Тпелі процестердің пайда болуы
Қалыптасқан процесс басталудың алдында периодикалы емес түрде токтар және кернеулер өзгеретін өтпелі процесс бұрын өтеді.
Жұмыстың бір ережесінен екінші ережеге өтуі тізбектің параметрлері өзгергені немесе тізбектің сүлбесінің өзгергені себеп болады. Бұл өзгерулер коммутация деп аталады.
Тізбектің коммутациясы, яғни тізбекті қосу, ажырату немесе ауыстырып қосу лезді емес, оларға уақыт керек. Сонымен, тізбек қалыптасқан ережеге кейбір уақыт ішінде өтеді. Бұған себеп болатын жағдай – тізбектің әрбір күйіне электр және магнит өрістердің энергияларының белгілі қоры сәйкес.Жаңа ережеге өту осы өрістердің энергияларының өсумен немесе кемумен байланысты. L индуктивтіктің магнит өрісінде энергия қоры және С сыйымдылықтың электр өрісінде энергия қоры лезде өзгеруге мүмкіншіліктері жоқ: энергия үздіксіз, кенет өзгерусіз өзгеруі мүмкін, себебі қуат энергияның туындысы ретінде шексіз мәндерге жетеді.
Теория бойынша өтпелі процесс аяқталып қалыптасқан процесс басталу үшін шексіз үлкен уақыт керек. Іс жүзінде өтпелі процесс аз уақытпен белгіленеді. Бұл уақыт ішінде токпен кернеу қалыптасқан мәндерге жақындап қалады.
Неғұрым кедергілерде энергия шашуы қорқынды өтсе, соғұрым өтпелі процесс жылдам өтеді. Егер де электр тізбек тек кедергілерден құралса, онда өтпелі процесс лезді өтетін еді.
Арнайы сүлбелерді қолданып және тізбектің параметрлерін таңдап өтпелі процесті тездетуге немесе бәсеңдетуге болады.
Сызықты электр тізбектердегі өтпелі процестерді есептеудің бірнеше әдістері бар.Бұл тарауда өтпелі процестерді бейнелейтін дифференциалды теңдеулерді шешетін классикалық әдіске арналған.
Дата добавления: 2017-01-29; просмотров: 1331;