Цифрлық ағындарды синфазды-синхронды біріктіру және бөлу

Тактылы интервалы және агрегатты ағынның тактылы интервалы тең төрт компонентті цифрлық ағындарды (КИ1 КИ2, КИ3 және КИ4) синфазды-синхронды біріктіру алгоритмы 7.1 суретте көрсетліген.

Суретте көрсетілгендей, импульс ұзақтықтары тактылы интервалдардың жартысына сәйкес.

КИ1-КИ4 компонентті ағындардың импульстары, барлық құрылғыларға бірдей жазу импульстарымен ЖИ анықталатын мезеттерде, сәйкес есте сақтау құрылғыларына СҚ1-СҚ4 жазылады. Жазылған ақпарат бәріне бірдей жалпы жүктемеге есептеледі, дәл сол жүктемеде біріктірілген ағын БА құрылады. Есептеу сәйкес есептеу импульстары ЕИ1-ЕИ4 түсу мезеттерінде жүреді. Ақпарат есептелгеннен кейін СҚ босайды (нольденеді). Осылайша, бір ұяшық (бір бит) жеткілікті көлемді құрайды. Яғни, егер ағындарды біріктірудің символ бойынша емес, басқа біріктіруін қолданса, мысалы, байт бойынша, СҚ жадысы сәйкесінше ұлғаюы керек. Ағындарды бөлу процессі – кері және ерекше түсіндірулерді қажет етпейді.

 

Сурет 7.1 – Цифрлық ағындарды синфазды – синхронды біріктірудегі уақыттық диаграммасы

 

7.2 суретте цифрлық ағындарды синфазды – синхронды біріктіру және бөлу құрылғысының құрылымдық сұлбасы 7.1 сурет алгоритміне сәйкес жұмыс істейді.

 

Сурет 7.2 - Цифрлық ағындарды синфазды – синхронды біріктіру және бөлу құрылғысының құрылымдық сұлбасы

Бір ескеретін жағдай, әр түрлі бөлу құрылғыларының СҚнан ақпарат есептеуде импульс ұзақтықтары әр түрлі болады. Бөлінген ағындардың импульстерінің номиналды ұзақтықтарын импульс құраушы құрылғы (ИҚ) қамтамасыз етеді. ИҚ құрған импулстардың басталуы импульстардың өздерінің негізгі кірістеріне түскен мезеттеріне сәйкес келеді, ал аяқталуы – қосымша (нольдейтін) кірістерге берілетін, ұзақтыққа сәйкес келеді. Генераторлық құрылғы (ГЖ) тактылы жиілікті бөлушіден (ТЖБ) алынатын, импульстармен басқарылады.

 








Дата добавления: 2016-11-28; просмотров: 1033;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.004 сек.