Лекция Өндірістік болат құбырөткізгіштерді монтаждау.
Мұнайгаз кәсіпшілігінде негізгі жер үстіндегі құрылымдарға мұнай газ және басқа сұйықтарды тасымалдайтын болат құбырлар жатады. Құбырларды жүргізу ең жұмысы көп құрылыс болып саналады.
Құбырларды апатсыз және тоқтаусыз жүргізу монтаждау жұмыстарының сапасын анықтайды.
Құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес құбырлар жүйесі жұмыс орнында жинақталған блоктармен, бөліктермен монтаждалады.
Монтаждау жұмыстарына дейін төмендегідей дайындық жұмыстары жүргізіледі: құбырлардық жинақталған блоктары мен бөлшектерінің, арматурасының, тіреулері мен аспаларының жобадағы көрсетілген талаптарға, техникалық жағдайларға сәйкестігі, жинақтылығы;
құбырлар жүйесі орналасатын құрылыс объектілерінің жағдайын;
жалғанатын штуцерлердің түрлерін, өлшемдерін және орналасатын орындарының жобадағы сызбаға сәйкес келуін;
құбырлар жүйесінің бөліктермен, бөлшектермен, арматурамен және қосымша материалмен жабдықталуын;
құбырлар жүйесін күрдері жинақтау үшін қолданылатын алаңдардың, монтаждау механизмдерінің, саймандар мен құралдардың дайындалуын;
Құбырлар жүйесін монтаждау келесідей ретпен жүргізіледі:
құбырлар жүйесі жүргізілетін жолды бөлімдерге бөлу;
тіреулер мен аспалардың құрылымын орналастыру;
монтаждалатын орынға блоктар мен жеке бөлшектерді жеткізіп, көтеріп жобаланған орындарына орналастыру, бекітілуін тексеру;
жалғанатын жіктерді пісіруге дайындау, фланецті жалғамаларды жинастыру;
болаттың маркасына байланысты пісірілген жіктерді белгіленген режимде жылулық өңдеуден өткізу;
блоктың құрамына кірмей қалған арматура мен бөлшектерді орналастыру;
құбырлардың қозғалмайтын тіреулерде бекітілу сенімділігін, құрылыс нысандарына өткізілген жерлерінің бекуін және тіректер мен тіреуге арналған құрылымдарға бекітілу сапасын тексеру;
компенсаторлар, дренаж құрылымдары және бақылау мен автоматика құралдарын монтаждау;
құбырлар жүйесін гидравликалық, пневматикалық сынақтан өткізу;
металдың ұзаруын өлшеу үшін, 4500С ыстықта жұмыс жасайтын құбырлар жүйесіндегі бақылау бөліктерін (жобаға сәйкес) анықтау;
керекті түзетулер жасау үшін құбырлар жүйесінің остерінің орынын анықтау;
құбырлар жүйесінің жылу сақтайтын қаптамасын қаптау;
құбырлар жүйесін жуу және үрлеу.
Құбыр жүйесінің трассасын бөлу, құбырлардың тіректерін, аспаларын, құрылымды тіректерін орнату монтаждау сызбаларына сәйкес орындалады.
Дайындық жұмыстарының қатарына жататындар: жолдағы орман ағаштарынан, үлкен қойтастардан, бұталардан, ағаштың діңдерінен тазалау, көлденең немесе ұзына бойына келетін тік асуларды күреп тегістеу, ыңғайлы жер бедерін дайындау, уақытша немесе тұрақты жол, астынан су ағып өте алатын құрылыстар салу.
Құрылыс алаңдарынан орманның жас ағаштарын (диаметрі 15см дейін) және бұталарды бульдозерлердің, бұтаотағыш машиналардың көмегімен тазалайды.
Үлкен жартастарды, қойтастарды мүмкін болса бульдозердің көмегімен, болмаса жрылыстың көмегімен аластайды.
Топырақты күреу немесе тегістеу үшін топырақ салу бульдозердің көмегімен жасалады.
Құбырлар жүйесін монтаждау кезінде жермен байланысты жұмыстарды құрылыс талаптары мен нормаларына сәйкес орындайды.
Траншеялардың өлшемдері құбырлар желісінің түрлеріне, арналуына, диаметріне, жергілікті жердің тоң қату тереңдігіне (мұнай өнімдері үшін) байланысты болады. Траншеяның ені құбырлардың диаметріне байланысты болады және 1,5D-ға тең. Іші су толы траншеяның ені құбырды суға батыру үшін қолданылған жүктің енінен бір метр үлкен болады, бұрылыстарда жобадағы көрсетілген өлшемдер сақталуы керек.
Құбырлардың траншеяға орналасу тереңдігі құбыр үстінен есептегенде 0,8 м-ден кем болмауы керек, ал тасты жерлерде өтетін траншеяда 0,5 м-ге дейін азайтылуы мүмкін.
Жер қыртысының тау жыныстарына, тереңдігіне байланысты траншеяның көлденең қимасының түрі әрқалай болуы мүмкін.
