Жылдамдықтарды келістіру командаларының бергіші және қабылдағышы
Ақпараттық құндылық жағынан жылдамдықтарды келістіру командалары циклдық синхросигналға сәйкес келеді. Расында да, кез келген компонентті ағында жылдамдықтарды келістіру командаларының бұрмалануы осы ағынға сәйкес келетін аппаратурада циклдық синхрондаудың істен шығуына әкеледі. Бұл келістіру командасының символын анықтаудағы қате компонентті ағынның қабылдау бөлімінің аппаратурасына берілетін, цифрлық ағындағы беру циклының бір тактыға өзгеруіне әкеледі. Осыған сәйкес агрегатты ағындағы жылдамдықтарды келістіру командаларының қатеге қарсы тұрақтылығы компонентті цифрлық ағындағы циклдық синхросигналдың қатеге қарсы тұрақтылығымен бірдей болу керек. Бірақ синхросигналдар мен жылдамдықтарды келістіру командаларының арасында елеулі айырмашылық бар: біріншілері беру циклын құратын, беруші құрылғының ұзақтық жағдайы туралы ақпарат тасымалдаса, екіншілері – осы жағдайдың бір ретті өзгеруі туралы ақпарат тасымалдайды. Сондықтан синхросигналдың қатеге қарсы тұрақтылығы жинау әдісімен қамтамасыз етілсе, жылдамдықтарды келістіру командаларының қатеге қарсы тұрақтылығы қателерді түзейтін кодалар көмегімен қамтамасыз етіледі.
Жылдамдықтардың екі жақты келістіруінде негізделген, уақыттық топ құру жабдығында беру трактысының асинхронды ұластыру блогының мүмкін болатын үш жағдайы туралы ақпарат беру қажет: жылдамдықтарды келістірудің болмауы, жылдамдықтарды оң келістірудің болуы және жылдамдықтарды теріс келістірудің болуы. Бұндай берілетін ақпараттың көлемінде бір реттік қателерден қорғанысты бес разрядты кодалық топтар қамтамасыз ете алады. ал екі реттік қателерден – жеті разрядты кодалық топтар және т.с.с..
Жылдамдықтарды екі жақты келістірудің екі командалы сигналдарын бергенде, жылдамдықтарды келістіру командаларындағы символ саны бұл командалардың түзету қабілеттілігін төмендетпей азайтылуы мүмкін. Бұл кезде жылдамдықтардың келістірілуі болмаған жағдай жылдамдықтардың оң немесе теріс келістірілудің болуы тьуралы командалардың алмасуымен беріледі, ал жылдамдықтардың оң келісуінің болуы немесе жылдамдықтардың теріс келісуінің болуы - сәйкес екіленген командалармен беріледі. 8.6,а және б суреттерінде көрсетілгендей, жазу және есептеу арасындағы уақыттық интервал еспетеу периодына жетпейінше, жылдамдықтарды келістіру командасының бергішінің шығысында алмасатын (пассивті) командалар құрылады: +, -, +, - және т.с.с.. Уақыттық интервал есептеу периодына жеткенде, екі ұқсас командалар (активті) командалар құрылады ++ немесе — (уақттық интервалдың белгісінің өзгеруіне байланысты). Бұл әдіс жылдамдықтарды келістіру командаларының түзетуші қабылеттілігін өсіріп қана қоймай, бұны командалардың ұзақтығын өсірмей іске асыруға мүмкіндік береді. Расында да, кез келген алмасатын командалардың біреуі бұрмаланса, бір белгінің үш командасынан тұратын кезектілік құрылады: теріс команда бұрмаланғанда (сурет 8.6,е) үш оң командадан тұратын кезектілік құрылады, ал оң команда бұрмаланғанда (сурет 8.6, г) – үш теріс командалардан тұратын кезектілік құрылады. Бұрмаланбаған келістіру командаларының болуы туралы құрылған сигналдарда бір белгілі командалар болмайды. Жылдамдықтарды келістірудің болуы туралы сигналдарды анализдегенде, осы айрықша қасиет бойынша кез келген командалардың алмасуының бұрмалануын анықтауға және түзетуге болады. Екіленген командалардың біреуінің бұрмалануында қарам қарсы белгілі екіленген команда құрылады (сурет 8.6,д,е), ол жалпы жағдайда жалған болып есептелмейді.
