2-сурет), дөңес гиперболалық айна фокусті бас

 

 


айнаның сыртына шығарады (Кассегрен фокусі, 1672ж) (2-сурет). Осындай рефлекторлардың сфералық аберрациясы жойылсада, кома, дисторсия, астигматизм деп аталатын аберрациялары сақталады. Бұл аберрациялар жалпы бас осьтен тыс аберрациялар деп аталады, себебі көру өрістің шетіндегі облыстарда аспан объектілердің бейнелері өте күшті бұзылады. Осы аберрацияларды жою үшін айна – линзалық телескоптар жасалады. Солардың ішінде совет оптик Д.Д.Максутовтың (1896-1964) мениск телескопы (3-сурет). Бұл телескопта объектив сфералық айна, ал оның кемістігін тубустың алдына қойылған шыныдан жасалған мениск кемітеді, қосымша айна ретінде осы менисктің орталық облысы алюминделеді. Максутовтың телескоптарының бірнеше варианттары бар: 70мм мектеп телескопынан, 1м ірі телескопқа дейін. Шмидт камерасының бас айнасы сфералық болып, оның аберрацияларын коррекциялық кварцтан жасалған пластина жояды.

 

 

4-сурет. S1, S2 нүктелердің кескіні
Фотографиялық әдістер-ге маңызды роль атқаратын телескоптың сипаттамасы оның фокал жазықтығындағы бейненің масштабы болады. Бейненің масштабы кескіннің екі нүктесінің бұрыштық арақашықтығы және олардың фокал жазық-

 

 

тығындағы сызықты ара-қашықтығы арқылы өрнектеледі (4-сурет).

L – объектив; S1, S2 – бір объектінің нүктелері; S11, S12 – осы нүктелердің фокал жазықтықтағы бейнелері;

Ғ – объективтің фокустық ара-қашықтығы.

Бұдан мынадай өрнек шығады:

бұрышы өте азғантай болғандықтан

(радианмен), немесе ал масштабы . Өлшену бірліктері: (0/мм), (1 /мм), (1 /мм).

Телескопты объектіге бағыттау өте күрделі техникалық мәселенің бірі. Қазіргі обсерваториялар диаметрі оншақты сантиметрден 10-метрге дейінгі телескоптармен жабдықталған. Осындай телескоптарды ұстаушы механикалық конструкция монтировка деп атайды. Монтировкаларды түрлі-түрлісі бар, бірақ негізінен олар айналу остерінің бағыттарына байланысты азимуталдық және экваторлыққа бөлінеді. Азимуталдық монтировка көмегімен телескопты бағыттағанда горизонт жазықтығында жататын және тік сызықпен бағыттас екі остен айналдыра орналастырады. Ал экваторлық монтировканы остерінің біреуі дүние өсімен сәйкес, екіншісі-экватор жазықтығында орналасады.

Сұрақтар:

Телескоптар.

Олардың қолдану көрсеткіштері: ұлғайту, ажырату қабілеті, жарықтылығы.

Рефрактор, рефлектор. Олардың кемшіліктері, артық-шылықтары.

Айналы-линзалы телескоп. Мектеп телескопы. Телескоптағы сәулелердің өту жолы.

 








Дата добавления: 2017-02-20; просмотров: 3981;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.007 сек.