Траншея қазуға байланысты жұмыстардың түгелге жуығы жұмысы өте өнімді роторлы экскаватормен жүргізіледі. Оның негізгі техникалық берілгендері төмендегі 5-ші кестеде келтірілген.
5- кесте
Роторлы экскаватордың техникалық көрсеткіштері
Көрсеткіштер | Экскаватор | |||||
ЭР-4 | ЭР-5 | ЭР-5А | ЭР-7А | ЭР-10 | ЭТР-253 | |
Траншея тереңдігі, м | 1,8 | 2,2 | 2,0 | 1,8 | 1,5-2,5 | 2,5 |
Траншея ені, м | 1,1 | 1,2 | 1,45 | 1,2 | 0,9-1,5 | 2,1 |
Жұмыстық сиымдылығы, м/сағ. | 60-200 | 59-195 | 59-195 | 30-306 | 52-476 | |
Қозғалтқышы | КДМ-46 | 1Д-6 | 1Д-6 | КДМ-100 | 6КДМ-50 | ДЭТ-250 |
Қозғалтқыш қуаты, а. к. | ||||||
Топраққа орташа өздік қысымы,кгс/см2 | 0,8 | 0,8 | 0,8 | 0,5 | 0,7 | - |
Массасы, т | 18,6 | 25,0 | 25,0 | 21,0 | 32,0 | - |
Шұғыл бұрылыстарда (бұрылу радиусы 50 м-ден аз) орманды жерлерде, батпақты немесе борпылдақ топырақты жерлерде, ойлы қырлы жерлерде траншея қазу жұмыстары техникалық көрсеткіштері төменгі кестеде келтірілген, бірковышты экскаваторлармен жүргізіледі.
Бірковышты экскаваторлардың көрсеткіштері
Көрсеткіштер | Экскаватор | |||
Э-352 | Э-652 | Э653 | ТЭ-2 | |
Қозғалтқыш | Д-35 | КДМ-100 | КДМ-100 | Д-54 |
Қозғалтқыш қуаты, а.к. | ||||
Ковш сиымдылығы, м3 | 0,3 | 0,6 | 0,6 | 0,4-0,5 |
Шапшаңдығы, км/сағ. | 0,7-1,7 | 1,6-3,0 | 1,6-3,0 | 1,3 |
Топыраққа түсіретін қысымы, кгс/см2 | 0,2 | 0,6-0,7 | 0,2 | 0,18 |
Массасы, т | 12,5 | 19,9 | 22,0 | 24,0 |
Көлденең кесіндісі тасты тау жыныстарынан құралған траншеяларды бұрғы-жарылыс әдісімен қазады. Тасты жыныстың беткі қабатындағы жұмсақ топырақты бульдозермен, роторлы экскаватормен тазалап тастайды.
Жарылыс жұмыстарына арналған 2м дейінгі шпурларды ПР-30Л, ПР-30К, ПР-2УЛ, ПР-2УЛБ маркалы пневматикалық перфораторлармен бұрғылайды. Егер шпурдың тереңдігі 2м көп болса бұрғы жарылыс жұмыстарын қайталап істейді. Сығылған ауа перфораторларға ЗИФ-ВСК-55, КС-9, ДК-9 және басқа жылжымалы компрессорлармен беріледі. Шпурлар өзі жылжитын тракторға монтаждалған бұрғылау қондырғыларының көмегімен бұрғыланады. Бұл бұрғылау қондырғылары бір нүктеден тереңдігі 2,5м дейінгі тік және көлбеу бірнеше шпур бұрғылай алады.
Тоң қабаты 0,5м жер қабатын бірковшты экскаватормен қазылады, ал 0,6м ден терең тоң қабаттары кездесетін жерлерді арнаулы қопсытқыш механизмдер немесе жарылыс әдісі қолданылады.
Тоң қабаты 1м ге дейінгі қалыңдықты тракторға, экскаватор мен трубоукладчиктің стреласына жабдықталған С-254 дизель-балғамен, 1,3м дейінгі тоң қабатын С-222 дизель-балғасымен қопсытады. Қопсытылған тау жыныстарын бірковшты экскаватордың көмегімен тазалап траншея қазылады.
Қазіргі заманда мұнайгаз өнімдерін тасымалдау үшін негізінен болат құбырлар қолданылады. Алюмин қоспасы құймасынан дайындалған құбырлар да қолданылуы мүмкін. Метал емес (пластмасса, асбоцемент, темірбетон) құбырларды қолдану мүмкіншіліктері де қарастырылуда.
Құбырлар жүйесін құрылымдауда балқытып немесе қысым арқылы жалғасатын шеттерін біріктіру әдістері қолданылады.
Балқытып пісіру үшін жалғануға тиіс құбырлардың түйіскен шеттері қол дугалық пісіру әдісінің көмегімен балқытылып, қоспа материалмен үшеуі қатты біртекті күйге көшеді. Бұл кезде механикалық жүктеме қолданып құбырлардың түйіскен жерлерін бір біріне сығымдаудың қажеті жоқ. Құбырлар жүйесін құрылымдауда электрдугалық қолдай, автоматты флюспен, жартылай автоматты газды қоршау ортада жүргізілетін пісіру қолданылады.