8.6 – сурет. Жылдамдықтарды келістіру командаларының
коррекция принципін түсіндіретін, диаграммалар
Сондықтан жылдамдықтарды келістіру командаларының бергішінде жазу және есептеу сигналдарының арасындағы уақыттық интервалдың өзгеру белгісін тіркеп, асинхронды ұластыру блогының қабылдау бөліміне жылдамдықтарды келістіруінің болуы туралы активті командаларды құру жиілігінен едәуір жоғары жиілікпен осы белгі туралы ақпарат беру қажет. Активті командаларды құру жиілігі аз болғандықтан, уақыттық интервалдың белгісініің өзгеруі туралы ақпаратты беруге арналған арнаның өткізу мүмкіндігінің де аз болуы талап етіледі.
Осы кезде әр екіленген команданың құрамында жылдамдықтардың келісуі туралы ғана ақпарат болады, ал жылдамдықтардың келісу белгісі туралы шешім тек қана көп қайтара берілетін жазу және есептеу сигналдарының уақыттық интервалдарының өзгеру белгісі туралы ақпарат негізінде қабылданады. Бұл жағдайда жылдамдықтардың келісу командасының жалған қабылдануы екі немесе одан да көп командалардың бірінен кейін бірі қатарынан бұрмаланғанда ғана іске асады. Бұндай екі бұрмаланулар арасындағы орташа уақыт келесі пайымдаулардан алынуы мүмкін.
Жылдамдықтарды келістіру командаларының қабылдағышының құрылымдық сұлбасы 8.7 суретте көрсетілген.
Жылдамдықтарды келістіру командалары анықтағыш кірісіне түседі, мұнда үш символды кодалық топтардың + немесе – командалардың кезектілігіне түрленуі жүреді. Ары қарай анықтағышта осы кодалық топтардың бірлі қателері түзетіледі, яғни 111, 110, 101, 011 түрдегі кодалық топтар + командасына, ал 000, 001, 010, 100 кодалық топтар – командасына түрлендіріледі. Анықтағыш шығысынан бұл командалар дешифратор кірісіне түседі, мұнда олар жылдамдықтарды келістіру командасының бары туралы немесе болмауы туралы сигналдарға түрлендіріледі.
8.7 – сурет. Жылдамдықтарды келістіру командаларының қабылдағышы
Алмасатын + - + немесе - + - командалардың кезектілігі, және бірдей белгілердің құрылған командаларының кезектілітері + + + немесе - - - жылдамдықтардың келсітірілуі жоқ туралы сигналдарға түрлендіріледі, оған қоса құрылған командалар алмасатын командаларға түрлендіріледі (сәйкесінше + - + немесе - + -). + + - немесе - - + командаларының кезектілігі жылдамдықтардың келісуі туралы командалардың барлығы туралы сигналға түрлендіріледі. Осылайша, декодалау барысында жылдамдықтардың келісіу командалардың бірлі қателері түзетіледі. Осы кезде үш командалардың кезектілігі анализделетіндіктен келістіру тек қана беру трактысының (яғни, және қабылдау трактысында да) асинхронды блогында тек қана үш циклдан кейін, тіркелгеннен кейін ғана жүреді, өйткені жазу және есептеу сигналдарының арасындағы уақыттық интервал жылдамдықтарды келістіру командаларының енгізуіне қажетті шамасына жетуі қажет.
Жылдамдықтардың келісуі туралы ақпарат жылдамдықтардың оң келісуінде бірлердің кезектілігімен, ал теріс келісуде нольдердің кезектілігімен беріледі. Бұл белгілер символдарының дешифраторы жинағыш принципі бойынша құрылған. Жылдамдықтардың келісу командаларының барлығы туралы сигнал бойынша ЖӘНЕ1, ЖӘНЕ2 логикалық сұлбалардың шығысында сәйкесінше қабылдау трактысының асинхронды ұластыру блогының СҚ команданы жазуға тиым салатын сигналдар құрылады.
Дата добавления: 2016-11-28; просмотров: 840;