Цифрлық ағындарды синхронды біріктіру
Синхронды цифрлық ағындарды біріктіру асинхронды цифрлық ағындарды біріктірудің бір жағдайы болып табылады, ол әдісте есептеу жиілігі жазу жиілігіне селеі болады. Оған қоса уақыттық жылжулардың импульстік позицияларын түгелдей қызметтік сигналдарды, дискретті ақпарат сигналдарын, бақылау және сигналдау сигналдарын және т.б. беру үшін қолдануға болады.
Сурет 7.3 – Синхронды цифрлық ағындарды бірктірудін УТЖ беру трактысының құрылымдық сұлбасы
Синхронды цифрлық ағындарды біріктірудің беур трактысының (сурет 7.3) құрамына q беруші және q қабылдаушы синхронды ұластыру блоктарынан (СҰБбер1 – СҰБберq) және (СҰБқаб1 – СҰБқабq) тұрады. Әр СҰБбер компонентті ағынның ЖҚ жазылуы және сәйкес ГЖ сигналдарының есептелуі жүреді. Жазу процессі қабылдаудағы кода түрлендіргіші (КТқаб) өндіретін, импульсты кезектілікпен басқарылады.
Жазу және есептеу сигналдарының өзара орналасуы уақыттық детектормен УД бақыланады. Есептеу сигналының жазу сигналына қатысты бастапқы орнығуы, есептеу импульстары жазу импульстарына бірдей болмайтындай етіп жүргізіледі. СҰБбер шығысындағы кезектіліктің есептелген импульстары, және синхросигнал берушісінің шығысындағы синхросигнал топтық сигналды құрушы (ТСҚ) сұлбасы және берудегі кода түрлендіргіші (КТбер) арқылы желілі трактқа енгізіледі.
Қабылдау трактысында (сурет 7.4) топтық сигнал таратқышымен (ТСТ) символдардың сәйкес ұластыру блоктары СҰБқаб арасында бөлінуі іске асады. Компонентті ағынның бастапқы жылдамдығы символдарды ЖҚ жазу және кейін оларды УТЖ шығысындағы ағынның жиілігіне тең жиілікпен есептеу арқылы қалпына келтіріледі. Осы кезде беруші құрылғыда құрылған, уақыттық жылжулардың бір қалыпты таралуы іске асады.
Сурет 7.4 – Синхронды цифрлық ағындарды бірктірудін УТЖ қабылдау трактысының құрылымдық сұлбасы
Цифрлық ағындарды синхронды біріктіру жүйелерінің айрықша беліглері келесіде негізделген. Өзара әрекет ететін жүйелердің синхронды жұмыс режимінде синхрондау тізбегі енгізілуі қажет, ол осы жүйелердің генераторларын байланыстырады. Яғни, берілген жағдайда қабылдау жабдықтарында ЖФАР құрылғысын қолдануда қажеттілік тумайтыны белігілі. Есептеу кезектілігінің жазу сигналдарына қатысты бастапқы уақыттық орнығуы тек аппаратура қосылғанда немесе ГЖ жұмысында ақаулықтар туындағанда жүреді. Сондықтан, есептеу кезектілігінің уақыттық орналасуы тек бір жаққа ғана өзгеруі мүмкін, ал мүмкін болатын орнығу процессінің ұзаруын есептемесе болады.
Синхронды біріктіру жабдығының жұмыс істеу процессінде есептеу кезектілігінің уақыттық орналасуы түзетілмейтіндіктен, ЖҚ қосымша жады ұяшықтары енгізілуі қажет, олар кіріс цифрлық ағынның болуы мүмкін флуктуациясын максималды толықтыруға арналған.
Дата добавления: 2016-11-28; просмотров: 1326;