Қысыммен пісіру түйісетін құбырлар шетін балқу жағдайына дейін қыздырып, бір біріне итеріп сығымдау арқылы кіріктіріп жалғануына мүмкіншілік жасалады.
Пісіріп жалғау алдында құбырлардың шеттері ластан, мұздан тазаланады, түзетіледі. Майысқан шеттерін түзету үшін арнаулы домкраттар қолданылады, егер күшті ішкі центрлегіштер болған жағдайда центрлеу мен түзету қатар жүргізіледі.
Электрдугалық пісіру алдында құбыр шеттерінің ішкі және сыртқы беттерін құбыр шетінен 10мм дейінгі аралықты жалтырағанша ұқыптап тазалайды. Ол үшін қайрақ дөңгелектері бар шлифмашиналар, болат щеткалы электр немесе пневможетектері бар машиналар қолданылады. Қыс кезінде электрдугалық пісіру алдында болат құбырлардың шеттері инжекциялық қыздырғыштармен, форсункалармен кептіріледі.
Құбырлардың пісірілетін шеттері электрдугалық әдіспен пісіру кезінде іштен және сырттан қойылатын центраторлардың көмегімен жиналады, пресстелетін пісіру әдісін қолданған кезде арнаулы пісіру головкасымен жалғанады.
Мұнайгаз құбырлар жүйесін пісіру-монтаждау жұмыстары үш түрлі әдіспен жүргізіледі: 1) үздіксіз ұзарту; 2) ағымды бөлшекті; 3) базалық.
Соңғы жылдары құбырлар тізбегін жинау үшін 12 немесе 24м секцияларды салынып жатқан трасса бойында, траншеяның жағасында жинайтын жылжымалы пісіру базасын қолданады. Ол екі стендтен (жіктестіретін, айналдыратын) және жылжымалы пісіру аппаратынан тұрады.
Жіктестіретін және айналдыратын стенд бір біріне пісіріліп жалғанған шанаға бекітілген рамадан тұрады. Құбырлар жіктестіретін стендте координат осінің үш бағытында қозғала алады.
Өс бойынша көлденең бағытта құбырды жылжымайтын рамада қозғалатын дөңгелектері бар арбамен жылжытады, оған перпендикуляр бағытта арбаның үстінде орналасқан, айнлатын раманың көмегімен, тік остің бағытымен көтеру механизмінің күшімен құбырға айналып тұруға мүмкіншілік беретін екі ролик арқылы.
Жіктестіретін және айналдыратын стендтар бір бірімен ұзындығы айнымалы жалғастыру бөлшегі арқылы жалғанады.
Өзі жүретін жылжымалы пісіру агрегаты Т-100 тракторында монтаждалған. Ол арнаулы бұрылмалы белдікке орналасқан генератордан және ПТ-56 пісіру головкасынан тұрады.
Құбырларды секцияға пісіріп жалғау төмендегідей ретпен жүргізіледі.
Трассада тізіліп тасталған құбырлар трубаукладчиктің көмегімен жіктестіретін және айналдыратын стендқа беріледі. Жіктестіріліп центрленгеннен кейін екі құбырды әр жерінен пісіру арқылы бір біріне қатырылады. Сыртқы центраторды алған кезде екі пісіруші электрдугалық пісіру әдісімен бірінші қабатын пісіріп үлгереді. Дайын болған бірінші қабаттың үстінен ПТ-56 пісіру головкасының көмегімен автоматты түрде қалған қабаттарын пісіреді. Осылай дайын болған 24м құбырды басқа стеллажға орын ауыстырады да келесі құбырмен пісіріп жалғай береді.
Жер астына орналастырған кәсіпшілік құбырлар жүйесін топырақтың коррозиялық қабылетіне байланысты битумды, битумды-резиналы, және полимерлік қорғау материалдарымен қаптайды.
Кәсіпшілік құбырлар жүйесін апатсыз пайдалану және қолдану мерзімін ұзарту, антикоррозиялық материалдың сапасына байланысты. Сондықтан коррозиядан қорғайтын материалдар төмендегідей сапаға сәйкес болу керек:
1) қаптамадан су өтпеуі керек;
2) құбыр бетімен қаптама арасындағы жабысу күші мықты болу керек;
3) қаптама электр тогын өткізбеуі керек;
4) қаптаманың құрамында құбырдың бетін жейтін қоспа болмауы керек;
5) қаптама құбырды көму жұмыстары кезінде, құбырлардың температуралық ұзару қысқару кезінде әсер ететін механикалық жүктемелерге бұзылмай қарсы тұра білуі керек;
6) қаптама арзан болу керек.
Әдебиет: Нег. 1, қос. 9, 10.
Бақылау сұрақтары:
Құбырларды монтаждаудың алдындағы дайындық жұмыстары.
Құбырларды монтаждау реті
Жер қазу жұмыстары
Траншея қазатын жабдықтар
Пісіру жұмыстары
Коррозиядан қорғаушы қаптамаларға қойылатын талаптар.
Дата добавления: 2016-05-11; просмотров: 2476;